Известные имена

Есімдер

Ремонт ноутбука своими руками. Быстрый и гарантийный ремонт ноутбуков. Срочный ремонт ноутбуков. Ремонт компьютеров на дому. Быстрый ремонт компьютеров своими руками. Настройка и ремонт компьютеров. Java уроки для начинающих. Лучшие java уроки. Учим язык Java с нуля. Обзор смартфонов samsung. Качественный обзор смартфонов samsung galaxy. Обзор смартфона samsung galaxy s4. Фото картинки приколы. Самые новые картинки приколы. Лучшие приколы картинки. Скачать аддоны для wow. Самые новые аддоны для wow скачать. Скачать аддоны для wow быстро и без реги. Видео уроки python. Лучшие python уроки. Учим язык python с нуля. Скачать шаблоны для Joomla. Самые новые joomla шаблоны. Бесплатные шаблоны для Joomla.

Жылысбаев Б.Б.

Жылысбаев Б. Бекен Жылысбаев (1923-2015) - әнші, Қазақ ССР- нің Халық әртісі

Қазақстанның халық артисі, әнші, педагог-ұстаз, профессор Бекен Жылысбаев 1923 жылы Шығыс Қазақстан облысының Шұбартау ауданында Бірбет ауылында дүниеге келген. Жылысбаев 1940-1941 жылдары Москваның П. Чайковский атындағы консерваторияның ән факультетінің дайындық курсының бірінші жылын аяқтағанда Ұлы Отан соғысы басталып кетіп, 1942 – 1944 жылдар аралығында соғысқа қатысады. Соғыстағы ерлігі үшін ордендермен марапатталған.

1946 жылдан бастап Қазақ радиосында солист болып жұмыс істей жүріп, 1951 жылы Алматы консерваториясын (қазіргі Қазақ Ұлттық консерваториясы) бітіреді. Өзі оқыған консерваториясында дәріс береді. 1957 жылдан консерваториядағы ән факультетінің кафедра меңгерушісі болып, педагогтар арасында тұңғыш профессор атанады (1973).

Жылысбаев - қазақ халық әндерін, орыс классиктері мен шет ел композиторларының ән-романстарын шебер орындаушылардың бірі. М. Төлебаевтың “Тос мені, тос” (өлеңі А. Лекеровтікі), “Кестелі орамал” (өлеңі Н. Баймұхамедовтікі), Абай өлеңіне жазылған “Мен көрдім ұзын қайың құлағанын” романстарын, “Қазақстан оттары” (өлеңі Н. Шәкеновтікі) кантатасын, тағы басқа әндерді алғаш орындап, әрі жоғары кәсіби білімін, дауыс диапозонының кеңдігін танытты. Атақты әнші Ленин орденімен, сондай-ақ Еңбек Даңқы, “Құрмет белгісі” ордендерімен марапатталған. 70-ші жылдары Қазақстанның Халық артисі атағына ие болды.

Т. Сейталиев, Н. Қаражігітов, Ғ. Есімов, М. Мұсабаев Н. Үсенбаева сияқты шәкіртер легін тәрбиелеп шығарды. Ленин орденімен, 1-2 дәрежелі Ұлы Отан соғысы, Еңбек даңқы ордендерімен, медальдармен марапатталған.

Материалды Абай атындағы Семей әмбебап кітапханасы ұсынған.

Әдебиеттер:

Жылысбаев, Бекен. Қартайғанша ән айтатын итальяндық әншілерден кем емеспіз [Мәтін] / Б. Жылысбаев // Дидар. - 2009. - 7 қараша.- Б. 7.
Рәш М. Майдангер. Әнші. Ұстаз. [Мәтін] / Рәш М. // Заман Қазақстан. - 2003. - 16 мамыр.- Б. 5.
Майшекин М. Көркемөнер шеберлері [Мәтін] / Майшекин М. - Алматы : Қазақ мемлекет баспасы, 1959. - 138 б.
Жылысбаев, Бекен. Қартайғанша ән айтатын итальяндық әншілерден кем емеспіз [Мәтін] / Б. Жылысбаев // Дидар. - 2009. - 7 қараша.- Б. 7.
Рәш М. Майдангер. Әнші. Ұстаз. [Мәтін] / Рәш М. // Заман Қазақстан. - 2003. - 16 мамыр.- Б. 5.