Известные имена

Потанин Г.Н.

Григорий Николаевич ПотанинПотанин Григорий Николаевич (1835-1920 гг.), саяхатшы, этногораф

Григорий Николаевич Потанин - орыс географы, этнографы, фольклорисі, саяхатшы, түркі-монғол халықтары мәдениетін зерттеуші.
19 ғасырда Қазақстан Европа ғалымдары үшін аса таныс емес, зерттелмеген аймақ болатын. Осы өлкені тұңғыш зерттеушілердің бірі - орыстың белгілі ғалым-саяхатшысы, этнограф, фольклорист Г. Н. Потанин еді.

Г.Н. Потанин 1835 жылы Ақмола облысы Ямышинск станицасында дүниеге келді. Оның әкесі, казак офицері, хорунжий - Николай Ильич Потанин 19 ғасырдың басында, ғалым –зерттеушілерден де ертерек сауда керуенімен, зерттеуші экспедициялармен бірге қазақ даласын кесіп өтіп, Семейден Қоқан хандығына дейін барып қайтқан. Ол тек жол маршруттарын есіне сақтап қана қойған жоқ, сонымен қатар жолжазба деректерін жазып, хандықтың экономикалық, әскери жағдайын барлап отырған. Көргені мен естігендерін «Хорунжий Н. И. Потаниннің Қоқан хандығы туралы жазбалары» атты еңбегінде жазып отырған. Потаниннің жазбалары алғаш рет «Әскери журналда», кейінірек шетелдегі ғылыми әдебиеттерде басылды.

1946 жылы Г. Потанин Омск қаласындағы Сібір кадет корпусына оқуға түсіп, Шоқан Уәлихановпен бірге оқыды.
Оқуды бітірген соң, жас хорунжий Г. Н. Потанин Семейге, одан кейін Омскіге әскери қызметке жіберілді. Әскери қызметте жүріп Қазақстанға бірнеше рет сапарнама жасады, Верный (Алматы), Құлжа, Алтайда болды. Жас Г. Потаниннің белгілі саяхатшы П.П. Семенов-Тянь-Шанскиймен таныстығы оның өмір жолын анықтауға әсерін тигізді. Сол кісінің араласуымен Г. Потанин әскери қызметтен босап, 1859 жылы наурыз айында Петербург Университетінің физика-математика факультетіне оқуға түсті. Г. Потанин, Н. М. Ядринцев, С.С. Шишков, Ф. Н. Усов сияқты сібірлік студенттердің тығыз байланысының нәтижесінде сібірлік одақтастық құрылды. Туған өлке - Сібірді зерттейтін пікірлес студенттердің үйірмесі сияқты құрылған бұл одақ көп кешікпей қоғамдық-саяси бағыт ала бастады. 60-жылдардың басында олар Ресейдегі демократиялық реформалар үшін ашық күресе бастады. 1861 жылы Г. Потанин студенттік толқуларға қатысқаны үшін тұтқындалып, Сібірге жер аударылды.kadet omsk

1862 жылы ол өзінің алғашқы ғылыми экспедициясына, Оралға аттанды. 1863-1864 жылдары Шығыс Қазақстанға бірнеше мәрте саяхат жасады.
1874 жылы Г. Н. Потанинге монғол экспедициясына дайындалу үшін Петербургте қалуға рұқсат етілді. 19 ғасырдың 70-90 жылдарында Орта Азия мен Сібірдің аз зерттелген өңіріне бірнеше саяхат жасап, география, ботаника, экономика, этнографиядан ауқымды материалдар жинады.

Өмірінің соңғы жиырма жылын Г. Потанин Иркутск, Красноярск, Томск қалаларында өткізіп, жаз айларында Алтайға, Байкалға, Қырғыз далаларына саяхат жасап, халық ауыз әдебиетінің тамаша үлгілерін - аңыз -ертегілерді жинастырып, шығыс дәуірі туралы өз еңбегін толықтыра түсті. 1917 жылы қазақ тілін жақсы меңгерген Г. Потанин Орынборда өткен жалпықырғыздық бірінші сьезге Семей облысынан делегат болып қатысып, жалпыресейлік құрылтай жиналысына делегат болып сайланды
Григорий Николаевич Потанин 1920 жылы 30 маусымда Томск қаласында дүниеден өтті.

Тянь-Шань жоталарының біріне, Алтайдағы Таван-Богдо-Ула тауларындағы ең ірі мұздыққа, 9915-астероидқа, қызғылт тұқымды – потаниния өсімдігіне Г. Потанин есімі берілді. .
Сібірдің бірнеше қалаларында, Алматы қалаларында Г. Потанин атындағы көшелер бар.
Г.Н. Потанин - Орыс география қоғамының құрметті мүшесі, Томск қаласының Құрметті азаматы. Томск қаласында Г. Потанинге ескерткіш орнатылған.

Григорий Николаевич Потанин туралы:

Қарасаев Ғ. Қазақстанның Шығыс өңірі ХVIII-XX ғасыр басындағы Батыс орыс зерттеушілері шығармаларында, ғылыми-көпшілік басылымдары деректерінде [Мәтін] : тарихнамалық бағыт / Қарасаев Ғ. - Өскемен : Медиа-Альянс, 2006. - 396 с.
Қоңыратбаев Ә. Қазақтың "Қозы-Көрпеш" жыры туралы [Мәтін] / Қоңыратбаев Ә. - Алматы : Көркем әдебиет, 1959. - 150 с.
Таңатарова Ж. Т. Г. Н. Потанин және қазақ зиялылары [Текст] / Таңатарова Ж. Т. // ҚазМУ хабаршысы. Тарих сериясы. - 2006. - №2. - Б. 194-198
Таңатарова Ж. Т. Г. Потаниннің Тибет аймағы мен Қытайға жасаған екінші саяхаты [Текст] / Таңатарова Ж. Т. // Қазақ өркениеті=Казахская цивилизация. - 2006. - №2. - Б. 5-12
Таңатарова Ж. Т. Григорий Потанин - қоғамдық-саяси қайраткер [Текст] / Таңатарова Ж. Т. // Қазақ Ұлттық Университетінің хабаршысы. Тарих сериясы. - 2006. - №1. - Б. 141-144
Таңатаров Ж. Потанин және халық ауыз әдебиеті [Текст] / Таңатаров Ж. // Қазақ тарихы. - 2006. - №3. - Б. 17
Қорғасбаева М. Потанин - қазақ фольклорын зерттеуші [Мәтін] / М. Қорғасбаева // Мектептегі ғылыми жұмыс. - Алматы, 2010. - N 1.- Б.31-34.
Таңатаров Ж. Григорий Потанин және Сiбiрдегi саяси топтар // Қазақ тарихы.- 2007.- N 3.- 75-77 б.- Библиогр.: 15 атау

Г.Н. Потанин және Шоқан Уәлиханов

Г.Н. Потанин – этнограф, фольклорист

Интернет-ресурстар

Томскідегі Сібір интеллигенциясы

Г. Н. Потанин және Шығыс Қазақстан

Сібір ақсақалы – Григорий Потанин