Дрейман Рудольф Ансович (1887-1942) – 1905 жылдан партия мүшесі, Қазақстанда социалистік құрылысты ұйымдастырушылардың бірі, Риддер кен өнеркәсібінің басқарушысы
Рудольф Ансович Дрейман 1887 жылы Курляндия губерниясында Газенат уезінде латыш шаруа отбасында дүниеге келген. Либава (Лиепая Латвия ССР-і) үш кластық қалалық училищені бітіріп, кешкі техникалық курстарда оқып, токарь мамандығын алған. Слесарьлық істі, машина жөндеуді, автокөлік жүргізуді меңгерген. 14 жасында Рудольф жергілікті газетте курьерлік қызмет атқарған.
1905 жылдан большевиктер партиясының мүшесі, революцияға қатысқаны үшін тұтқындалып, одан қашып кетеді. Жасырын жағдайда өмір сүріп, кәсіби революционерге айналады. Сосын тағы да түрме, тағы да жер аударылу...1912 жылы Сібірде әйелі О. Эвальтович Дрейманмен бірге жер аударылып, жолда– болашақта Риддер кенішінің тұңғыш кеншілерінің бірі болған ұлы Владимир дүниеге келеді.
Дрейман Р.А. 1917 жылғы төңкеріске белсене қатысып, 1918 жылы партия тапсырмасымен Латвияға Төтенше Комиссариат шекара отряды байланыс бастығы болып жіберіледі. Орталық Атқару Комитетінің мүшесі, Латыш Совет Республикасының хабарлама комиссары болып тағайындалды. Совет өкіметі құлаған соң, қираған металлургия өнеркәсібін қалпына келтіру үшін «Ангараметалл» басқарма бірлестігіне мүше болып Сібірге жіберілді. 1921 жылы В.И. Лениннің тікелей нұсқауымен Риддер тау-кен өнеркәсібінің басқарушысы болып тағайындалып, Риддер кәсіпорындарының қалыптасуына, кеншілер арасында партия ұйымының жұмысын жандандыруда ерекше роль атқарады.
Кәсіпорын жұмысшылары Рудольф Ансович Дрейманды жылдам шешім қабылдайтын қасиеті мен жұмысшыларға көрсеткен зор сенімі үшін «Қызыл директор» деп атады. Сол жылдардағы жиналыс мәжіліс хатында «Үш жыл ішінде кеніш жұмысшыларының өсиетін орындай отырып, Риддерді капиталистердің қанауынан босатуға бар күшін жұмсаған күрескер ретінде Дрейман жолдасқа толық сенім білдіреміз» - деп жазған екен.
1926 жылдың басында Р. А. Дрейман Риддерден кетіп, Қарсақбай мыс балқыту комбинатына директор болып ауысты. Кейін Өзбекстанның Алмалық мыс кен орны жұмысшылар поселкесіндегі өндіріс кәсіпорнын басқарды, одан кейін Қырғыз кен басқармасында басшылық ете жүріп, қосымша «Средазгинцветмет» ғылыми зерттеу институтына жетекшілік етті.
1937 жылғы саяси қуғын - сүргін Р. А. Дрейманды да айналып өтпеді, қисынсыз жала жабылып, партия қатарынан шығарылды, тұтқынға алынды. 1942 жылы тұтқында қайтыс болды, 1956 жылы КПСС-тің ХХ сьезінен кейін ақталған.
Шығыс Қазақстан облысы Лениногор (Риддер)қаласының бір көшесіне Рудольф Ансович Дрейманның есімі берілген. 1986 жылы Р. А. Дрейманның жеке құжаттарын қазақстанның танымал журналисі А. С. Розанов пен өлкетанушы- жазушы, Шығыс Қазақстан облыстық атқару комитетінің бөлім меңгерушісі С. Е. Черных Шығыс Қазақстан облыстық мемлекеттік мұрағатына тапсырған.
Құжаттар Дрейман келгенге дейінгі Риддер кен орындарының ауыр жағдайынан сыр шертіп, соғыстан кейін құлдыраған кен орнын «қызыл директор» басқарған кезде қалпына қалай келтірілгенін (өндіріс жоспары, түрлі ақпараттар) көрсетеді.
Р.А. Дрейманмен бірге қызмет істеген адамдардың – үзеңгілес серігі, риддерлік чон командирі В.П. Свирскийдің әйелі Э. Сверскаяның, ерлі-зайыпты Л. В. Конобасовтардың естеліктері, жазысқан хаттары, сонымен қатар А. С. Розановтың Р.А. Дрейман туралы жазған «Бес минут» атты очеркі Лениногор қаласының 200 - жылдық мерейтойына орай 1986 жылы жарық көрген «Город рабочей доблести» кітабында қамтылған.
Р.А. Дрейман туралы әдебиеттер
Литература о Р.А. Дреймане
Кітаптар - Книги
Восстановительный период [Текст] //Лениногорскому полиметаллическому комбинату - 50 лет [Текст] : Дела и люди комбината. - М. : Б.и., 1968. - С. 6-11.
Розанов, А. Пять минут [Текст] / А. Розанов // Город рабочей доблести: сборник статей и очерков. - Алма-Ата : Казахстан, 1986. – С. 71-95.
Розанов А. Своей работой доказать... [Текст] / Розанов А. // Первороссийские мальчишки. - Алма-Ата : Жалын, 1988. - С. 37.
Мақалалар -Статьи
Розанов, А. Партийная кличка - Рудыс [Текст] / А. Розанов // Знамя коммунизма. - 1964. - 6 ноября.
Розанов, А. Находка в Ташкенте [Текст] / А. Розанов // Ленинская смена. - 1964. - 22 февраля.
Розанов, А. Ленинская телеграмма [Текст] : заметки журналиста / А. Розанов // Простор. - 1965. - № 4. - С. 74-79.
Кузнецова, Р. Кто был Домненко? [Текст] / Р. Кузнецова // Лениногорская правда. - 1971. - 31 октября.
Кузнецова, Р. След в жизни [Текст] / Р. Кузнецова // Лениногорская правда. - 1980. - 19 августа.
Кузнецова, Р. Кто был Домненко? [Текст] / Р. Кузнецова // Лениногорская правда. - 1981. - 31 октября.
Розанов, А. Пять минут [Текст] / А. Розанов // Простор. - 1981. - № 4. - С. 2-22.