Известные имена

Малдыбаев М. М.

Малдыбаев Мұстақим Матқұлұлы – Алаш қозғалысына қатысушы, ағартушы, журналистМалдыбаев Мұстақим Матқұлұлы (1880-1927) – Алаш қозғалысына қатысушы, ағартушы, журналист.

1880 жылы Үшқара тауының етегінде Сарықияқ қыстауында дүниеге келген. 1895 ж. (1896) Троицк қаласына оқуға түседі. Соңынан Уфа қ. Ғалия медресесін бітіреді. 1911-1918 жж. «Қазақ», «Сары-Арқа» және «Айқап» журналдарында мақалалар жариялап, қазақ халқының арасындағы ағартушылық, қазақ тілі, әйелдердің қоғамда алатын орны, дін, саясат тәрізді өзекті мәселелерді көтереді. М.Малдыбаев өз мақалаларын «М. М.», «Азамат Қорықбасов», «Мұстақим Ризабек», «Саулесе» сияқты лақап есімдермен жариялаған.

1911 ж. Семей қ. «Жәрдем» баспасынан  білім беру ісіндегі алғашқы жетекші құралдың бірі «Оқулық» кітабы жарық көрді. 1912 ж. Қазан қаласында  Ж. Андамасовпен бірге «Новейший казахский букварь» кітабын шығарды.

1912 ж. М.Малдыбаевтың ықпалдық етуімен Семей қаласында мектеп ашылады. 1915 ж. Семей қаласында Біржан-Сара айтысы бойынша кеш, С.Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ кешу» шығармасының ізімен әдеби-тарихи қойылым ұйымдастырады. 

1917 ж. «Алаш» партиясы қатарына кіреді. 1917 ж. сәуір-мамыр айында Семей облыстық қазақ комитеті сьезіне қатысып, «Алаш» партиясы атынан Бүкілресейлік құрылтай жиынына делегат болып сайланады. Бүкілресейлік құрылтай жиынында депутаттыққа кандидат ретінде ұсынылады. Соңынан Мұстақим Малдыбаевқа ұлттық сипаттағы мәселелер мен сұрақтар қойыла бастайды. 

Ол Алаш армиясын құруға қатысты. 1918-1919 жж. Алаштың атты әскерін жасақтауға белсенді түрде атсалысқан азамат.  

1923-1926 жж. уақытша кооперативтер ашып, артельдер құрды, халық арасында Алаш партиясының мақсаты туралы түсініктеме жұмыстар жүргізді. Мұстақим Малдыбаев қазақ халқына білім беру ісі және баспасөз қызметіне  жан аямай еңбек етті.

Кеңес үкіметі кезінде Семей педагогикалық колледжінің ұлттық білім беру бөлімінде баспасөз редакторы қызметін атқарды.  1927 жылы саяси репрессия құрбаны болды.

 

М. Малдыбаев туралы әдебиеттер

Литература о  Малдыбаеве М.

 

 

Көшкiмбаева, С. Малдыбайдың Мұстақымы туралы не бiлемiз? [Мәтін] : [педагог, публицист жайлы] / С. Көшкімбаев // Дала мен қала. - 2004. - 12 наурыз (№ 10). - Б. 16.

Жәпек, М. Жалындап өткен ғұмыр [Мәтін] : [Алаш ардагерi, мұғалiм, публицист Мұстақым Малдыбаев туралы] / М. Жәпек // Орталық Қазақстан. - 2005. - 16 желтоқсан. - Б. 5.

Алаш. Алашорда [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Арыс, 2009. - 544 б. - Малдыбаев Мұстақым: б. 235-236.

 

 

Интернет-сілтемелер

Интернет-ссылки

 

Малдыбаев Мұстақым [Электронды ресурс] : [өмірбаян] // wikiwand : сайт. – Режим доступа :http://www.wikiwand.com/kk/Малдыбаев_Мұстақым(02.02.2017)

Малдыбаев Мұстақим [Электронды ресурс] : [өмірбаян] // А л а ш қозғалысы энциклопедиялық анықтамалық : сайт. – Режим доступа : http://archive.li/g8uE5(02.02.2017)

Алаштың ардақтысы.  Мұстақым Малдыбаев туралы сөз [Электронды ресурс] : [өмірбаян] // catalog.karlib.kz : сайт. - Режим доступа :  http://catalog.karlib.kz/irbis64r_01/Kraeved/Sayasi_repressiya/alashtyn_ardaktysy.pdf(02.02.2017)

Малдыбаев Мұстақым [Электронды ресурс] : [өмірбаян] // Уикипедия - ашық энциклопедиясы : сайт. - Режим доступа : https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9C%D0%B0%D0%BB%D0%B4%D1%8B%D0%B1%D0%B0%D0%B5%D0%B2_%D0%9C%D2%B1%D1%81%D1%82%D0%B0%D2%9B%D1%8B%D0%BC(02.02.2017)