Блек Александр (туған жылы белгісіз) – Қазақстан Алтайын зерттеуші.
А. Блек замандастарының естелігі бойынша ерекше жарқын жүзді адам болған. Орта бойлы, шымыр денелі, қара шашты, өткір көзді, адамгершілігі мол ақылды адам еді.
Петербург университетінің алдыңғы қатарлы оппозициялық көзқарастағы студенті жасырын революциялық үйірмені ұйымдастырушының бірі болды. 1880 жылы Петербургтегі «Халық еркі» Атқару комитетімен байланыстағы университет үйірмесіне жер бөлісушілер ұйымы ықпалын тигізді. Петербург университеті жастарының арасынан ең алдымен заң факультетінің студенті Александр Блектің аты аталатын.
Петербургтегі жер бөлісушілер ұйымы Гельсингфорстегі жасырын революциялық үйірмемен тығыз байланыста болды, олар Петербургте жасырын әдебиеттер шығаруға көмек берді. Үйірмемен байланысты Кланг, Марковский және А. Блек іске асырды.
А. Блек 1882 жылы Гельсингфорске арнайы гектограф (баспа машинкасы) сатып алу үшін сапарға шығады. Гельсингфорс үйірмесінің көмегімен екі гектограф алғанымен Петербургке жеткізе алмайды. Фин жандармдары ұйымның соңына түсіп, талқандайды. А.Блек 1882 жылдың қыркүйегінде тұтқынға алынып, Петербургтің жандарм басқармасына жөнелтіледі.
А. Блекке Гелсингфорсте революциялық үйірмемен байланысы, жұмысшылар арасында революциялық басылымдар тарату, прокламациялар басу үшін гектограф сатып алғаны, жасырын типографияға арналған қаріптер сатып алмақ болғаны үшін айып тағылды.
А. Блектің ісі әкімшілік тәртіппен шешіліп, 1883 жылдың мамыр айында Батыс Сібірге 5 жылға жер аударылған. 1887 жылы А. Блек Семейге келіп қоныстанып (қазір Шығыс Қазақстан облысы), Статистика комитетінде жұмыс істейді.
А. Блек ғылыми дәрежесі бар аса білімдар адам болған. Француз, неміс, ағылшын тілдерінде сөйлеген. Саясат, экономика және құқық саласымен айналысқан.
Айдауда болған жылдары шағын кітапхана жинаған, онда орыс әдебиетімен қатар шетел әдебиеті: Лонгфелло «Древнее право», Мэн «Сельские общины, Бэн «Логика», Милл «Политическая экономия», Локк «История рационализма», Спенсер «Опыты», «Принципы социологии» және Тэн «История английской литературы», Лабулэ «История Соединенных Штатов» кітаптары, сонымен бірге, заң ғылымы, саяси экономия бойынша француз, неміс тілдерінде бірқатар шығармалар болды.
Абаймен жақсы таныс болған.
А. Блек туралы әдебиеттер
Литература о Блеке А.
Ауэзова, Л. История Казахстана в творчестве М. Ауэзова [Текст] : [на материалах эпопеи «Путь Абая» и «Лихая година»] / Л. Ауэзова. – Алматы : Санат, 1997. – С. 259-262.