Молдабаев Анияр (Ануар) Қожабайұлы (1856-1934) – Алаш қозғалысының белсенді мүшесі.
Шыңғыс болысында дүниеге келген. Абайдың замандасы және қамқорлығында болған. Семей интернатында, кейін №5 қалалық училищеде оқыған. Абайдың талап етуімен Анияр Ресейде оқып, адвокат куәлігін алған соң елге оралады.
Кейіннен пошта бөлімінде жұмыс істеп, Ташкент қаласына, соңынан Әндіжанға іс-сапарға жіберіледі. Қайта оралған соң, Семейде Мемлекеттік банкте 1919 ж. зейнетке шыққанға дейін тілмәш болып қызмет істейді.
1917 жылы «Алаш» партиясына кіреді. 1917 ж. сәуір-мамырында А.Молдабаев Семей облыстық қазақ комитеті съезіне қатысып,оған мүше болып сайланады. Алаш облыстық комитетінің қазынашысы, Семей облысы Земствосы жиналысының мүшесі, Семей уездік қазақ соты жиналысының мүшесі және Земск банкі төрағасының орынбасары қызметін атқарады.
Семей қаласында Ә.Молдабаев көпес Москвиннің үйін сатып алады. Абай және балалары Ақылбай, Әбдірахман, Мағауия, Тұрағұл, Кәкітай Семейге келгенде осы үйге тоқтаған. 20-жылдары мұнда М. Әуэзов, Ж. Аймауытов, М. Дулатов тұрды. Ә. Молдабаев ерлі-зайыпты Нұрғали және Нәзипа Құлжановтармен жақсы таныс болған.
Ұлы қазақ ақыны Абай Құнанбаевтың Семейдегі мұражай-үйі 1944-1967 жж. Әнияр Молдабаев үйінде орналасты. ХІХ ғасырдың соңғы ширегінде салынған осы жеке үй Абай мұражайы болуға ыңғайлы еді. Оның тұңғыш директоры жас әдебиетші Қайым Мұхаметханов болды.
1997 жылы қыркүйекте М.О.Әуезовтың туғанына 100-жыл толуына орай осы Әнияр Молдабаевтың мемориалды үйінде "Алаш арыстары және Мұхтар Әуэзов" мұражай экспозициясы ашылды.
Ә. Молдабаев туралы әдебиет
Литература о Молдабаеве А.
Желтоқсан-86 [Мәтін] . 2-ші кітап : Намыс оты алаулаған. - Алматы : [Жедел басу баспаханасы], 2006. - 284 б.
Алаш. Алашорда [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Арыс, 2009. - 544 б. – Молдабаев Әнияр: б. 243.
Ғабдулина, А. Әнияр Молдабаевтың үйі [Мәтін] : мұражай / А. Ғабдулина // Үш анық. - 2000. - № 23. - Б. 3.
Тәтіғұлов, Ә. Текті тұлғалар тұяғы [Мәтін] / Ә. Тәтіғұлов // Егемен Қазақстан. - 2000. - 2 қыркүйек. - Б. 4.
Мүфтиұлы, М. Әнияр Молдабаев [Мәтін] / М. Мүфтиұлы // Абай. - 2009. - № 3. - Б. 24-30.
Молдабаев, С. Әкем Әнияр Абайдың тәрбиелеп өсірген адамы [Мәтін] / С. Молдабаев // Абай. - 2016. - № 3. - Б. 84-87.
Интернет-ссылки
Дом-музей Абая Кунанбаева [Электронный ресурс] : [о Молдабаеве А.] // culturemap.kz : сайт. – Режим доступа : http://culturemap.kz/ru/object/dom-muzeiy-abaya-kunanbaeva (03.02.2017)
Алаш ардақтыларының құтты шаңырағы - Әниярдың үйі [Электрондық ресурс] : [Молдабаев Ә. туралы] // Битан Азаматтың жеке блогы ; сайт. – Режим доступа : http://bitanazamat.kz/?tag=%D3%99%D0%BD%D0%B8%D1%8F%D1%80-%D0%BC%D0%BE%D0%BB%D0%B4%D0%B0%D0%B1%D0%B0%D0%B5%D0%B2 (03.02.2017)
Әниярдың үйі [Электрондық ресурс] : [Молдабаев Ә. туралы] // minber.kz : сайт. – Режим доступа : http://www.minber.kz/2011/07/әниярдың-үйі/ (03.02.2017)
Посещение музея Абая Кунанбаева [Электронный ресурс] : [о Молдабаеве А.] // ssmu.kz : сайт. – Режим доступа : http://ssmu.kz/ru/news/default/view?id=1067(03.02.2017)
АСЫЛ МҰРА – МӘҢГІ АМАНАТ [Электрондық ресурс] : [Молдабаев Ә. туралы] //Мәдени мұра : сайт. – Режим доступа : http://www.madenimura.kz/kk/culture-legacy/landmark-faces/asylmuramangyamanat/(03.02.2017)
Самат Сіләмбекұлы [Электрондық ресурс] : [Молдабаев Ә. туралы] // el.kz : сайт. – Режим доступа : http://old.el.kz/m/articles/view/content-28158 (03.02.2017)
ДОМ-МУЗЕЙ "АЛАШ АРЫСТАРЫ – М.АУЭЗОВ" [Электронный ресурс] : [о Молдабаеве А.] // cityshow.me : сайт. – Режим доступа : http://semey.cityshow.me/places/chto-posetit/museums/muzei-alash-arystary-m-auezov/ (03.02.2017)
Алаш үкіметінің қазынашысы (Қазіргі тілмен Қаржы министрі) [Электрондық ресурс] : [Молдабаев Ә. туралы] // adyrna.kz : сайт. – Режим доступа : http://adyrna.kz/alash-kimetini-azyinashyisyi-azirgi-tilmen-arzhyi-ministri/ (03.02.2017)