Известные имена

Есімдер

Хочу продать квартиру. Ипотека можно ли продать квартиру быстро. Можно продать долю в квартире. В каком банке брать ипотеку. Стоит ли брать ипотеку сегодня. На какой срок брать ипотеку. Утепление стен своими руками. Быстрое утепление стен пенопластом своими руками. Технология утепления стен. Ремонт видеокарты ноутбука. Быстрый ремонт видеокарты своими руками. Сколько стоит ремонт видеокарты. В каком банке взять автокредит. Где выгоднее взять автокредит без проблем. Бесплатный сервер wow. Рейтинг серверов wow сайт. Сервера wow mangos. Чертежи самодельных станков. Скачать чертежи станков для холодной ковки. Сверлильный станок чертеж. Договор аренды квартиры. Стоимость аренды квартиры в Москве. Снять в аренду квартиру.

Чихачев П.А.

Чихачев П. Чихачев Петр Александрович (1808-1890 гг.), ғалым - саяхатшы

Шығысты жан -жақты зерттеуді XIX ғасырда Батыс Европа мен Ресейдің саяхатшылары, ғалымдары мен үкімет қызметкерлері жүйелі іске айналдырғаны мәлім.
Оның өзіндік әр түрлі себептері бар. Еуропа мемлекеттерінде, Ресейде капитализмнің дамуы, осыған байланысты қазба байлығына, шикізатқа мол сұраныс, тауарларын сатып алатын елдер мен халықтарды іздеу, оларды мүмкіндігінше өздеріне бағындыру XVIII-XIX ғасырдағы капиталистік мемлекеттердің негізгі экономикалық саясатына айналды.
Осы мақсатта патша өкіметі ең әуелі экспедициялар ұйымдастырып, Батыс, Шығыс Сібірді, соның ішінде Алтайдың қазақ жақ бетін ғылыми тұрғыда зерттеуге 1842 жылдың басында кіріседі. Оған бүкіл әлемдік, география ғылымына үлкен үлес қосқан аса талантты ғалым, Ресей және басқа көптеген Батыс Еуропа мемлекеттері Ғылым академиялары мен Географиялық қоғамдарының мүшесі П.Чихачев бастаған экспедиция аттандырылады.

Экспедицияға аталған өлкені, әсіресе Оңтүстік Алтайдың табиғатын, жер қойнауын, ондағы халықтың кәсібін, Ресейдің отарлық саясатына жергілікті халықтың көзқарасын білу тапсырылады. П.Чихачев бұл міндетті өзіне тән іскерлікпен орындап шығады.

Оңтүстік Алтайды, осы арқылы қазіргі Шығыс Қазақстан территориясының табиғи байлығын, ондағы негізгі халықтың тұрмысын зерттеп, көргендерін жаза отырып, қазақ жері табиғатының ерекшелігін, байлығын көрсетіп, сол кездегі алғашқы зерттеушілердің қатарында қазақ халқына оңды баға береді. Ол қазақтардың шаруашылығына, тұрмыс салты мен дәстүріндегі ерекшеліктеріне тоқталады.

Чихачев Петр "Оңтүстік Алтайға саяхат" атты кітабын жазды. Оған шетел ғалымдары жоғары баға берді. Осы еңбек арқылы Еуропа оқырмандары Алтай тауларының оңтүстігін мекендеген қазақ деген халық бар екендігін білді, оның өзіндік ерекшелігімен, тұрмысымен танысты. "Шемонайха жазығынан шыққаннан кейін бізге осы жердің иесі қазақ ауылдары кездесе бастады, әр үйден байлық пен тазалықтың белгісі білініп тұрды,- деп жазады Чихачев.

Біз П.Чихачевті қазақ халқының тарихи дамуын, дүниетанымын зерттеудегі прогрессивті ғалым, саяхатшы деп толық айта аламыз.