Әділов Ике (1881-1938) – Кеңес өкіметінің саясатына қарсы күрескен қайраткер, қазақ байы.
1881 жылы Семей облысы (бүгінгі Шығыс Қазақстан облысы) Семей уезінің Шаған болысында дүниеге келген. Мұсылманша, орысша оқыған. Шаған еліне болыс болған. Алаш қозғалысына белсене атсалысып, Алаш қозғалысының облыстық, уездік съездеріне қатысты. Семейде құрылған алаш әскеріне, Алашорда қажетіне қаржылай жәрдем көрсетті. Кеңес өкіметі тұсында жүргізілген әртүрлі саяси-экономикалық шараларға қарсылық көрсетіп, қарулы көтеріліс ұйымдастырушының бірі болды. 1928 ж. тәркілеу науқанында қарулы шайқасқа шықты. 1938 ж. Қытайда тұтқынға алынып, сол жылы Семейде атылды.
И. Әділов туралы әдебиеттері
Литература об Адилове И.
«Алаш» қозғалысы [Мәтін]. - Алматы, 2008.
Алаш. Алашорда [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Арыс, 2009. - 544 б. - Әділов Ике: б. 69-70.
Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. - Әділов Ике: б. 212.
Интернет-сілтемелер
Интернет-ссылки
Ике Әділов ) [Электрондық ресурс] : [өмірбаян] // Уикипедия – ашық энциклопедиясы : сайт. – Режим доступа : https://kk.wikipedia.org/wiki/Ике_Әділов (08.02.2017)
Рахметуллин, Е. ЖИЗНЬ И СУДЬБА КАЗАХСКИХ МЕЦЕНАТОВ ПЕРВОЙ ПОЛОВИНЫ ХХ ВЕКА ) [Электронный ресурс] : [биография] / Е. Рахметуллин // e-history.kz : сайт. – Режим доступа : http://e-history.kz/ru/publications/view/1391 (08.02.2017)