Николай Павлович Александров (1924 ж.) - монументті өнершебері, мүсінші, 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан. Қазақстан және КСРО суретшілер одағының мүшесі.
1924 ж. 15 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы Шемонайха ауданы Верхубинка ауылында туған. Орал Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер училищесін(1951), Санкт-Петербургтің көркем өнеркәсіп училищесін (1957) бітірген. 1961 жылдан КСРО суретшілер одағының мүшесі. Ол "Түбіт шәлі" (1967), "Қымыз" (1968), т.б. графикалық жұмыстардың және "Жарық ебелегі" (1978), "Бостандық жан тебірентер жақсы сөз" (1985) т.б. мүсіндік еңбектердің авторы.
Қарағанды қаласындағы кинотеатр, мәдени орындарға арналған өндірістік нысандар жобаларын жасады. Үкіметтің тапсырысымен «Қазақ КСР-нің 40 жылдығы», «Қазақстан әйелдерінің екінші съезі», «Қазақ КСРО кәсіптік-техникалық білімінің үздігі» белгішелерінің эскизын жасады.
КСРО мен ҚазССР-ндағы көптеген бүкілодақтық және республикалық көрмелердің қатысушысы. Графикалық көрмеде Ф. М. Достоевский, М. Булгаков шығармаларындағы әйел бейнесін сомдап, пушкин заманындағы әйел портреттерін ұсынған.
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен (1958), 1-дәрежелі Отан соғысы орденімен, медальдармен марапатталған.
Н. П. Александров туралы әдебиет
Литература о Александрове Н. П.
Ұлы Отан соғысына қатысқан Қазақстан суретшілері [Мәтін] = Художники Казахстана - участники Великой Отечественной войны. - Алма-Ата : Өнер, 1985. - 175 б.
Шығыс жұлдыздары: энциклопедиялық анықтамалық. Т.1. – Астана: Фолиант, 2011. – Б.188
Интернет ресурстар
Интернет-ресурсы
Александров Николай Павлович [Электронный ресурс] // Восточно-Казахстанская областная универсальная библиотека им. Абая: сайт. – Режим доступа : http://semeylib.kz/?page_id=10765&lang=ru