Известные имена

Кастанье И. А.

Кастанье Жозеф-Антуан (Иосиф Антонович) (1875-1958) – Қазақстан Алтайын зерттеуші, археолог, тарихшы, саяхатшы.

1875 жылы Гайяк (Франция) қаласында дүниеге келген. Жастық шағы Тулузда өтті. Кейін 7 жыл бойы француз тілі бойынша жоғары курстарда лекция тыңдап, орта мектепте француз тілінен сабақ беру құқығын берген licencie-es-lettres дипломына ие болды.  

1899 жылы Ресейге келіп, бастапқы кезде Солтүстік Кавказға орнығады. И. А. Кастанье Кавказ оқу округі басқарушысының нұсқауымен Пятигорскідегі Евдокимованың әйелдер гимназиясына француз тілі мұғалімі міндетін атқарушы болады.

1901 жылы ақпанда Владикавказ гимназия кеңесінің сынағынан өткеннен кейін гимназияның француз тілі мұғалімі атағын алады.

1901 жылы отбасымен Орынбор қаласына көшіп келеді. Мұнда алғашында Орынбор реальное училищесінде француз тілін оқытып, кейін Орынбор ерлер гимназиясы және Неплюев кадет корпусына ауысады.

Кавказдағы оқытушылық қызметімен бірге И. А. Кастанье этнографиялық зерттеулермен айналысып, оны Орынборда жалғастырды. Мұнда ол Орталық Азия көне ескерткіштерін жинап, зерттеді.

1902 жылы И. А. Кастанье Орынбор өлкесінің көне ғылыми қоғамының бірі - ғылыми архив комиссиясына мүше болып сайланып, 1909 жылы оның басшысы болып тағайындалды.

1904 жылы ол Санкт-Петербург археология комиссиясынан қазба жұмыстарын жүргізуге рұқсат алып, Орынбор губерниясының барлық уездерінде зерттеу жұмыстарын бастады. Ол зерттеу жұмыстарының нәтижесін 1904 жылы жариялады.

1904 жылы И. А. Кастанье Түркістанға жасаған алғашқы саяхатын аяқтайды. 1904-1909 жж. қазіргі Шығыс Қазақстан облысының тарихи орындарын аралайды.

1909 жылы И. А. Кастанье Орынбор ғылыми архив комиссиясының қамқорлығындағы музей қамқоршысы міндетін атқарады.

1912 жылы И. А. Кастанье өз өтінішімен Ташкентке ауысады. Ташкент реальное училищесінде француз тілін оқытып, класс жетекшісі болады. Сонымен бірге, Ташкент кадет корпусында сабақ беріп, өлкеге археологиялық зерттеулер жүргізумен айналысады. 1912 жылы Түркістан археология клубына мүше болып, бір жылдан кейін Орыс Императорлық географиялық қоғамының Түркістан бөліміне мүше болып кіреді.  

Сондай-ақ, И. А. Кастанье Түркістан халық музейі және кітапхана жанындағы бақылау комитетіне қабылданып, музейге жаңа жәдігерлер жинайды.

1913 жылы 28 қыркүйекте И.А. Кастанье Ресей азаматтығын алады.

Бірінші дүнежүзілік соғыс кезінде И. А. Кастанье нақтылы дипломатиялық тапсырмаларды орындады.

Ресейдегі төңкерістен кейін 1917 жылы және Ташкентке большевиктер мен солшыл эсерлер келген 1917 жылы И. А. Кастанье Ресей азаматтығынан бас тартып, отбасымен Францияға оралады. Өз елінде біраз уақыт Францияның Сыртқы істер министрлігінде жекелеген тапсырмалар орындаған.

Сонымен бірге ол Орталық Азияның археологиялық картасын құрумен айналысты, сондай-ақ, көне ескерткіштерді қорғау және Түркістан республикасы өнері жөніндегі Комиссияның археология секциясы құрамында болды.  

1918 жылы. И. А. Кастаньеге совет үкіметіне қарсы астыртын әрекетке қатысты деген күдікпен абақтыға қамалу қаупі төнеді. Осы кезде ол Ферғана тауларына жасырынып үлгеріп, 19 ай бойы 1919 жылдың ақпан айына дейін жасырын күн кешеді. Ал, отбасы Түркістан қаласынан 1918 жылы көшіп кеткен еді.    

Ол 1920 жылы қыркүйекте бұрыңғы әскери тұтқындармен бірге Францияға кетіп, Франция сыртқы істер министрлігінде аудармашы, шетел және орыс баспасөзі бюллетенінде редактор қызметтерін атқарады.  

1921 жылы И. А. Кастанье Париж антропология қоғамының тілшісі болып қызмет істеді. 1925 жылы Францияның Тонкиндегі бұрыңғы вице-президенті және Сыртқы істер министрлігіндегі архив және шифрлау қызметінің басшысы Ш. Бонэнің ұсынысымен Кастанье Құрметті легион ордені кавалері атағына ие болды.

ХХ ғасырдың 50-жылдарының басында ол Монпельеге көшіп келіп, 1958 жылы сол жерде қайтыс болды.

И. А. Кастаньенің шоқтығы биік шығармасының бірі - «Древности Киргизской степи и Оренбургского края» (1910). Бұл еңбекте Семей облысы және Өскемен уезінің (қазір Шығыс Қазақстан облысы) тарихи, этнографиялық, архитектуралық ескерткіштерін И. А. Кастанье алғаш рет жүйеге келтіріп, сипаттаған. Еңбекте ескерткіштер және басқа да жазба деректерге сілтемелер беріліп, қазақ фольклорының жазба ескерткіштері зерттеу бойынша қызықты деректер келтірілген.  

 

 

 

И. А. Кастанье еңбектері

Труды И. А. Кастанье

 

Кастанье, И.А. Поездка по Тургайской и Сыр-Дарьинской области 1906-1907гг. вдоль Ташкентской железной дороги [Текст] / И.А. Кастанье. - Оренбург: Тип.Г.М. Мильберг, 1909. - 67 с.

Кастанье, И.А. Древности Киргизской степи и Оренбургского края [Текст] / сост. И.А. Кастанье, вице-президент Оренбург. учен. арх. комис., хранитель Музея. - Оренбург : типо-лит. т-ва "Каримов, Хусаинов и К°", 1910. - [2], XVIII, 332 с., 21 л. ил. : ил.; 35. - (Труды Оренбургской ученой архивной комиссии; Вып. 22.

Кастанье, И.А. Надгробные сооружения киргизских степей [Текст] / И.А. Кастанье, вице-президент Оренб. уч. арх. ком., хранитель Музея. - Оренбург : тип. Тург. обл. правл., 1911. - 104, VII, VIII с., 28 л. ил.; 21. - (Труды Оренбургской ученой архивной комиссии; Вып. 26).

Кастанье, И.А. Отчет о поездке в Шахрохию и местность "Канка" [Текст] / И.А. Кастанье. - Ташкент, 1913.- 24 с.

Кастанье, И.А. Древности Киргизской степи и Оренбургского края [Текст] / И.А. Кастанье; Ин-т востоковед. им. Р.Б. Сулейменова. – Алматы: Дайк-Пресс, 2007. - 516 с.

 

 

Жинақтардағы жарияланымдары

Публикации в сборниках

 

Кастанье, И.А. Древности Киргизской степи и Оренбургского края [Текст] : [о могиле святого Хорхут-Ата] / И.А. Кастанье // Коркут Ата: Энциклопедический сборник / под ред. А. Нысанбаева. - Алматы,1999. - С. 89-98.

 

 

И. А. Кастанье туралы әдебиет

Литература о И. А. Кастанье

 

Германов, В. А. Французы в Узбекистане [Текст] : сборник / В.А. Германов // Этнический атлас Узбекистана. Институт «Открытое Общество». - Узбекистан, 2002. - С. 233—234.

Горшенина, С. М. Странный археолог Кастанье [Текст] / С.М. Горшенина // Звезда Востока. - 1996. - № 3. - С. 147-159.

Домбровский, Ю. Кто же вы, Жозеф Кастанье?.[Текст] / Ю. Домбровский // Статьи, очерки, воспоминания. Собрание сочинений в 6 тт. - Т.6. - М., «Терра», 1992.

Никольская, Г. Б., Матвеев, А. М. К истории азиатских и европейских выходцев в Средней Азии в начале XX века [Текст] / Г.Б. Никольская, А.М. Матвеева // Научные труды ТашГУ. - 1972. - Вып. 423. - C. 76-115.