Известные имена

Кенебайұлы С.

Кенебайұлы Садық (туған және қайтқан жылы белгісіз) – Алаш қозғалысына қатысушы.

Семей облысы Аягөз ауданына қарасты Ақшатау ауылының Қалғұты елді мекенінде дүниеге келген, ауқатты отбасында тәрбие алған өз заманының көкірегі ояу, көзі ашық азаматы болған.

1917 жылы Семей қаласында құрылған «Алаш» партиясы, «Алашорда» өкіметінің құрылуына өз дәрежесінде атсалысқан тұлға. Ол Шәкәрім қажы Құдайбердіұлының нағашысы ретінде «Алаш» көсемдері Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы, Жүсіпбек Аймауытов, т. б. ұлы тұлғалармен аралас-құралас болған. 1920 жылы Семейді Кеңес басқыншылары қайта басып алғанда жоғарыдағы «Алаш» көсемдері Аягөз маңындағы Ақшатау ауылын, оның ішінде Қалғұтыдағы Садық Кенебайұлы үйін уақытша паналаған.

Садық Кенебайұлы бас болып салған осы «Ақ школдан» алғаш білім алғандар қатарында қазақтың белгілі азаматтары көптеп саналады. Солардың ішінде дарынды жазушы Асқар Лекеров, белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Кешірім Бозтаев, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, экономика ғылымдарының докторы, профессор Зада Қарғажанов және т.б. осы Садық Кенебайұлы салдырған «Ақ школдың» түлектері.

Садық Кенебайұлы – Аягөзде Кеңес өкіметінің орнауына көзі жұмылғанша қарсы болып өткен адам. 1918 -1932 жылдар аралығында кеңес өкіметіне қарсы қарулы көтеріліс бастаған адамның бірі. Атақты Қарауыл, Шұбартау көтерілісінде кеңестік насихатты жүргізуші қызыл керуендерді аластауда табандылық танытқан. Сергиопольдағы қызылдар абақтысына екі рет қамалған, екеуінде де амалын тауып, азаттыққа шыққан. Бұл жөнінде Садық Кенбайұлының тікелей ұрпағы ақын Жұмаш Айтжұманұлы Кенебай өзінің «Аягөз» атты өлеңмен жазылған тарихи романында егжей-тегжейлі баяндайды.

1932 жылы Садық Кенебайұлы қазіргі Ақшатау ауылының бірінші фермасы тұрған жердегі сегіз қанат ақ үйінің бір сабақ жібіне де тиіспестен отбасымен Қытайға бет алады. Жолда қызыл әскерлер шабуылына ұшырап, соғысып отырып, арғы бетке өтіп кетеді. Бұл жолда талай ет жақын туысы қызылдар оғына ұшады.

1942-1945 жылдары Қытайдан атамекеніне сан рет жасырын жолмен қатынап тұрады. 1943 жылы санына оқ тиіп, Алматыдағы әскери госпитальда ем алады. Осы жолы қызылдармен байланыс орнатып, Шығыс Түркістанды азат ету көтерілісіне бір кісідей қатысып, қызылдардан қару-жарақ, қаржы көмектерін де алған. Кейін қызылдар тарапынан ауыр жарақат алып, Шығыс Түркістанның Шағантоғай деген жерінде көз жұмады. С. Кенебайұлының зираты қазір сол Қарабура өзенінің жағасында тұр.

 

С. Кенебайұлы туралы әдебиеттер

Литература о Кенебайулы С.

 

Тілешов, Е. Алаш қозғалысы [Мәтін] : энциклопедиялық анықтамалық / Е. Тілешов, Д. Қамзабекұлы . – Алматы : Сардар, 2014. – 528 б. – Кенебайұлы Садық: б. 228.

 

Интернет-сілтемелер

Интернет-ссылки

 

Кенебайұлы Садық [Электрондық ресурс] : [өмірбаян] // Алаш қозғалысы : сайт. – Пайдалану орны : http://archive.li/g8uE5#selection-485.1-485.15 (04.03.2017)

Садық Кенебайұлы [Электрондық ресурс] : [өмірбаян] // Уикипедия – ашық энциклопедиясы : сайт. – Пайдалану орны : https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A1%D0%B0%D0%B4%D1%8B%D2%9B_%D0%9A%D0%B5%D0%BD%D0%B5%D0%B1%D0%B0%D0%B9%D2%B1%D0%BB%D1%8B (04.03.2017)

Көкбөрі, Ж. Садық Кенебайұлы [Электрондық ресурс] : [өмірбаян] // facebook.com : сайт. - Пайдалану орны : https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=970495569694967&id=899377596806765 (04.03.2017)

Көкбөрі, Ж. АЯГӨЗ (Тарихи роман)[Электрондық ресурс] : [С. Кенебайұлы туралы] // facebook.com : сайт. - Пайдалану орны : https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=1176691432408712&id=899377596806765 (04.03.2017)