Маковеев Леонид Иванович (1911-1998) - сәулетші, Өскемен қаласының Құрметті азаматы.
1911 жылы косторомалық шаруа отбасында дүниеге келген. Еңбек жолын «Ленинградстрой» тресінде үйдің төбесін шатырлаушы болып бастаған. Ленинград коммуналдық шаруашылық инженерлері институтының сәулет факультетін аяқтағаннан кейін Куйбышев қаласында жұмыс істейді. Леонид Маковеев Ұлы Отан соғысына қатысып, рота командирі болды, кейіннен 353 дивизиясындағы атқыштар полкының химиялық қызметін басқарды. Қызыл Ту, Қызыл Жұлдыз жауынгерлік ордендерімен және көптеген медальдармен марапатталған. Соғыстан кейін «Ленгипрогор» институтында 30 жылдан астам жұмыс істеді.
Атақты жобалаушы және сәулетші Леонид Иванович Маковеев - Өскемен қаласының Бас жоспарының бас сәулетшісі. Оның тікелей қатысуымен Өскемен қаласының Бас жоспарына Ленин (қазіргі Н. Назарбаев) даңғылының құрылысы туралы толықтырулар енгізілді және бұл құрылыс жүзеге асырылды. Оның жобасы бойынша ҮМЗ Орталық мәдениет үйі, «Б-Кварталында» көптеген ғимараттар салынды.
Қызыл Ту, Қызыл Жұлдыз ордендерімен, медальдармен марапатталған.
Қаланың халық шаруашылығының дамуындағы үлкен еңбегі үшін 1970 жылғы 14 желтоқсанда Леонид Маковеевке «Өскемен қаласының Құрметті азаматы» атағы берілген.
Л. И. Маковеев туралы әдебиеттер
Литература о Л. И. Маковееве
Шығыс Қазақстан облысы.Энциклопедия. \Бас ред. Б.Ө. Жақып. –Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2014.- 848 б.
Пуссеп, Г. Н. Почетные граждане Усть-Каменогорска / Г. Н. Пуссеп, С. С. Грекова. - Усть-Каменогорск : [б. и.], 2008. - 133 с 250 экз.