Забирова Толқын Қалиқызы 1970) - әнші
1970 жылы 17 қазанда Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданында дүниеге келген.
Музыкаға бала кезінен-ақ жақын болған. Толқын алғаш сабақтарын Аягөз бастауыш музыка мектебінен алған. 1979 жылы А. Жұбанов атындағы Республикалық музыка мектебінің "хор дирижеры" сыныбына оқуға түсіп, 1988 жылы ойдағыдай аяқтайды. 1988 жылы Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының жеке ән айту мамандығы бойынша вокалды-хор факультетінің КСРО Халық әртісі, профессор Б. Төлегенованың класына оқуға түседі. Оны 1993 жылы үздік аяқтайды.
1993-1995 жж. Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында солистка болған. Музыка - Толқын Забированың өмірінен ерекше орын алады. 1995 жылы ол өзі оқыған консерваторияның оқытушысы болады. Мұннан ол аспирантураны аяқтайды. Әнші вокалдық байқауларға қатысып, концерттерге қатысып, вокалдық қабілетін дамыта бастайды. 1996 жылы Калининградта "Кәріптас бұлбұлы", ал екі жылдан кейін "Әлібек Дінішев театрының" лауреаты атанады. 90-жылдары халықаралық байқаулардан көптеген марапаттар иеленген.
2008 ж. - “Махаббатпен музыкаға” концерттік бағдарламасы.
2009 ж. – Қазақстан мәдениетін дамытуға қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті қоры сыйлығының лауреаты.
2010 ж. – диссертация қорғайды, музыка өнері бойынша ғылым кандидаты дәрежесін алған.
2016 ж. - “Бала дауысы” сайысында тәлімгер болған. Аталған сайыс аясында арнайы бейне курс әзірленіп, «Вокал тәрбиесінің теориясы мен практикасы» атты оқыту мастер класы дайындалып, онда Т. Забирова музыка пәні оқытушыларына балаға қалай конкурсқа дайындалу керек екендігі жайлы әңгімелейді.
Әнші арсеналында 10-нан астам музыкалық альбом мен бірнеше концерттік бағдарлама мен бейнебаян бар.
1995 жылдан бүгінгі күнге дейін Құрманғазы атындағы Алматы Мемлекеттік консерваториясының вокал кафедрасында вокал-педагогикалық практика оқытушысы қызметін атқаруда.
Литература о Т. Забировой
Толқын Забирова туралы
Забирова Т. Халық әнiнен жаның ләззат алып, рахат табады [Әншiнiң өзi туралы сұхбаты / әңг. С.Сиқымбайұлы] // Алматы ақшамы.- 1998.- 18 қыркүйек
Забирова Т. Күтемiн сенi, ардағым!: [Әншi, Құрманғазы атын. консерваторияның ұстазының өзi туралы әңгiмесi / Әңг. С.Сиқымбайұлы] // Отан Сақшысы.- 1998.- 25 шiлде(N 30).- 6 б.
Серiкбайұлы К. Жұлдызы жанған Толқын: Әншi Т. Забирова жайлы // Жұма-таймс.- 2005. - 20 қазан (N 42). - 14 б.
Қазақтың халық әндерiн айту үшiн де зор дауыс, үлкен талант, кәсiби шеберлiк қажет / әңг. М.Әзизұлы // Қазақ.- 2010.- 22 қазан (№ 43).- 8 б.