Известные имена

Тұрдығұлов Ж.

Тұрдығұлов Жолаушы – суретші, ұлттық музыкалық аспаптар шебері, Қазақстан мәдениетінің қайраткері, Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі, Қазақстан қолөнершілер Одағының мүшесі.Тұрдығұлов Жолаушы Абылғазыұлы (1950 ж.) – суретші, ұлттық музыкалық аспаптар шебері, Қазақстан мәдениетінің қайраткері, Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі, Қазақстан қолөнершілер Одағының мүшесі.

1950 жылы 15 шілдеде Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданында (қазіргі Күршім ауданы) дүниеге келген. 1977 жылы Н.В.Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесін (қазір Орал Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжі)  театрдың суретші-қоюшысы мамандығы бойынша  үздік аяқтады. 1992 жылы Абай атындағы Қазақ Мемлекеттік педагогикалық университетінің көркем  графика факультетін бітірген.

1977-1985 жж. Марқакөл ауданының (қазір Күршім ауданы) халық театрында суретші-қоюшы болды. 1985-1992 жж. Алматы қаласында «Казреставрация» бірлестігінде суретші-реставратор болып жұмыс істеді. 1993 жылдан бастап Абай атындағы Қазақ Мемлекеттік Педагогикалық университетінің көркем графика факультетінде еңбек етті. 

Ж.Тұрдығұлов 2000 домбыра, 100 қобыз және 20 жетіген аспабы, сондай-ақ, басқа да, ұлттық музыкалық аспаптар жасады.

КСРО Мәдениет министрлігі және Мәдениет қызметкерлері кәсіподағының грамоталарымен марапатталды.

 «Үкілі домбыра» (1996) үшінші республикалық конкурстың бас жүлдесінің иегері,  «Алтын домбыра» (1996) арнайы жүлдесінің иегері, варганд  музыкасының үшінші халықаралық конгресінің лауреаты (1998, Австрия, Мольн), «Алтын қобыз» арнайы жүлдесінің иегері, қылқобыз жасаушы шеберлер арасында өткен «Дана қобыз» республикалық конкурсы бас жүлдесінің иегері (2006), «Әлем жауһарлары»  халықаралық ғылыми-шығармашылық фестиваль лауреаты (2009, Түркіменстан, Ашхабат).

Күршім ауданының Құрметті азаматы (2020 ж.)

Ж. Тұрдыгұлов туралы әдебиеттер

Литература о Ж. Турдыгулове

Шығыс жұлдыздары [Мәтін] : энциклопедиялық анықтамалық. Т. 1. - Астана : Фолиант, 2011. – Тұрдығұлов Жолаушы : б. 278.

Ахметжан, Т. Шебер де,әнші де,күйші де-өзі [Мәтін] : [домбыра жасаудың белгілі шебері Ж. Тұрдығұлов туралы] / Т. Ахметжан // Түркістан. - 1998. - 18-24 наурыз.

Тұрдығұлов, Ж. Қолөнер де құпия [Мәтін] : [белгілі қолөнер шебері,"Үкілі дамбыра" байқауының жеңімпазы Жолаушы Тұрдығұловпен сұхбат... / Ж. Тұрдығұлов, сұхб. Б. Төлепберген] // Ана тілі. - 1998. - 9 сәуір. - Б. 15.

Салықбаев, С. Жолаушы [Мәтін] : [марқаның төл тумасы Жолаушы Тұрдығұловтың шығармашылық кеші туралы ] / С. Салықбаев // Дидар. - 2000. – 12 қыркүйек.

Сахариев, Е. Жолаушы Тұрдығұловқа [Мәтін] : өлең / Е. Сахариев // Қазақстан - ZAMAN. - 2007. - 15 қараша (N 46). – Б. 10.

Тасболатова, К. Домбыраның хас шебері [Мәтін] / К. Тасболатова // Түркістан. - 2007. - 23 ақпан.- Б. 12.

Рабилова, З. Ж. Жолаушы [Мәтін] = Zholaushy / З. Ж. Рабилова. - Алматы : Атамұра, 2010. - 256 б.

Рәбілова, З. Сирек кәсіп иесі [Мәтін] / З. Рәбілова // Дарабоз . - 2010. - № 4. - Б. 57-61.

***

Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. - Тұрдығұлов Жолаушы. - Б. 758.

Маципуло, А. У нас пополнение! [Текст] : в областном музее искусств появились уникальные экспонаты / А. Маципуло // Устинка плюс. - 2012. - 15 марта. - С. 10.

Интернет ресурстар

Интернет-ресурсы

"Қылқалам" бағдарламасы. Жолаушы Тұрдығұлов [Электрондық ресурс] // youtube.com  : сайт. – Пайдалану орны : https://www.youtube.com/watch?v=Cdo67rLqpTQ (18.05.2020)