Паллас Петр Симон (1741-1811) - танымал неміс және орыс оқымысты-энциклопедисі, табиғат зерттеушісі, саяхатшы, жаратылыстанушы.
1777 жылы Паллас Ресей империясыны топографиялық бөлімінің мүшесі болып бекітілді, 1782 жылы - әріптестер кеңесшісі, 1786 жылы Адмиралгейтс - әріптестеріне тарихи граф болып қызмет етті. Әр алуан саланың зерттеу жұмыстарымен айналысуды ары қарай жалғастыра берді.
Өзінің көптеген баспа жұмыстарында Паллас саяхатшы, зоолог, ботаник, палеонтолог, минералог, геолог, топограф, географ, медик, этнолог, археолог, филолог және шаруашылық иесі және технолог ретінде қолтаңбасын қалдырды. Оның осы бір сан алуан мамандығына қарамастан, оның ғылымға үстірт қарамай, нағыз энциклопедист болғанын білуге болады.
Филолог ретінде Паллас «Linguarum totius Orbis vocabularia comparativa. Sectio Linguas Eur. et Asiae complexa» (СПб., 1786—1789, 2 бөлімде) еңбегін жарыққа шығарды. Сол сияқты «Stralsundisches Magazin» жаратылыстану тарихы журналының бірінші томын (6 шығарылым) редакциялады.(Берлин және Штральзунд, 1767—1770).
Академик П. Паллас (1741-1811 жж.) табиғат зерттеуші, ғалым Қазақстанға дербес экспедиция ұйымдастырды. П. Паллас қазақтардың шаруашылығы туралы мынадай қорытынды жасайды: «Қазақтардың байлығы шынына келгенде мал шаруашылығынан тұрады, ал оларда жылқы мен қой айрықша көп. Оларда түйе әлдеқайда аз, ал сиыр одан да аз, себебі, оларды дағдылы жем-шөпсіз далада жақсы ұстау мүмкін емес». П. Палас өз жазбаларында «... қазақтарда мал шаруашылығы кең таралған, шын мәнінде, бірден-бір дерлік кәсіпшілік. Оларда аса тамаша малдың табындары бар». Тағы да оның дерегі бойынша Орынбор қаласындағы айырбас айналымда қазақ малы елеулі орын алады.
Паллас Қазақстанның батыс, солтүстік және солтүстік-батыс бөлігі (Орал, Гурьев, Троицк және Семей) жүріп өтті. Бұл экспедиция жұмысының нәтижесі ретінде П.С. Палластың «Ресей империясының әр түрлі провинциялары бойынша жасалған саяхат» атты үш бөлімнен тұратын еңбегі жарық көрді. Онда қазақ халқының тарихы мен этнографиясы жөнінде құнды материалдар бар.
П. С. Паллас Германияда дүниеден өткен.
П. С. Паллас туралы әдебиет
Литература о П. С. Палласе
Кітаптар - Книги
Қалиев, С. Ұлы далада ұлы халық тұрады [Мәтін] / С. Қалиев, Д. Абаева // Үлгілі үйдің ұл-қызы = Народ - истинный воспитатель. - 2000.
Қарасаев, Ғ. Қазақстанның Шығыс өңірі ХVIII-XX ғасыр басындағы Батыс орыс зерттеушілері шығармаларында, ғылыми-көпшілік басылымдары деректерінде [Мәтін] : тарихнамалық бағыт / Ғ. Қарасаев . - Өскемен : Медиа-Альянс, 2006. - 396 б.
****
Проблемы физической, экономической и медицинской географии Казахстана [Текст] : материалы научных конференций, посвященных 50-летию Великой Октябрьской социалистической революции. - Алма-Ата: [б. и.], 1967. - 157 с.
Голенкова, Александра Ивановна. Следопыты Байкала [Текст] / А. И. Голенкова. - М.: Мысль, 1973. - 190 с.
Соколов В.Е. У истоков отечественной териологии [Текст] / В. Е. Соколов. - М.: Наука, 1986. - 519 с.
Немцев М. С. "Лениногорск литературный" [Текст] : биографический справочник / Немцев М. С. - Лениногорск: Полиграф-Сервис, 2002. - 167 с.
Лухтанов А. Г. Алтайское притяжение [Текст] : очерки по истории Восточно-Казахстанской области / А. Г. Лухтанов . - Усть-Каменогорск: Медиа-Альянс, 2006. - 459 с.
Лухтанов А. Г. П. С. Паллас в Восточном Казахстане [Текст] / Лухтанов А. Г. // Алтайское притяжениеочерки по истории Восточно-Казахстанской области А. Г. Лухтанов / А. Г. Лухтанов. - Усть-Каменогорск : Медиа - Альянс, 2006. -Паллас П. С. : с.17
Лухтанов А. Г. Первопроходцы Алтайского Прииртышья [Текст] / Лухтанов А. Г. // Алтайское притяжениеочерки по истории Восточно-Казахстанской областиА. Г. Лухтанов / А. Г. Лухтанов. - Усть-Каменогорск : Медиа - Альянс, 2006. - с. 7
Немцев М. С. Литературный Риддер [Текст] : биографический справочник / Немцев М. С. - Усть-Каменогорск: Медиа - Альянс, 2012. - 245 с.
Боркин Л. Я. Дорогами Петра Симона Палласа (по западу Казахстана) [Текст] : посвящается 25-летию Санкт-Петербургского союза ученых / Л. Я. Боркин, Б. К. Ганнибал, А. В. Голубев. - Санкт-Петербург - Уральск, 2014. - 312 с.
Сытин А. К. Ботаник Петр Симон Паллас [Текст] / А. К. Сытин. - М.: Товарищество научных изданий КМК, 2014. - 456 с.