Известные имена

Нұрмұхамедұлы Қ.

Нұрмұхамедұлы Қазы (1896-1918) – Алаш қозғалысының қайраткері, Алаш сарбазы.

1896 жылы Семей уезі Еңірекей болысында дүниеге келген. Семейде екі сыныптық мектепті бітіріп, бірер жыл елінде мұғалім болып істейді. 1915 жылы Семейде мұғалімдер cеминарияға оқуға түседі. 1917 жылы семинарияда оқып жүріп, Алаш мүддесіне қызмет етуді мұрат етеді. Алаш қайраткерлерін қолдаушы азамат 1918 ж. қысында Семейдегі Алаштың атты милициясына бастық етіп тағайындалады.

1918 жылы 6 наурыз күні таңертең Қазы күндегі әдетінше Алаш қаласында атты милицияның сарбаздарын жаттықтырып жүреді. Бұл жай ғана денешынықтыру машығы болғандықтан, олар қарусыз жүрген. Кенеттен 15 солдат келіп, Алаш әскерлерінің жаттығу жасауына қарсылық көрсетеді. Қарусыз дене машығымен айналысып жүрген Алаш жігіттері қорқып қалады, алды қаша бастайды. Қазы - жастайынан ақкөңіл, талапты, ұлтшыл болып ержеткен, ұлт мүддесі үшін аянбайтын қызу қанды ақылды азамат. Қызылдардың сұсынан қорқып қашқан солдаттар елге қорған бола алмайтынын түсініп, жігіттердің намысын оятып, жауларының алдында төменшіктемеуге үйреткісі келеді. Жігіттерге тоқтау айтып, жазықсыз бола тұрып, қызылдардың алдында қоян жүректік көрсетпеуге шақырады. Бұл жай ғана тоқтау айту емес, азаматтарды жүрек тоқтатуға, батылдыққа жетелегендік, рухани күш беру еді. Соны сезген қызылдың солдаттары Қазыны атып кетеді.

1918 жылы 7 наурызда Алаштың ұлт үшін жанын қиған тұңғыш құрбаны Қазы Нұрмұхамедұлы жерленеді. Жерлеу кезінде Шәкәрім қажы елдің алдында сөз сөйлеп Қазы өлімінің қасиетті өлім екенін айтыпты. М. Дулатов та өлең оқыпты. Қазы өлгенде Алаш үкіметі марқұмның басына белгі тас қояды, ақша жинап отбасына көмектеседі, інісін оқыту үшін стипендия бөледі. Алаш басшылары Қазы өліміне байланысты болыневиктерге наразылық білдіреді. Бұл окиға Алаш тарихында «тұңғыш құрбан» деген атпен қалады.

 

 

 

Қ. Нұрмұхамедұлы туралы әдебиеттер

Литература о Нурмухамедулы К.

 

Тілешов, Е. Алаш қозғалысы [Мәтін] : энциклопедиялық анықтамалық / Е. Тілешов, Д. Қамзабекұлы . – Алматы : Сардар, 2014. – 528 б. – Нұрмұхамедұлы Қазы: б. 324.

Кудайбердиулы, Ш. Казах в зеркальном отражении [Текст] : стихи, поэмы / Ш. Кудайбердиулы. - Семей, 2008. - Казы Нурмухамбетулы: с. 52-53.

 

 

Интернет-сілтемелер

Интернет-ссылки

 

Алаш жасағының «ақ» пен «қызыл» арасындағы күресі [Электрондық ресурс] : [Қ. Нұрұхамедұлы туралы] : [бейнежазба] // Азаттық радиосы : сайт. – Пайдалану орны : http://www.azattyq.org/a/kazakhstan_alash_army_interview_with_bolat_mursalim/27363509.html (16.03.2017)

Алаш үкіметі құрылғанда бірінші болып шахит болған - Алаш милициясының командирі Қазы Нұрмұхамедұлы [Электрондық ресурс] : [Қ. Нұрұхамедұлы туралы] // ВКонтакте - әлеуметтік желі : сайт. – Пайдалану орны : https://vk.com/wall-40137153_153989 (16.03.2017)

Асылбеков, М. Қ. АЛАШТЫҢ АЛҒАШҚЫ ҚҰРБАНЫ ҚАЗЫ ҚАЛАЙ ҚАЗА БОЛДЫ? [Электрондық ресурс] : [Қ. Нұрұхамедұлы туралы] / М. Қ. Асылбеков // Жерұйық : сайт. – Пайдалану орны : http://zheruiyq.kz/2016/06/23/%D0%B0%D0%BB%D0%B0%D1%88%D1%82%D1%8B%D2%A3-%D0%B0%D0%BB%D2%93%D0%B0%D1%88%D2%9B%D1%8B-%D2%9B%D2%B1%D1%80%D0%B1%D0%B0%D0%BD%D1%8B-%D2%9B%D0%B0%D0%B7%D1%8B-%D2%9B%D0%B0%D0%BB%D0%B0%D0%B9-%D2%9B%D0%B0/ (16.03.2017)

Қазы Нұрмұхамедұлы [Электрондық ресурс] : [өмірбаян] // Уикипедия - ашық энциклопедиясы : сайт. – Пайдалану орны : https://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%9A%D0%B0%D0%B7%D1%8B_%D0%9D%D2%B1%D1%80%D0%BC%D2%B1%D1%85%D0%B0%D0%BC%D0%B5%D0%B4%D2%B1%D0%BB%D1%8B (16.03.2017)

Қазы Нұрмұхамедұлы қазасына көңіл айту [Электрондық ресурс] : [телеграмма] // Әдебиет порталы : сайт. – Пайдалану орны : http://old.adebiportal.kz/tele-ram-azy-n-rm-khamed-ly-azasyna-k-l-aytu.page?lang=kz (16.03.2017)

Сахариева, З. Алаштан шыққан алғашқы милиция офицері [Электрондық ресурс] : [Қ. Нұрұхамедұлы туралы] / З. Сахариева // Алаш айнасы : сайт. – Пайдалану орны : http://alashainasy.kz/culture/alashtan-shyikkan-algashkyi-militsiya-ofitser-69785/ (16.03.2017)