Күшікбай батыр Қанайұлы (18ғ. 2-жартысы.- өлген жылы белгісіз.)
Күшікбай – ХVІІІ ғасырдың соңында өмір сүрген қазақ батыры.Орта жүз, Уақ тайпасынан шыққан. Батыр жайындағы нақты деректер мардымсыз болғанымен, ел ішіндегі аңыздан мәлімі, қоныс еткен жеріне тосыннан шабуылдап, ауылдастарының малын тартып әкеткен ойрат-қалмақтардың соңынан түре қуып келіп, осы жерде айқасқа түскен. Өн бойына шешек қаптап, ауыр халде жатқанына қарамастан, атқа қонған ол жаудың бетін қайтарғанымен, жарақаты ауырлап, жасы 20-дан енді асқанда осы жерде найзасына сүйеніп тұрып жантәсілім еткен.
Ұлы жерлес жазушымыз Мұхтар Әуезов: «Күшікбай батыр 21 жасында дүние салған екен. Ерте күннен батыр атағын алған. Ол қолбасы атанған тұста шешек тиіп, көп уақыт қозғала алмай жатып қалады. Осыны білген дұшпандары оны қапыда алмақшы болады. Кек буған батыр жалаңаш денесіне желбегей жамыла салып, жауға атой беріпті. Жауын жеңген ол осы асуда ат үстінде найзасына сүйенген қалпы жантәсілі етіпті» деп суреттейді. Күшікбай жоңғар басқыншыларына қарсы күрескен белгілі батырлардың бірі. Ол батырлығына қоса нашарға қайырымды, әділдігімен аты шыққан адам.
Күшікбай кезеңі- Семеймен Шыңғыстауарасындағы Абайсан рет тоқтап, басында түнеген бекет. Семей қаласынан Абай еліне дейін 60 шақырымдай, Арқалықтауынан асатын тұсты «Күшікбай кезеңі» деп атайды. Арқалық тауының биік төбе басында Күшікбай батыр жерленген.Ұлы жазушы М. Әуезов 1917 жылы жазған "Қорғансыздың күні" әңгімесінде Күшікбайдың ерлігі баяндалған. Жазушы Роллан Сейсенбаев «Намыс» повесінде Күшікбай бейнесін сомдаған.
2013 жылы Семей қаласында құралған құрылған «Күшікбай батыр» қоғамдық қорының демеушілігімен батырдың басына кесене орнатылған. Монументтің биіктігі 21 м.
2012 жылы Күшікбай батырдың монументінің ашылуына арналған кітапша жарық көрді.
Қанайұлы Күшікбай туралы:
http://abayeli.kz/index.php/en/world-1/item/289-k-shikbaj-batyr
http://qamshy.kz/home/show/4302
http://ortalyk-kaz.kz/publ/tarikh/k_shikbaj_batyr/5-1-0-12206
Үмбетейұлы Көкенай ([1648]-[1728]) – батыр
Көкенай Үмбетейұлы – батыр. Орта жүз құрамындағы арғын тайпасының Тобықты руынан шыққан. Көкенай “Ақтабан шұбырынды, "Алқакөл сұлама” жылдары қол бастаған ірі тұлғалардың бірі. Әнет баба өнегесін алған.
Ел басына күн туып, қалың жұрт бас сауғалай қашқанда, шаңырағына қарлығаштың салған ұясын бұзбаймын деп әулие Әнет баба жұртта қалған деседі. Ал Көкенай батыр бастаған әскер қалың жұрт Қаратаудан асып, көшіп кеткенше жаудың алдын алып, тосқауыл қоюды ұйымдастырады. Осындай аласапыран шақта Әнет бабаның ат жалын тартқан бес бірдей ұлы жау қолынан қаза табады. Бес баласының қазасын естігенде «елі үшін құрбан болған ұлдың арманы жоқ» деп, Әнет баба қайғыға мойымайды. Әнет баба 1723 жылы Қаратау-Қошқарата деген жерде қайтыс болған. Шек-қарнын, өкпе-бауырын сол Қошқар-атаға көміп, сүйегін сөрелеп Көкенай батыр Түркістанға, Қожа Ахмет Яссауи мавзолейінің қасына әкеп жерлеген екен.
“Қалқаман-Мамыр” дастанында Көкенай батыр, мінезі қатты кісі тұлғасында суреттелген. Көкенай батыр мәйіті Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Иасауи кесенесіне жерленген.
Дереккөздер:
Шығыс Қазақстан облысы.Энциклопедия/ Бас ред. Б.Ө. Жақып. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2014.-Б.402.
Қазақ Энциклопедиясы, 11 – том
Кемелбаева, А. Көкенай мен Қалқаман [Текст] / А. Кемелбаева // Абай. - 2012. - №1-4. - б. 188-195.
Шынкожа Базаркулулы (1706-1768) – казахский батыр, полководец
Шынкожа батыр из племени Найман рода Каракерей. Родился в 1706 году. По историческим данным, с юношеских лет Шынкожа отличался храбростью, бесстрашием и ловкостью, за что уже в 21 год прослыл молодым батыром. В борьбе с джунгарским нашествием тума Шынкожа батыр сражался в отряде Каракерей Кабанбай батыра. В 1727 г. в битве при Буланты-Билеути он прославился личным героизмом и стал молодым батыром. В 1730 г. он участвовал в битве при Аныракай-Алаколе. В 1752 –1754 годах проявил себя в битве при Чагане и руководил отрядом племен тума, токпак и байгана. Он был отмечен как талантливый воин при освобождении Жетысуского, Алтайского и Тарбагатайского районов от джунгар. Во время казахско-киргизского конфликта Шынкожа был окружен, он отрубил себе палец и передал выжившим героям, для захоронения на казахской земле. Шынкожа погиб в 1768 году в бою в Нарынской области Кыргызской Республики в так называемой «Жаильской резне». Местонахождение тела Шынкожа неизвестно, а его палец был похоронен на холме вдоль реки Нарын в селе Шынкожа Аягозского района Восточно-Казахстанской области. В 1996 году в год 290-летия Шынкожа батыра в Аягозском районе, на месте захоронения его пальца был возведен мавзолей. В 2016 году установили новый памятник – это замена старому, установленному в 1996 году. В первом варианте постамент выполнен из кирпича, во втором – из гранита. Скульптура Шынкожа батыра в обоих случаях – из бронзы, только в последней вариации фигура славного воина восседает на коне. Автор произведения – Еркин Макулбаев, соавторы – Казыбек Дулатов и Бауыржан Жуасбаев из Алматы. Первый вариант монумента установили возле школы населенного пункта.
Именем Шынкожи названа большая улица в Аягозе. Героизм Шынкожа батыра хорошо описан в дилогии И. Жумадилова «Дарабоз».
Шынқожа батыр туралы:
Тоғыз тума тарихы [Электрондық ресурс] : [Тума шежіресі]. - Алматы : Өлке, 2000. - 216 б. с.
Бәйдібек баба - Алып Бәйтерек. Ұрпақтар шежіресі [Мәтін] / құраст. Отаров А. - Алматы : Өнер, 2007. - 816 б.
Жұмаділов, Қабдеш. Дарабоз : тарихи роман-дилогия / Қ. Жұмаділов.
1-кітап. - Алматы : Мерей, 2018. - 488 б
Жұмаділов, Қабдеш. Дарабоз : тарихи роман-дилогия / Қ. Жұмаділов. 2-кітап. - Алматы : Мерей, 2018. - 476 б.
Мамай батыр Жұмағұлұлы (1702-1799) - батыр
Жоңғар шапқыншылығы «Ақтабан шұбырында, Алқакөл сұлама» болып қазақ халқының есінде мәңгілікке қалды. Сыр бойына — қолөнер, -сауда орталықтары болған, қазақ хандығының материалдық құндылықтары жинақталған, саяси орталығы Оңтүстік Қазақстан аймағына 30 мың қолмен жоңғарлар басып кірді. Жоңғар шапқыншылығы кенеттен басталғаны соншалық, әшейіндегі балажан қазақ балаларына да қарамастан бытырай қашты. Халық көптеп қырылды. Бес мың отбасы тұтқынға алынды. Жоңғар билігіне түскен халық салық төледі, қазақ халқының көп бөлігі қашып, Бұқар мен Хиуаны, Самарқандты паналады.
Жоңғар шапқыншылығына қарсы күрес барлық күшті біріктіруді талап етті. Сол кезде қалыптасқан тарихи жағдайдың өзі батырлық пен ержүректілікті, батылдықты алдыңғы қатарға қойды. Барлық жүздер мен ру — тайпаларда соғыс ісі мамандыққа айналып, әр рудың өз батыры, қолбасшысы шыға бастайды. Солардың ішіндегі ерекше көзге түскен дер Бөгенбай батыр, Қабанбай батыр, Жәнібек батыр, Есет батыр, Мамай батырлар еді.
Мамай батыр Жұмағұлұлы 1702 жылы Сырдария өзенінің жағасында туған. Моңғол шапқыншылығы басталған кезде Тобықты руы туған жері Шыңғыстауды тастап, Оңтүстік Қазақстанның Сырдария алқабын паналауға мәжбүр болды.
Мамай бала күннен өз тұстастарының арасынан ақылдылығы мен дене бітімі жағынан ерекше көзге түскен. Өзінің батырлық қасиеттерімен он үш жасынын бастап көріне бастаған. Жас жігіт жоңғарлармен шайқаста ерекше батылдық пен ержүректілік, ептілік танытып, жеке жеңістерімен әйгілі қазақ батыры Қанжығалы Бөгенбайдың ықыласына бөленеді. (1690-1775)
1723 жылғы жоңғар шапқыншылығынан кейін қазақтың үш жүзі жауға соққы беру үшін барлық күш-жігерін біріктіруге күш салысады. Кейінгі жылдар — жоңғарларға қатты соққы берумен тарихта қалған жылдар. Солардың ішіндегі ең үлкен шайқас Мамай батыр қатысқан — Аңырақай шайқасы. Қазақ жерінің көптеген бөлігін жаудан азат етіп, жеңістің алды болды. Өзінің маңызы жағынан Аңырақай шайқасы — орыстың Куликово, Кеңестер Одағының Курск доғасы шайқастарымен пара-пар болды. Осы ұрыста қазақ халқы өзінің бірлігі мен ынтымақтастығын сезінді.
Абылай ханмен бірлесе отырып, Мамай тағыда бірнеше шайқастарға қатысады. 1731 жылы Мамай батырмен бірге қазақтың белгілі батырлары Қабанбай, Бөгенбай қатысқан Балқаш көлінің маңайында ірі шайқас болды. Қазақ әскеріне Абылай хан қолбасшылық жасады.Қазақ батырлары бірлесе отырып, жоңғарларды Батыс Қазақстаннан бастап, Ертістен асыра қуды. Қазіргі Абай ауданы Қызыл ту ауылының маңында Шаған өзенінің бойында ірі қақтығыс болып, «Шаған шайқасы» деген атпен тарихта қалды. Осы тарихи шайқастардың барлығында Мамай батыр Абылай ханның сенімді үзеңгілес серігі бола білді.
Аңыздарға қарағанда Мамай батыр 102 шайқасқа қатысып, жеңіп шыққан. Қазақ қолбасы Абылай Мамай батырға алмас қылыш сыйға тартқан деседі. Бір қызығы, Мамай 92 жасында жекпе — жекке шығып, жеңіске жеткен. Одан кейін бес жыл өмір сүріпті.
1799 жылы Мамай батыр 97 жасында Архатта (Абай ауданы) қайтыс болды.
Мамай батыр Жұмағұлұлы туралы:
Ерасыл С. Ел қорғаны-ер Мамай батыр [Мәтін] : [Семей өңірінен шыққан қазақ батыры Мамай Жұмағұлұлы туралы.] / С. Ерасыл // Алдаспан. - 2015. - 17 қыркүйек.- Б.24.
Тоқтасынқызы , Айжан. Батыр жайлы кітап [Мәтін] : [Тобықты Мамай батыр Жұмағұлұлының өмірі, адами болмысы, кісілік келбеті туралы кітап жарық көрді.] / А. Тоқтасынқызы // Ертіс өңірі. - 2015. - 2 қыркүйек.- Б.12.
Нұғманбекова , Раушан. Мамай батырды ұмыт қалдырған жоқпыз ба? [Мәтін] : [Тобықтының батыры Мамай туралы.] / Р. Нұғманбекова // Дидар. - 2013. - 24 желтоқсан.- Б.7.
Бейсенбаев , Сағындық. Халық батыры Мамай [Мәтін] : [Тобықты Мамай батыр туралы.] / С. Бейсенбаев // Ертіс өңірі. - 2013. - 15 мамыр, 22 мамыр.- б.12
Нұғманбекова Р. Мамай батырға – 300 жыл//Дидар. – 2002. – 16 қараша.- Б.5
Нұғманбекова Р. Мамай батырға 300 жыл [Мәтін] / Нұғманбекова Р. // Дидар. - 2002. - 16 қараша.- Б.5
Қариұлы Қ. Мамай батыр. //Халық кеңесі. – 1993. – 19 қазан.
Интернет-ресурстар :
«Мамай батыр» атты жаңа тарихи-деректі фильмінің тұсаукесері