Рахимова Рая Жанғалиқызы (1953 ж.) – дәрігер, балалар хирургі, Шығыс Қазақстан облысының Құрметті азаматы
1953 жылы 8 маусымда Семей облысы (қазіргі Шығыс Қазақстан), Абай ауданы, Қарауыл ауылында дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар: медициналық және экономикалық. 1976 жылы Алматы медициналық институтының «Емдеу ісі» факультетін бітірген. Институтты бітіргеннен кейін 1982 жылға дейін Өскемен қаласының Жедел медициналық жәрдем ауруханасында хирург болып жұмыс істеген. 1982 жылдан – №1 қалалық ауруханада хирург, 1989 жылдан - Облыстық балалар ауруханасының хирургия бөлімшесінің меңгерушісі және сонымен қатар штаттан тыс облыстық балалар хирургі қызметін атқарған.
1999 жылы «Облыстық балалар ауруханасы» КМҚК директоры болып тағайындалды және өзінің хирургиялық қызметін жетілдіре отырып, хирург жұмысын қоса алып жүреді. Алматы, Мәскеу, Санкт-Петербург және Баку қалаларында хирургия бойынша мамандандырудан өтіп, біліктілігін арттырған. 2001 жылы Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебінің сертификатын ала отырып, «Реформалау жағдайындағы денсаулық сақтауды басқару және экономика» атты оқу курсын аяқтайды. 2002 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің «Әлеуметтік орта мен салалардағы экономика» мамандығын сырттай аяқтады. 2003 жылы «Әлеуметтік медицина, денсаулық сақтауды басқару мен ұйымдастырудың өзекті мәселелері» циклі бойынша Өскемен қаласының АМДБЖИ-де мамандандырудан өтті.
2005 жылы Алматы қаласында «Балалар жасындағы шұғыл хирургия» мамандандыруынан өткен. 2002 жылы Өскемен қаласында өткен «Экология және балалар» республикалық конференциясының негізгі ұйымдастырушыларының бірі болды. Шығыс Қазақстан облысы Денсаулық сақтау департаментінің кәсіпорын директоры және штаттан тыс балалар хирургы бола отырып, емдеу, ұйымдастыру және кеңес беру жұмыстарын жүргізеді және сонымен бірге жаңа туған нәрестелердегі ақаулардың көптеген күрделі операцияларын, урологиялық және проктологиялық операцияларды және абдоминальды хирургияны жүргізе отырып, балалар хирургінің үлкен практикалық қызметін жалғастырады. Ғылыми-практикалық мақалалар жинағында және халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдарының жинағында хирургия бойынша баспа жұмыстары бар.
Денсаулық сақтау саласының үздігі, «Еңбектегі ерен еңбегі үшін» медалімен, «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталған. Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының үшінші және төртінші шақырылымдарының депутаты.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 12-1) тармақшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан зор үлесі мен сіңірген еңбегі үшін Рахимова Рая Жанғалиқызына «Шығыс Қазақстан облысының Құрметті азаматы» атағы берілсін.
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2010 жылғы 24 желтоқсандағы № 26/319-IV шешімі.
Тұрмыста, екі ұлы бар.
Р. Ж. Рахимованың мақаласы
Статьи Р. Ж. Рахимовой
Рахимова, Р. Күршімге барған сапарымыз үлкен өзгеріске бастады./сұхб. Ж. Мұқатай // Күршім жаршысы. - 2024. - 12 шілде. - Б. 4
Р. Ж. Рахимова туралы әдебиет
Литература о Р. Ж. Рахимовой
Шығыс Қазақстан Облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. - Рахимова Р. Ж.: б.630.
Р. Ж. Рахимова туралы мақала
Статьи о Р. Ж. Рахимовой
Минченко, В. Проводы года под брызги шампанского [Текст] : [о враче Р. Ж. Рахимовой] / В. Минченко // Рудный Алтай. - 2010. - 30 дек. - С. 1, 2.
Оркушпаева, Н. Большие дела хрупкого "генерала" [Текст] : [о враче Р. Ж. Рахимовой] / Н. Оркушпаева // Рудный Алтай. - 2017. - 27 июля. - С. 23
Интернет ресурстар
Интернет ресурсы
Рахимова Р. Ж. [Электронный ресурс] //Официальный портал представительной власти
Восточно-Казахстанской области : сайт, - Режим доступа : http://www.maslihatvko.gov.kz/ru/book_9.htm
Якунина, И. Главный врач Центра матери и ребенка Рая Рахимова добилась открытия в Восточном Казахстане современного детского диагностического центра [Электронный ресурс] : сайт. – Режим доступа : https://astanatv.kz/ru/news/42254/
Рахимова Рая [Электронный ресурс] //Официальный сайт национального конкурса «Друг детства». - Режим доступа : http://www.drugdetstva.kz/news/detail/678
Рейш Бруно Эрихович (1927-1992) – Қазақ ССР-іне еңбегі сіңген дәрігері, денсаулық саласының үздігі.
1927 жылы Ростов-на-Дону қаласында дәрігер отбасында дүниеге келген. 1950 ж. Алматы медицина институтын (қазір С. Д. Асфендияров атындағы ұлттық медицина университеті) үздік бітірген. Талдықорған облыстық денсаулық сақтау бөлімінде бас хирург болған.
1962 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облысында еңбек етті. Лениногор полиметалл комбинаты (Риддер қ.) медицина бөлімшесінің хирургия бөлімінің меңгерушісі болды. 1962 ж. желтоқсан айынан бастап – облыс хирургі және облыстық аурухананың хирургия бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды. Шығыс Қазақстанда алғаш рет жүрекке операция жасау тәжірибесін жүргізіп, жүздеген адамның өмірін сақтап қалды.
Бруно Эрихович өмірінің соңғы сәтіне дейін өз ісіне адал болды. Емделіп, дертіне шипа тапқан көпшілік дәрігердің шипалы қолын еске алып, шынайы алғысын білдіреді.
Бруно Эрихович Шығыс Қазақстанда хирургия ісінің қалыптасуы және дамытуға көп күш-жігерін жұмсады. Көптеген жас дәрігерлерді тәрбиелеп, жоғары кәсіби шеберлікке үйретті.
Б. Э. Рейштің Өскемен қаласы және облыс көлеміндегі қоғамдық қызметі кеңінен танымал. Ол СССР халық депутаты болып сайланды, өңір экологиясы, облыстық диагностика орталығы құрылысы мәселелерін шешуде бастама көтерді, халық арасында ағартушылық жұмыстар жүргізді.
Ленин, Еңбек Қызыл ту ордендері, медальдармен марапатталған.
Б. Э. Рейш 30 жылдан астам қызмет еткен (1961-1992) Шығыс Қазақстан облыстық аурухана ғимаратына мемориалдық тақта орнатылған.
Деректер
Источники
Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия / бас ред. Б. Жақып. – Алматы, 2014. – Рейш Б. Э.: с. 633.
Воронова, В. Он не давал оценки своему сердцу [Текст] : [о Рейше Б. Э.] / В. Воронова // Рудный Алтай. - 2001. - 22 сент. - С. 20.
Воронова, В. Прежде всего было дело [Текст] : [воспоминания о главном хирурге областной больницы Б. Э. Рейше] / В. Воронова // Рудный Алтай. - 1995. - 30 сент.
Розанов, А. Главный хирург [Текст] : народный депутат СССР / А. Розанов // Рудный Алтай. - 1989. - 27 июня.
Когда звезды зажигаются не на небесах [Текст] : [история областной больницы, и о Рейше Б. Э.] // Мой город. - 2009. - 8 окт. - С. 35.
Рейш Бруно Эрихович [Текст] : [заслуженный врач КазССР; некролог] // Рудный Алтай. - 1992. - 12 декабря. - С. 2.
Старокожев Юрий Александрович (1960) – медицина ғылымдарының кандидаты, Денсаулық сақтау ісінің үздігі, Өскемен қаласының Құрметті азаматы, ШҚО денсаулық сақтау басқармасының “Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған медициналық орталығы” ШЖҚ КМК бас дәрігері.
1960 жылы 1 қазанда Шығыс Қазақстан (бұрынғы Семей) облысы, Үржар ауданы, Некрасовка ауылында дүниеге келген. Орта мектепті аяқтағаннан кейін 1978-1980 жылдары Совет Армиясы қатарында әскери борышын өтеген. Әскерден қайтқаннан кейін Семей медицина институтына оқуға түскен. Институтты тәмамдағаннан кейін «Неврология» мамандығы бойынша Шығыс Қазақстан облыстық ауруханасына жолдама алған.
Интернатураны аяқтаған соң 1989 жылы «Өскемен қаласының №1 қалалық ауруханасына» нейрохирургия бөлімшесіне нейрохирург дәрігер ретінде жұмысқа қабылданған. 1994 жылы нейрохирургия бөлімшесінің меңгерушісі, Шығыс Қазақстан облысы Денсаулық сақтау Департаментінің бас штаттан тыс нейрохирургы ретінде тағайындалған.
04.12.2002 ж. Қазақстан Республикасының 10 жылдық тәуелсіздігіне арналған мерейтойлық медалімен, Қазақстан Республикасының кәсіби одағының орталық комитетінің мақтау қағазымен марапатталған. 10.04.2004 ж. «Медицина ғылымдарының кандидаты» ғылыми дәрежесі берілген, 05.12.2001 ж. «10 жыл Астана» медалімен, 05.12.2011 ж. №3133 «Құрмет» ордені, №119 «ҚР Денсаулық сақтау үздігі» белгісімен марапатталған, 2016 жылы Өскемен қаласының Құрметті азаматыатағы берілген. 2012 жылы ШҚО ДСБ “ШҚО ММО” ШЖҚ КМК бас дәрігері ретінде тағайындалған.
Отбасылы, екі қыз тәрбиелеген.
Ю. А. Старокожев туралы әдебиет
Литература о Старокожеве Ю. А.
Бұл екеуіміздің өмірбаянымыз, бұл екеуіміздің тағдырымыз! = Это наша с тобой биография, это наша с тобой судьба! [Мәтін] / ред. Г. Володина. - Өскемен : Рекламный Дайджест, 2007. - 194 с.
Ю. А. Старокожев туралы мерзімді басылым беттерінде жарық көрген мақалалар
Публикации о Ю. А. Старокожеве в периодических изданиях
Минченко, В.Впереди планеты всей... [Текст] : нейрохирурги из Усть-Каменогорска / Минченко В. // Рудный Алтай. - 2006. - 23 дек. - С. 1-2.
Интернет-ресурстар
Интернет-ресурсы
https://flashpress.kz/blog/flash/1288.html
https://med.mcfr.kz/person/29511-starokojev
Сағатова Мадиша Ескенқызы (1964) – санитарлық-эпидемиологиялық сараптама дәрігері.
1964 жылы 21 қазанда дүниеге келген.
Орта мектепті бітіргеннен кейін Қарағанды медициналық институтына, профилактикалық медицина, биология және фармация факультетіне оқуға түскен.
Еңбек жолы 1989 жылдан басталған. Қазіргі уақытта «Ұлттық сараптама орталығы» филиалының Шығыс Қазақстан облысы бойынша Аса қауіпті инфекциялар зертханасының меңгерушісі болып жұмыс істейді.
Мадиша Ескенқызы өзінің еңбек жолында қауіпті инфекциялардың өршуін жоюға ат салысқан. Мысалы, ШҚО бойынша және Абай облысы бойынша сібір жарасының өршуі. Сонымен бірге, 1999-2000 жылдары Шығыс Қазақстан облысында 3000-нан астам адам ауырған лептоспироз ауруымен күрескен. 2009 жылы шошқа тұмауының өршуі М. Ескенқызының қатысуымен қысқа мерзімде жойылды.
Коронавирустық инфекция «Ұлттық сараптама орталығы» зертханаларының сарапшылары үшін жаңа сынақ болды. Пандемия кезінде тоқтаусыз жұмыс істеуге тура келді.
Мадиша Ескенқызы ғылыми қызметпен де айналысып үлгереді. Ол жариялаған 20-дан астам ғылыми мақалаларында біздің сарапшы ЖРВИ вирустарын, ШҚО аумағында тұмау айналымын, сібір жарасы қоздырғышының штамдарын анықтау әдістерін, кене энцефалитінің ошақтарын зерттеді.
Сондай-ақ, ол білімін үнемі толықтырып отырады, жаңа зертханалық технологиялар, процестердің сапасын басқару үрдісінде болуға тырысады.
Еліміздің санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығына қол жеткізудегі белсенді жұмысы үшін Мадиша Ескенқызы «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласының үздігі» төсбелгісімен, «Шапағат» медалімен, «Халық алғысы» медалімен марапатталды. 2020 жылы «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.
2023 жылы Мадиша Сағатова «Санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманың үздік маманы» номинациясын иеленген.
Түселбаев Әскертай Слямович (1946-2015) – танымал хирург, Шығыс Қазақстанда эндоскопиялық хирургия негізін қалаушының бірі, медицина ғылымдарының докторы, профессор.
1964 жылы 7 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданында дүниеге келген. Чердояк мектеп-интернатын бітірген соң, Семей қаласындағы Медицина институтына түседі (қазір Семей қ. Мемлекеттік медицина университеті). Хирург ретіндегі еңбек жолы Тарбағатай ауданында басталып, кейін Өскемен қаласында жалғасты.
Ә. Түселбаев Шығыс Қазақстан облысында алғаш рет жүрекке операция жасауды тәжірибеден өткізген, есімі аңызға айналған Бруно Эрихович Рейштің шәкірті болды.
Ұстазы Б. Э. Рейш қайтыс болған соң ол Шығыс Қазақстанның бас хирургі болып тағайындалды. 43 жыл бойы кәсіби қызметіне адал болған дәрігер білікті дәрігерлер әзірлеп шығарды.
Медицинада эндохирургия саласын дамытқаны үшін «Алтын медаль» және ордендермен марапатталған.
2015 жылы 7 желтоқсанда қайтыс болды.
Деректер
Источники
Минченко, В. Врач - это не профессия, а состояние души... [Текст] : [о Туселбаеве А. С.] / В. Минченко // Рудный Алтай. - 2004. - 29 апреля. - С. 3.
Аскертай Слямович Туселбаев : [некролог] // Рудный Алтай. - 2015. - 14 декабря. - С. 9.