Кемпіров Қаратал (туған және қайтыс болған жылы белгісіз) – Алаш полкы офицері.
Маңырақ болысында дүниеге келген. Алаш отрядында қызметте болып, штабта шаруашылық қызмет атқарған. Сонымен бірге, Қара Ертіс және Маңырақ болыстықтарынан жас қазақтарды алаш отрядына тартқан. Қызыл әскерлер шабуылынан кейін Қ. Кемпіров Қытайға қашып барып, қытай болысы Таңғыт Есенұлы аулында тұрады. Кейін Маңырақ болыстығына оралады. Бұдан кейінгі тағдыры беймәлім.
Қ. Кемпіров туралы әдебиет
Литература о Кемпырове К.
Тілешов, Е. Алаш қозғалысы [Мәтін] : энциклопедиялық анықтамалық / Е. Тілешов, Д. Қамзабекұлы . – Алматы : Сардар, 2014. – 528 б. – Кемпіров Қаратал: б. 469.
ЦДНИ ВКО, ф.1П, оп.1, д.173, л. 42,42об. Подлинник [Текст] : [о Кемпырове К.] // Восточное отделение правительства Алашорды : сборник документов / сост. Е. Б. Сыдыков и др. – Семей, 2010. – С. 332-333.
ЦДНИ ВКО, ф.1П, оп.1, д.173, л. 39,39об. Подлинник [Текст] : [значится в списках как Кемпыров К.] // Восточное отделение правительства Алашорды : сборник документов / сост. Е. Б. Сыдыков и др. – Семей, 2010. – С. 334.