Абайдельдинов Ербол Мусинұлы (1959) – заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері, Қазақстан Республикасының «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» грантының лауреаты.
1959 жылы 2 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы Каменевка ауылында дүниеге келген. 1976 жылы Усть-Таловка кентінде И. М. Астафьев атындағы орта мектепті бітіреді. 1972 жылы үздік оқығаны үшін «Артек» халықаралық балалар лагеріне жолдамамен марапатталады.
Еңбек жолын 1976 жылы Усть-Таловкадағы мырышталған ыдыс-аяқ зауытында жұмысшы болып бастаған. 1977-1979 жылдары Кеңес Армиясында қызмет атқарады.
1980 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетіне оқуға түседі (Алматы қ.). Оны «Филология» және «Құқықтану» мамандықтары бойынша дипломдар алып, үздік аяқтайды. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аспирантурасы мен докторантурасын аяқтайды.
1985 жылдан бастап ғылыми және оқытушылық қызметпен айналысады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Заң факультетінің доценті, ғылыми жұмыс жөніндегі декан орынбасары болып жұмыс істейді, «Дәнекер» халықаралық құқық және Халықаралық бизнес институтының ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры (Алматы қ.).
2004 жылдан бастап Астанаға мемлекеттік қызметке ауысады. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінде ҚР Парламентіндегі ҚР Президенті Өкілдігінің бас сарапшысы, ҚР Парламенті Сенатының аппаратында ақпараттық-талдау бөлімінің меңгерушісі, ҚР Парламенті Сенаты Төрағасының кеңесшісі, ҚР Жоғарғы Соты Жанындағы Сот әкімшілігі комитетінде талдау басқармасының бастығы, Соттардың қызметін ұйымдастыру департаменті директорының орынбасары, ҚР Парламенті Мәжілісі аппаратында ақпараттық-талдау бөлімі меңгерушісінің орынбасары болды.
2006 жылғы қаңтарда Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ диссертациялық кеңесінде «Қазақстан Республикасының халықаралық және Ұлттық құқығына қатысты басымдықтың теориялық-құқықтық аспектілері" тақырыбында докторлық диссертация қорғады. Ғылыми кеңесші - ҚР Ұлттық Ғылым академиясының академигі, заң ғылымдарының докторы, профессор.
2008 жылы 23 мамырда Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің конституциялық және халықаралық құқық кафедрасының меңгерушісі болып тағайындалды (Астана қ.). 2008 жылдың шілдесінен 2014 жылға дейін Халықаралық құқық кафедрасын басқарады. Осы кезеңде бакалавриат, магистратура және докторантураның кафедралық бағдарламалары ACQUIN институтының (ГФР) халықаралық аккредитациясынан өтті, бұл Еуропалық Одақ елдерінде ЕҰУ дипломдарының танылуын қамтамасыз етті. 2009 жылы «Халықаралық құқық» мамандығы ТМД желілік университетінің қос диплом бағдарламасына енгізілді, бұл түлектерге РУДН, МГЮА, МГИМО және ТМД-ның басқа да жетекші жоғары оқу орындарымен бірлескен дәрежелер алуға мүмкіндік берді.
2012-2013 жылдары Кембридж университетінде (Ұлыбритания) «Болашақ» бағдарламасы бойынша ғылыми тағылымдамадан өтеді.
2022 жылы РУДН (Мәскеу қ.) бірлесіп құрылған Eurasian Journal of International Law (Еуразия халық құқықтары журналы, Еуразиялық халықаралық құқық журналы) Халықаралық ғылыми журналын құрды және басқарды. Журналдың редакциялық алқасында БҰҰ-ның үш мүшесін қоса алғанда, ТМД-ның жетекші ғалымдары бар. Журнал Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ базасында шығарылады. Ғылыми басылымдардың редакциялық кеңестерінің мүшесі: Қазақстан Республикасы Заңнама институтының Хабаршысы (Астана), Еуразиялық интеграция: экономика, құқық, саясат (Санкт-Петербург), халықаралық құқық бойынша Экономика жоғары мектебінің журналы (Мәскеу) және басқалар. 2009 жылғы 30 қаңтарда Құқықтану профессоры ғылыми атағы берілді. 2010 жылы Қазақстан Республикасының «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» грантының лауреаты атанды. Ербол Мусинұлы Абайдельдиновтың докторанттары Қазақстанда, Францияда және АҚШ-та диссертациялар қорғады. «Халықаралық құқық» және «Еуропалық құқық» мамандықтары бойынша МЖМБС әзірлеу жөніндегі жұмыс топтарының мүшесі. ҚР Конституциялық Кеңесінің, ҚР Жоғарғы Сотының, Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-консультативтік кеңестерінің сарапшысы және мүшесі ретінде сөз сөйледі. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер Министрлігі жанындағы Халықаралық-құқықтық кеңестің мүшесі болып табылады. 2013-2014 жылдары Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт жобасы бойынша сарапшы болды. Жоғары кәсібилігі үшін ЕАЭО елдерінің басқа да көрнекті ғалымдары мен саясаткерлерімен қатар Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің (Қазақстан, Ресей және Беларусь Президенттері) шешімімен 2015 жылғы 8 мамырда «Еуразиялық экономикалық одақ құруға қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталды.
Өзінің кәсіби қызметі үшін бірқатар мемлекеттік және халықаралық наградаларға ие болды: «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл» медалі (2006). Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері (2009). Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» гранты (2010). «Конституциялық заңдылықты нығайтуға қосқан үлесі үшін» медалі (2015). Еуразия ұлттық университетінің «Лев Гумилев» алтын медалі (Астана, 2019). Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік» алтын медалі (2020). Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институтының құрметті профессоры (2022). . Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ заң факультетінің халықаралық құқық кафедрасының құрметті меңгерушісі (Астана, 2024).
2019 жылы 12 маусымда Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясы Академияның шетелдік мүшесі болып сайланды.
Қазақстанда, Ресейде, Ұлыбританияда, Германияда, Францияда 100-ден астам конференцияның ұйымдастырушысы және қатысушысы. Жарияланған 230 ғылыми жұмыстың, сондай-ақ ұжымдық ғылыми басылымдарда 30-дан астам оқулықтардың, оқу-әдістемелік құралдардың, курс бағдарламаларының, монографиялардың авторы.
Е. М. Абайдельдиновтың шығармалары
Произведения Абайдельдинова Е.М.
Кітаптар - Книги
Абайдельдинов Е.М. Политико-правовая история Республики Казахстан. Ч. 1 : С древнейших времен до 1917 года.: учебник / Е. М. Абайдельдинов. - Алматы: Ин-т "Данекер", 1999. - 295 с.
Абайдельдинов, Е. М. Теоретико- правовые аспекты приоритетности в соотношении международного и национального права Республики Казахстан: автореферат диссертации на соискание ученой степени доктора юридических наук / Абайдельдинов Е.М. - Алматы: [б. и.], 2005. - 44 с.
Абайдельдинов, Е. М. Соотношение международного и национального права Республики Казахстан: (проблемы становления приоритетности) / Е. М. Абайдельдинов - Алматы: Юридическая литература, 2006. - 269 с.
Е. М. Абайдельдиновтың таңдалған ғылыми және оқу жұмыстары
Избранные научные и учебно-методические труды Абайдельдинова Е. М.
(Всего более 200 научных и учебно-методических работ)
Политико-правовая история Республики Казахстан. Часть 1. – Учебник. – Алматы: «Данекер», 1999 г. – 293 стр.
Теоретические аспекты соотношения международного права и национального права Республики Казахстан. – Учебно-методическое пособие. Москва: МГУ им. М.В. Ломоносова, 2002. – 40 стр.
Соотношение международного и национального права Республики Казахстан (проблемы становления приоритетности). – Монография. Изд. 2-е, изм. и перераб. – Алматы: Қазақ университетi, 2005. – 300 с.
Сочетание международно-правовых и внутригосударственных форм обеспечения и защиты прав и свобод человека и гражданина. – Монография. – Астана, 2007. – 368 с. (§§ 3-4, с.109-122; Глава 4, с. 305-319).
Қазақстан Республикасының ұлттық құқығы мен халықаралық құқықтың байланысы (басымдылықтың қалыптасу мәселелері). – Монография. Астана: ЕҰУ РББ, 2010. – 300 б.
Опыт судов Евразийского экономического союза и Европейского Союза в формировании права межгосударственных объединений. – Вопросы проведения экспертизы решений международных организаций и проектов международных договоров (опыт РК, РФ, РБ, КР, РА и ЕС) // Аналитический отчет по теме фундаментального и научно-прикладного исследования. – Астана: Институт законодательства Республики Казахстан. – 2014. – 96 с. (с. 62-77).
Халықаралық құқық. Оқулық: Жалпы бөлім/жауапты ред. А.Х.Абашидзе, Е.М.Абайдельдинов. –Астана: ЕҰУ, 2016. - 520 б.
Халықаралық құқық. Оқулық: Ерекше бөлім/жауапты ред. А.Х.Абашидзе, Е.М.Абайдельдинов. – Астана: ЕҰУ, 2016. - 422 б.
Гармонизация и унификация национального права государств - участников региональных объединений (Раздел в учебнике). – Международная интеграция и интеграционное право: учебник для бакалавриата, специалитета, магистратуры и аспирантуры / под общ. ред. В. А. Шамахова, В. П. Кириленко, С. Ю. Кашкина. — СПб.: ИПЦ СЗИУ - фил. РАНХиГС, 2017. - 880 с. (с.251-260).
Вопросы законодательного обеспечения полномочий прокурора по уголовному преследованию. – Научный журнал «Вестник Академии правоохранительных органов» (Академия правоохранительных органов при Генеральной прокуратуре РК). - № 2 (16) 2020. – С. 82-89. (В соавторстве с Мерзадиновым Е.С., Секишевым А.А.).
Всеобщая декларация прав человека как этический компас обеспечения прав человека в посткарантинный период. – Вестник Казахстанской ассоциации Международного права. Научно-правовойжурнал // №1 (49) 2020 январь – март. – С. 39-44.
Some aspects of implementation by states of decisions of international bodies. – Eurasian Journal of International Law (EАJIL). – 2024, №1. – Р. 26-36.
Конституционные органы государств о порядке и пределах действия международного права на территории страны // Взаимодействие договорных органов ООН по правам человека со странами ЕАЭС и ОЭСР. В 3 т. Том I: Порядок и пределы действия международного права на территории суверенной страны / под ред. Е.М. Абайдельдинова и А.Х. Абашидзе. – Издание второе, исправленное и дополненное. – Астана: Типография ЕНУ им. Л.Н. Гумилева, 2025. – С. 172-191.
Юридическая природа заключительных замечаний и замечаний общего порядка Комитетов ООН по правам человека, их влияние на международное и национальное право, порядок и пределы их исполнения в суверенной стране. – Взаимодействие договорных органов ООН по правам человека со странами ЕАЭС и ОЭСР. В 3 т. Том II. Взаимодействие договорных органов ООН со странами ЕАЭС и ОЭСР в сфере осуществления гражданских и политических прав человека / под ред. Е.М.Абайдельдинова, А.Х. Абашидзе, Р.К.Сарпекова. – Издание второе, исправленное и дополненное. – Астана: Астана: Типография ЕНУ им. Л.Н. Гумилева, 2025. – 217 с. (с. 58-78).
Некоторые вопросы исполнения Международного пакта об экономических, социальных и культурных правах в Республике Казахстан. – Взаимодействие договорных органов ООН по правам человека со странами ЕАЭС и ОЭСР. В 3 т. Том III. Взаимодействие договорных органов ООН со странами ЕАЭС и ОЭСР в сфере осуществления экономических, социальных и культурных прав человека / под ред. Е.М.Абайдельдинова, А.Х.Абашидзе. – Издание второе, исправленное и дополненное. – Астана: Типография ЕНУ им. Л.Н. Гумилева, 2025. – С. 104-133 (в соавторстве с М.Куликпаевой).
Е. М. Абайдельдиновтың мерзімді басылымдарында
Публикации Абайдельдинова Е.М. в периодических издания
Ысқақ, Ә. Қазақстан парламентаризмі: тарих және қазіргі заман / Ә. Ысқақ, Е. Абайділдинов // Заң газеті. - 2005. - 1 қараша. - Б. 1-2
***
Абайдельдинов, Е. История конституционного развития: [уникальная книга об истории конституционного строительства в республике] / Е. Абайдельдинов // Казахстанская правда. - 2019. - 17 июля. - С. 7
Абайдельдинов, Е. Рекомендательные законодательные акты межпарламентской ассамблеи СНГ и законодательство РК / Е. Абайдельдинов // Правовая реформа в Казахстане. - 2002. - № 2. - С. 59-64
Е.М. Абайдельдиновтың өмірітуралы әдебиеттер
Литература о жизни Абайдельдинова Е. М.
Никифоров И. Ученые-шемонаихинцы // Шемонаихинское время (Шемонаихинский информационно-рекламный ежемесячник). - №7-8 (65-66), 10-17 апреля 2009 г.
Панкратова Е. «Хочу жить среди счастливых людей…» // Уба-Информ, 25 февраля 2011 г., районная еженедельная информационно-рекламная газета №9 (№363).
Абайдельдинов Ербол Мусинович // Ашимбаев Д. Кто есть кто в Казахстане: Биографическая энциклопедия. Изд. 12-е, доп. Алматы, 2012 г. – С. 4.
Бегали Н. По Кембриджскому счету // Экспресс-К, № 89 (17689) от 23 мая 2013.
Салимова Ж. Юристы-международники объединяют усилия // Казахстанская правда. – 26 сентября 2013 г.
Биография Абайдельдинова Е.М. (Автор статьи С.В. Саяпин) // Енциклопедiя мiжнародного права: У 3 т. / Редколлегия: Ю.С. Шемшученко, В.Н. Денисов (спiвголови) та iн.; Iнститут держави i права iм. В.М. Корецького НАН Украiни. Т. 1. А-Д. Киiв: «Академперiодика», 2014. – 920 с. (С. 8-9).
Ударцев С.Ф. Государствоведы Казахстана // Правовая реформа в Казахстане. 2017. N21 (77). - С. 84-90.
Абайдельдинов Ербол Мусинович // Видные ученые-юристы Казахстана ХХ-начала ХХI веков. Энциклопедический справочник. В трех частях. Часть 1. А_Д/ Авторы: Ударцев С.Ф. и др. – Астана: ТОО «Дәме»; ТОО «казГЮУ Consulting», 2017. 328 с. (с. 31-35).
Интернет ресурстар
Интернет ресурсы
Абайдельдинов Ербол Мусинович [Электронный ресурс]. – Режим доступа :// https://online.zakon.kz/Document/?doc_id=32054313 (15.02.2025 г.).