Известные имена

Мазницын А. А.

maznicyn a a

Мазницын Алексей Алексеевич (1952) – фотожурналист, суретші.

23 наурызда Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласында дүниеге келген. 7 жасында анасы «Смена-6» фотоаппаратын сыйға тартып, Металлургтер мәдениет сарайына фото үйірмесіне берген. Алғашқы фотосуреттерін сол кезде түсіре бастаған. 8-сыныпты бітіргеннен кейін Казэлектромонтажға электр монтері болып жұмысқа орналасады. Алайда өзінің әуестігін тастамай, қабырға газетін шығарады. Құрылыста жұмыс істей жүріп, фотогазет шығарады, әскер қатарында болғанда қасындағыларға дембель альбомдарын жасайды. Әскерден кейін «Кристалл» клубының құрамында болады. Көптеген дипломдар мен грамоталарды иеленген.

Мансабын әуесқойлықтан бастаған, фотосурет жасауды ешқашан тастамаған. 1986 жылдан бастап – кәсіпқой фотосуретші болып, алдымен өндірісте, кейін Алтайэнерго, ВНИИЦветМет ұйымдарында қызмет атқарған. 1999 жылдан бастап әртүрлі газет пен баспаларда штаттан тыс фототілші болған.

Фототілші қызметі барысында түрлі жерлерде болған. Мысалы, шахтада, зауытта, кең далаларда, тіпті шалғай ауылдарда. Оның суреттерінің басты кейіпкерлері - қарапайым адамдар, жануарлар және Шығыс Қазақстанның табиғаты. Фотосуреттен басқа тау, жаяу, шаңғы туризмімен айналысады. Бірнеше шақырым жерді жаяу жүріп өткен.

А.А. Мазницынның керемет суреттері Шығыс Қазақстанның үздік фотоальбомдарына енген, сондай-ақ ол Андрей Кратенконың  «В центре Евразии» атты екі томдық шығармасындағы суреттердің авторы, бірнеше фотокөрмелерге қатысқан және өзі де ұйымдастырған.

 

А.А. Мазницын туралы әдебиет
Литература о Мазницыне А.А.

 

Токобаев, М. Радужный мир Алексея Мазницына [Текст] / М. Токобаев // Рудный Алтай. - 2007. - 15 сентября. - С. 8

Трухачев, А. Прошел тысячи километров, но лучший мой кадр еще впереди [Текст] : [о фотовыставке А. Мазницына] / А. Трухачев // Рудный Алтай. - 2012. - 14 июня. - С. 13.
Кратенко, А. Мастер объектива [Электронный ресурс] / А. Кратенко // Усть-Каменогорск. - 2015. - 5 февраля. - С. 6.
Гаврилова, А. В обнимку с фотоаппаратом [Текст] : [о фотографе из Усть-Каменогорска А. Мазницыне] / А. Гаврилова // Рудный Алтай. - 2015. - 25 сентября. - С. 12.