Известные имена

Тынышбаев М.

tynushpaev  Тынышбаев Мұхамеджан Тынышбайұлы (1879-1937) – қоғам қайраткері, Ресейдің Екінші Мемлекеттік Думасының депутаты, Түркістан автономиясының премьер-министрі, «Алашорда» мүшесі, тұңғыш қазақ теміржолшысы, Түркістан-Сібір теміржолы құрылысына қатысқан алаш азаматы.

 1879 жылы 12 мамырда Семиречье облысы Лепсі уезі Мақаншы-Садыр ауданының Жыланды тау бөктерінде дүниеге келген. 1900 жылы Вернен гимназиясын аяқтап, Петербургтегі І Александр атындағы жол қатынасы инженерін дайындайтын Император институтына оқуға түседі. 1905 жылы Тынышбаев бітіру емтиханын тапсырып, қазақтың тұңғыш инженер теміржолшысы  болды.

1907 жылы 3 сәуірде Семиречье облысының байырғы халқы атынан Мемлекеттік Думаның ІІ шақырылымына сайланды. Сібір тобының Мұсылман фракциясына кірді. Аграрлық комиссия мүшесі. Жалпы мемлекеттік және қазақ ұлттық мүдделерін қорғады.

1917 жылғы ақпан төңкерісінен кейін, осы жылдың сәуірінде Уақытша үкіметтің шешімімен, жергілікті жерлерде Түркістан өлкесін басқару мәселесін шешу үшін Ташкентте Түркістан комитеті құрылып, оның құрамына Ресейдің Мемлекеттік ІІ-Думасының мүшесі ретінде Мұхамеджан Тынышбаев енгізілді.  1917 жылдың шілдесінде Семиречье облысынан делегат ретінде Орынборда өткен І-Жалпықырғыз сьезіне қатысып,  Бүкілресейлік құрылтай жиналысы делегаттарының қатарына енді. 

1919 жылы Түркістанда және Дала өлкесінде Кеңес өкіметі құрылған соң, Тынышбаев кеңес жағына шықты. 1921 жылы Тынышбаевты Ташкентте Түркістан өлкесі Жер комитетінің Су шаруашылығы басқармасының басшысы етіп тағайындады. 1922 жылы Жер Комитеті оны Шымкент қаласына осы қызметті атқаруға жіберді.  

1924 жылы ол Ташкентте ашылған Қазақ педагогикалық институтына математика мен физиканы оқытуға шақырылды.  Осы кезеңде ол жүздердің шығу тарихы, қазақ руларының тарихы, хандар, батырлар мен билер шежіресінің кестесін құрады, осы тақырыпта Орыс Географиялық Қоғамының Түркістан бөлімінде дәріс оқыды.

1926 жылы 1 наурыздан бастап Алматыда  Семиречье губерниясы жол бөлімінің бастығы қызметін атқарды. Оның басшылығымен Алматы-Бішкек автокөлік жолы салынды, сондай-ақ, Алматы-Талдықорған жолының құрылысы бойынша зерттеу жүргізіліп, Алматы-Қорғас жолының жаңа нұсқасы ұсынылды.

1927 жылы қаңтарда Тұрар  Рысқұловтың  табанды ұсынысымен,  Тынышбаев Түрксіб құрлысына ықпалдық ету Комитеті құрамына енгізілді.

1930 жылы 3 тамызда Мұхамеджан Тынышбаев жалған хабар бойынша қамауға алынып, ұзақ тергеулерден кейін қылмыстық ісі дәлелденбей,  босады. Келесіде, Тынышбаев Түркістан автономиясының премьер-министрі болып тұрған кезінде, оған 1917 жыл оқиғаларына байланысты кінә тағылды. 1932 жылы 20 сәуірде ОГПУ ПП үштігі оны Воронежге 5 жылға жер аударды. Ол жаңа Мәскеу-Донецк теміржол құрылысы Басқармасының техникалық бөлімінде қатаң бақылаумен жұмыс істеді. Айдаудан келген  соң, 1936 жылы Қандыағаш-Гурьев теміржолы құрылысына аттанады, сол жерде қатты ауырып Ташкентке оралады. 1937 жылы 12 қарашада «Алашорда» мүшесі ретінде қайта қамауға алынып, «халық жауы» ретінде атылды. 1959 жылы 29 қыркүйекте Мұхамеджан Тынышбаев Қазақ ССР-і Жоғарғы сотының 1970 жылы СССР Прокуратурасы және Түркістан Әскери округінің Әскери прокурорының шешімімен, қылмыстық ісі болмауы себепті ақталды.

М. Тынышбаевтың еңбектері

Труды Тынышпаева М.

 

Тынышпаев, М. Краснореченские развалины и город Баласагын [Текст] /М. Тынышпаев // Известия Туркестанского отдела Русского Географического общества. - 1924. - Том 17.

Тынышпаев, М. Материалы к истории киргиз-казахского народа [Текст] /М. Тынышпаев. - Ташкент, 1925.

Тынышпаев, М. Коксуйские развалины и город Кайлак [Текст] /М. Тынышпаев // Труды общества изучения Казахстана. - 1926. - Том 7. Выпуск 2.

Тынышпаев, М. Киргиз-казаки в XVII и XVIII веках [Текст] : историческая справка и племенной состав населения Ташкентского уезда /М. Тынышпаев // Труды общества изучения Казахстана. - 1926. - Том 7. Выпуск 2.

Тынышпаев, М. Ак-табан-шубрынды [Текст] /М. Тынышпаев // Бартольд В. В. Туркестанские друзья, ученики и почитатели / В. В. Бартольд. - Ташкент, 1927.

Тынышпаев, М. История казахского народа [Текст] /М. Тынышпаев.- Алма-Ата: Қазақ университеті, 1993.- 224 с.

О чем поведали ученые [Текст] / М. Тынышпаев [и др.]. - Алматы : Рауан, 1997. - 144 с. - (Серия ист.-познавательных изданий"Аркас").

Тынышпаев, М. Қазақ халқының тарихы, этнографиясы мен археологиясы [Текст] = История, этнография и археология казахского народа / М. Тынышпаев. - 2-е изд., доп. - Астана : Алтын кітап, 2007. - 316 с. - (Библиотека казахской этнографии ; т. 22). - Библиогр.: с. 313-314.

Тынышпаев, М. Политические выступления, научные труды, документы [Текст] /М. Тынышпаев. – Алматы : Қазақстан, 2009. - 312 с.

Тынышпаев, М. История казахского народа [Текст] /М. Тынышпаев. - Алматы : Санат, 2009. - 288 с.

 

М. Тынышбаев туралы әдебиеттер

Литература о Тынышпаеве М.

Кітаптар – Книги

 

Жүгенбаева, Г. Мұхамеджан Тынышбаевтың өмірі мен қызметі [Мәтін] : автореферат / Г. С. Жүгенбаева. – Алматы : Қазақстан Республикасы, 1999. - 30 б.

Құл-Мұхаммед, М. "Алаш" бағдарламасы [Мәтін] : қиянат пен ақиқат / М. Құл-Мұхаммед.  - Алматы : Атамұра, 2000. - 240 б.

Дәуірдің жарық жұлдызы: халқымыздың көрнекті саяси қайраткері М. Тынышпаевқа арналады [Мәтін]. – Алматы : Орталық ғылыми кітапхана, 2001. - 194 б.

Елтұтқа [Мәтін] : ел тарихының әйгілі тұлғалары / М. Жолдасбекұлы, Қ. Салғараұлы, А. Сейдімбек. - Астана : KUL TEGІN, 2001. - 356 б.

Тулбасиева, С. Мұхаметжан Тынышбаевтың ғылымға келген жолы және шығармашылық мұрасы [Мәтін] : тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның авторефераты / С. Қ. Тулбасиева. - Алматы, 2004. - 29 б.

Алаш арыстары - Мұхтар Әуезов [Мәтін]. - Астана : Елорда, 2005. - 24 б.

Алаш қозғалысы [Мәтін]. Т. 2. – Алматы : Алаш баспасы, 2005. – Тынышбаев М. : б. 31-33; 315-321; 420-422.

Жүз тұңғыш [Мәтін] : жинақ. 2-ші кітап, 2005. - 352 б.

Тарихи тұлғалар [Мәтін] : танымдық-көпшілік басылым : мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. - Алматы : Алматыкітап, 2005. - 368 б.

Алаш арыстары - Мұхтар Әуезов [Мәтін] / Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық мұражайы. - Семей, 2007. - 28 б.

Нұрпейіс, К. Тарихи тұлғалар [Мәтін]. – Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2007. – Тынышбаев М. : б. 334-339.

Төлепберген, Б. Мәңгі жас-Алаш идеясы [Мәтін] / Б. Төлепберген. - Алматы : Алматы баспа үйі, 2008. - 301 б.

Ескендірұлы (Әбдешев), М. "Алаш Орда" министрлері [Мәтін] / М. Ескендірұлы (Әбдешев). - Алматы, 2008. - 113 б.

Түркі халықтарының тарихи ойы [Мәтін] : ғылыми басылым. - Астана : Фолиант, 2008. - 391 б.

Қойгелдиев, М. Алаш қозғалысы [Мәтін] : екі томдық монография. Т. 1 / М. Қойгелдиев. - Алматы : Мектеп, 2008. - 474 б.

Тоғызтаңбалы наймандар [Текст] : тарихи басылым. - Астана : Астана полиграфия, 2008. - 240 б.

Алаш. Алашорда [Мәтін] : энциклопедия / құраст.: Ғ. Әнес, С. Смағұлова. - Алматы : Арыс баспасы, 2009. - Тынышбаев М.: б.335-337.

Жұртбай, Т. «Ұраным – Алаш…» [Мәтін] : тез (түрме әфсанасы) / Т. Жұртбай. – Алматы : Ел-шежіре, 2011. - 464 б.

Тарихи тұлғалар [Мәтін] : танымдық-көпшілік басылым : мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. - Алматы : Алматыкітап, 2011. - 376 б.

Тарихи тұлғалар [Мәтін] / құраст. Б. Тоғысбаев, А. Сужикова. – Алматы : Алматы кітапбаспасы, 2012. – Тынышбаев М.: б. 63-65.

Қазақ халқының тарихи тұлғалары [Мәтін]. 2-кітап : ұлттық қайраткерлер, ақын-жазушылар, күш алыптары, ғалымдар, суретшілер, сәулетші-архитекторлар, өнер тарландары. - Алматы : Өнер, 2016. - 368 б.

***

Осадчий, Ф. Великий творец добра и света [Текст] : страницы судьбы инженера М. Тынышпаева. - Арыс, 2001. - 103 с.

Они были первыми [Текст] : [справочник]. - Алматы : Алматыкiтап, 2007. - 296 с.

Жанбосинова, А. С. Краткая энциклопедия истории Алаш и Алаш орда [Текст] / А. С. Жанбосинова. - Усть-Каменогорск : Берель, 2013. - 204 с.

 

Мақалалар - Статьи

 

Асылбеков, М. Түркісібте тағдыры түйіскен арыстар [Мәтін] : [қазақ халқы қазан төңкерісінен кейін] / М.-А. Асылбеков // Қазақ тарихы. - 2001. - № 2. - Б. 44-48.

Төлбасиева, С. Мұхаметжан Тынышбаев – Қазақ шежіресін зерттеуші [Мәтін] / С. Қ. Төлбасиева // Қазақтарихы. - 2004. - № 1. – Б. 83-86.

Есмағамбетов, К. Ұлт зиялыларының бүркеншік есімдері [Мәтін] / К. Есмағамбетов // Қазақ әдебиеті. - 2005. - 7 қаңтар. - Б. 10.

Мырзатаева, З. Қазақ зиялыларының патша әкімшілігі шенеуніктерінің қызметін әшкерелеуі, сынауы, айыптауы [Мәтін] / З. Б. Мырзатаева // ҚазҰУ хабаршысы. Тарих сериясы = Вестн. КазНУ. Сер. историческая . - 2007. - №  4. - Б. 168-171. - Библиогр.: 22 атау. - Алаш ұлдары М.Тынышпаев, М.Шоқай, М.Дулатұлы, М.Жұмабаев деректері негізінде.

Тоғысбайұлы, Б. Тынышбаев пен Голощекин [Мәтін] / Б. Тоғысбайұлы // Парасат. - 2007. -№ 4. – Б. 24-27.

Әбдіқадырова, Т. Ол тәуелсіздік пен бостандық үшін күресті [Мәтін] / Т. Р. Әбдіқадырова // Білім = Образование. - 2009. - № 2. - Б. 42-45. - Библиогр.: 4 атау.

 Жұртбай, Т. Қазақауылына – азаматтықсоғысжариялады!.. [Мәтін] / Т. Жұртбай // Ақиқат. - 2010. - № 10. - Б. 41.

Қонысбай, Қ.. Әке арманын ақтаған ұл [Мәтін] / Қ.  Қонысбай // Қазақстан - ZAMAN. - 2011. - 10 ақпан (№ 6). – Б. 20. - Саяси қайраткер М. Тынышпаевтың ұлы Д. Мұхамеджанұлы туралы.

Мұхаметжан Тынышпаев [Мәтін] // ЖасАлаш. - 2011. - 20 қаңтар. - Б. 3.

Шотанов, Қ. 1905-1907 және 1917 жылдардағы революциялық оқиға мен өзгерістің қазақ өміріне ықпалы [Мәтін] / Қ. Шотанов // Жалпы тарих және құқықтану мектепте, колледже және ЖОО-да = Всеобщая история и правоведение в школе, колледже и ВУЗ-е. - 2015. - № 1. - Б. 15-18.

Қасымхан, Ғ. Алаш теміржолының атасы [Мәтін] / Ғ. Қасымхан // Ертіс өңірі. - 2017. - 25 қазан.- Б.11.

Омаров, А. М. Тынышпаев - саяси қайраткер, ғұлама ғалым, қазақтың тұңғыш инженер-теміржолшысы [Мәтін] / А. Ж. Омаров, Ә. Е. Шалтықов // Қазақстан өндіріс көлігі. - 2017. - № 1. - 4-15 б.

Мұхамадиева , Талғатжан. Өскеменде көше атаулары өзгертілмек [Мәтін] / Т. Мұхамадиева // Менің өлкем. - 2018. - 15 қараша.- Б.4.

Сарсенбаев, А. Тынышбаев және алаш азаматтары [Мәтін] / А. Сарсенбаев // ОТАН ТАРИХЫ : Ш. Ш. Уалиханов атындағы Тарих және этнология институты, 2018. - N 4.- Б.137-146


***

Жугенбаева, Г. Мухамеджан Тынышпаев и правительство Колчака [Текст] : [деятели Алаш-Орды] / Г. Жугенбаева // Мысль. - 1998. - №9. -C.83-87.

Косанбаев, С. Новые материалы о М.Тынышпаеве [Текст] /С. Косанбаев // Қазақстан жоғарғы мектебі=Высшая школа Казахстана. - 2004. - №3. - С. 126-128.

Абсалямова, Н. Эстафета парламентских судеб [Текст] / Н. Абсалямова // Казахстанская правда. - 2006. - 24 февр. - С. 10.

Петровский, А. Жестокий век инженера Тынышпаева [Текст] /А. Петровский// Казахстанская правда. - 2007. - 4 дек. - С. 4.

Иманалинова, Н. Турксиб - на службе Отечеству [Текст] / Н. Иманалинова // Спектр. - 2010. - 18 августа. - С. 14.

Обухов, В. Алаш-Орда: Дон Кихоты степи [Текст] / В. Обухов // 7 дней. - 2016. - 14 июля. - С. 7.

Турысбекова, А. Путь первого казахского инженера Мухамеджана Тынышпаева [Текст] / А. Турысбекова // Казахстанская правда. - 2016. - 27 мая. - С. 18.

Косяченко, В. Мухамеджан Тынышпаев - истинный патриот [Текст] / В. Косяченко // Литер. - 2017. - 28 окт. (№ 163). - С. 14

 

Интернет ресурстар

Интернет-ресурсы

 

http://kazneb.kz/ - Национальная академическая библиотека республики Казахстан