Николай Михайлович Ядринцев (1842-1894) - зерттеуші, этнограф, географ.
Николай Михайлович Ядринцев 1842 жылы Омбыда дүниеге келген. Әкесі – көпес, анасы – крепостной шаруа болады. 1859 жылы гимназияны бітірместен, Петербург университетіне еркін тыңдаушы болып оқуға түседі. Студенттер арасындағы революциялық ахуал жас зерттеушіні де немқұрайды қалдырмады. «Искраға» мақала жазып үлгерген ол алғашқылардың бірі болып университеттен қуылады. Бұдан кейін ол Омбы қаласына қайтып оралады. Революциялық үйірмелерге қатысып, жиналыстарда сөз сөйлеп, елді самодержавиеге қарсы тұруға шақырды.
1865 жылы Н.М. Ядринцев қамауға алынып, 9 жыл түрмеде, Архангельскі губерниясының Шенкурскі деген жеріне жер аударылады. 1873 жылы бостандыққа шыққан соң, сібір өлкесін зерттеумен айналысады. Ол тарих, антропология, этнография, археология салаларымен шұғылданады. Николай Михайлович – социолог, статистик, заңгер, экономист, публицист ретінде танылған.
Сібір этнографиясын зерттеу, археологиялық ізденістер, Сібір халықтарының ауызша халық шығармашылығы үлгілерін жазуы және сонымен қатар елеулі әдеби-публицистикалық және қоғамдық-саяси қызметі – оның атқарған істері мен еңбектерінің ауқымы осындай.
Аты аңызға айналған Қарақорымның қираған жұртын, сондай-ақ Орхон-Енисей таңбалы жазуы атанған көне түркі жазуы ескерткіштерін ашуы - Николай Михайлович Ядринцевтің ғылымға сіңірген елеулі еңбегі.
Николай Михайлович Ядринцев – Сібір туралы ірі еңбектердің: «Сібір-Отар» (1882), «Сібірдің бұратана халықтары, олардың тұрмысы мен қазіргі жағдайы» (1891), «Түрме мен айдаудағы орыс қауымы» (1875), өз заманының көкейкесті мәселелеріне арналған көптеген мақалалардың авторы.
Өмірінің соңында зерттеуші Барнауыл қаласына қоныс аударады. Сол жылы 52 жасында өмірден өтеді.
Н. М. Ядринцев туралы әдебиеттер
Литература о Ядринцеве Н. М.
Алексеенко Н.В. Публицист: (Н.М. Ядринцев) // Алексеенко Н.В. Хранители памяти. - Алма-Ата, 1988. - С.105-114.
Гацунаев Н.К Географы и путешественники .-М: "Рипол Классик",2000. - 566-568с.
Алексеенко Н.В. Хранители памяти.- Алма-Ата: Казахстан, 1988.- 144 с.
Косенко П. Скрещение судеб: Историческая хроника.- Алма-Ата: Жазушы, 1981.- 208 с.
Косенко П. Скрещение судеб: Историческая хроника и биографические повести.- Алма-Ата: Жазушы, 1985.- 400 с.: ил.
Сагалаев А.М., Крюков В.М. Г.Н.Потанин: Опыт осмысления личности.- Новосибирск: Наука, 1991.- 231 с.
Алексеенко Н.В.Хранители памяти.- Алма-Ата:Казахстан, 1988.- с.105-114
Мақалалар – Статьи
Галиев, В. З. Ақиқат айғақкері [Мәтін] / Галиев В.З. // Қазақстан-Заман. - 2002. - 25 қазан. - Б. 11.
Кущ, Г. Путеводные рассказы : [описание Восточного Казахстана в дневниках путешественников XVIII-XIX вв. ] / Г. Кущ. // Мәдениет жаршысы = Вестник культуры. - 2010. - N 7. - С. 15-17. ; Семь дней. - 2010. - 29 июля. - С. 9.
У истоков мараловодства : [отрывок из статьи Н. М. Ядринцева "Сведения о мараловодстве в Алтае", август 1878г.] / подгот. Р. Фазылов. // Арайлы Катонқарағай. - 2025. - 11 шілде (№ 27). - С. 5.
Очерки путешествия по Алтаю : [отрывок из материалов труда Н. М. Ядринцева "Алтай и его инородческое царство] / материал подготовил Р. Фаизов. // Арайлы Катонқарағай. - 2025. - 25 июля (№ 29). - С. 6.