Известные имена

Петровский Н.А.

Петровский Никандр Александрович

Петровский Никандр Александрович ( 1891 - 1968) - зерттеуші.

Никандр Александрович Петровский 1891 жылы 16 қыркүйекте Өскемен қаласында туған. Әкесі қазақ болыстарында хатшы болған, анасы - Сібір әскери казактарының отбасынан шыққан. Бала кезінде Никандр Петровский Өскемен қалалық училищесінде бүгінде атақты жазушы Е.Н. Пермитин мен А.М. Волковпен бірге оқып, «революцияшыл көңіл-күйі» үшін 6 класта оқудан шығарылған.
1913 жылы Е.Н. Пермитинмен бірге бастауыш мектеп мұғалімі атағын алу үшін жедел емтиханды сәтті тапсырып шығады. Н.А. Петровский Біріншідүниежүзілік және Азаматтық соғысқа қатысқан. Соғыс біткен соң Украинада мұғалім болып қызмет істеген. 1927 жылы Петровский Ярослав педагогикалық институтының әдеби-лингвистика бөліміне түсіп, 1930 жылы бітіріп шыққан. Алған білімін азырқанған ол Ташкент медицина институтына түсіп, оны 1940 жылы бітіреді. 1957 жылы зейнетке шыққанға дейін Никандр Александрович алдымен Орта Азияда, содан кейін Шығыс Қазақстанда дәрігер және мұғалім болып жұмыс істеген.
Никандр Александрович жас кезінен тілтанумен әуестеніп, жаңа орыс сөздерін жинақтаған. 1947 жылдан өмірінің соңына дейін орыс есімдері мен ата тегін, олардың шығу тарихын зерттеген. Бірнеше шет тілін меңгерген Н. Петровскиге әлемнің түкпір-түкпірінен ерікті көмекшілер көмектескен. Ғылыми мекемелермен, газет-журнал редакцияларымен, ғалымдармен, жазушылармен, филологтармен, орыс әдебиетін сүйетіндермен хат жазысқан.
Олардың арасында мұғалімдер, дәрігерлер, геологтар, инженерлер, студенттер мен ғалымдар, соның ішінде көрнекті тілтанушылар - Реформатский, Успенский болды.
«Словарь русских имен» атты еңбек 1967 жылы «Совет энциклопедиясы» баспасында жүз мың тиражбен жарық көрді. Жеке есім жазылған 45 мың карточка кітаптың негізін құрады. Негізгі мақсаты – біздің заманымызда орыс отбасында жиі қайталанатын есімдерді тіркеу, басқа тілдерден келген кірме сөздерді анықтап, бүгінгі күнге жеткен көне есімдерді көрсету болды.
Никандр Александрович Петровский 1968 жылы 8 қаңтарда қайтыс болды. Оның артында жеке мол мұрағаты қалған еді. 1975 жылы туыстарымен жазысқан көптеген хаттардың нәтижесінде зерттеушінің мұрағаты Шығыс Қазақстан облыстық мемлекеттік мұрағатына табыс етілді.

 

                                                     Н.А. Петровский туралы әдебиет
                                                       Литература о Петровском Н.А.
Каланчина, И. Листая жизнь-страницу за страницей... / И. Каланчина. - Т. 13. - Усть-Каменогорск : ВКПК Арго, 2023. - 300 с. - (Звено Алтая).
Розанов А. Первороссийские мальчишки : документальные повести / А. Розанов. - Алма-Ата: Жалын, 1988. - 157 с.
                                                                          ***
Вологодская Г. Тайна имени: [О составителе словаря имен, ученом-лингвисте из г. Усть-Каменогорска Н.А. Петровском]// Казахстанская правда. - 1999. - 30 апр.
Ескендиров М. Г. Архивы Восточного Казахстана / М. Г. Ескендиров // Вестник университета "Кайнар". - 2005. - N 3/2. - С. 35-37.
Крутова, Н. Шедевр логики и простоты...: [эсперанто в Восточном Казахстане] / Н. Крутова // Мәдениет жаршысы = Вестник культуры. - 2011. - N 2. - С. 9-10.
Кто вы, "Доктор Эсперанто"? : [о составителе словаря русских имен, ученом-лингвисте из г.Усть-Каменогорска Н.А. Петровском] // Рудный Алтай. - 2011. - 29 окт. - С. 6.
Крутова, Н. В. Последователи Заменгофа в Усть-Каменогорске... : [история эсперанто, в том числе биограф. данные о Н.А. Петровском] / Н. В. Крутова // Рудный Алтай. - 2011. - 2 ноября. - С. 5.
Китляйн, А. Он спас жизнь маленькой Оле : [об устькаменогорском лингвисте Н.А. Петровском] / А. Китляйн. - 2011. - 11 ноября. - С. 8.