Известные имена

Ғафуров А. Қ.

Гафуров Аслан Кабылбекович

Ғафуров Аслан Қабылбекұлы (1979) – айтыскер-ақын.            

1979 жылы 3 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Қабанбай батыр ауылында дүниеге келген. Өскемен қаласындағы Жамбыл атындағы гимназия мектеп-интернатының түлегі. Шығыс Қазақстан Мемлекеттік университетінің филология факультетін тәмамдаған.

2004-2008 жж.– облыстық ақындар мектебінің маманы, жетекші маман;

2008-2009 жж. – облыстық халық шығармашылығы орталығынының мәдени шараларды ұйымдастыру бөлімінің бас маманы;

2009-2011 жж. – Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың жастар саясаты және мәдени демалыс орталығы директорының орынбасары;

2011-2013 жж. – Шығыс Қазақстан облысы, Шемонаиха ауданының және Глубокое ауданының мәдени-демалыс ұйымдастыру орталығының директоры;

2013 жылдың маусым айынан – Өскемен қаласы әкімдігінің «Өнер» мәдени демалыс ұйымдастыру орталығы директорының орынбасары;

2014-2018 жж. – Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан аудандық мәдениет үйінің директоры, Ұлан аудандық маслихатының депутаты;

2018-2020 жж. – Шығыс Қазақстан облыстық Алтай баспаханасының директоры;

2020 жылдың 8-қаңтарынан бастап Абай атындағы халықаралық мәдениет пен өнерді қолдау қорының атқарушы директоры (Астана қаласы).

Марапаттары:

ҚР Мәдениет қайраткері, Шығыс Қазақстан облысы әкімі сыйлығының лауреаты, Тарбағатай ауданының «Құрметті азаматы», ҚР Президентінің «Халық алғысы» медалінің иегері, Халықаралық айтыскер ақындар мен жыршы-термешілер одағының мүшесі.

Республикалық оқушылар арасында өткен ақындар айтысының 1-орын иегері.

Халықаралық «Шабыт» фестивалінің Айтыс номинациясы бойынша лауреаты.

Қырғызстанда, ҚХР-да өткен халықаралық ақындар айтысында 2-орын иеленген.

Моңғолиядағы Баян Өлгий қаласына 70 жыл толуына арналған ақындар айтысында жеңімпаз атанып, МДП-ның 20 жылдығына арналған «Достық» медалімен марапатталған. М. Мерәліұлының туғанына 165 жыл толуына арналған халықаралық айтыста 3-орын, Форт-Шевченко қаласының құрылғанына 160 жыл толуына арналған республикалық айтыста 2-орын иеленген. Қалихан Алтынбаевтың 80 жылдығына арналған республикалық айтыста 1-орынды жеңіп алған.

 «Нұр-Отан» ХДП-ның 10 жылдығына орай өткізілген республикалық айтыста 3-орын, Ш.Құдайбердіұлының туғанына 150 жыл толуына арналған республикалық айтыста 1-орын жүлдегері. Нұр-Сұлтан қаласының 11 жылдығына арналған «Астана мыңжылдықтар тоғысында» атты республикалық ақындар айтысының бас жүлдегері атанған.

 Өлеңдері «Жастықтың оты жалындап», «Туған ел – алтын бесігім», «Асқар – Алтай», «Шығыстың шайырлары» атты жыр-жинақтарына енген. Алғашқы кітабы 2010 жылы «Толағай» деген атпен жарық көрген. «Шорға шайқасы», «Ер жүрек батыр бабам – Ер Қабанбай», «Абай елі – 175» кітаптары мен «Тәуелсіздік толғауы», «Ту түсірген Тәуке батыр», «Бабадан батыр туған бес Сайболат», «Тарбағатайғатағзым», «Бабалар бақыт тұғыры» жыр-поэмаларының авторы.

  

А. Қ. Ғафуров шығармалары

 Произведения А. К. Гафурова

 

Кітаптар-Книги

Ғафуров, А. Толағай : [Жинаққа автордың лирикалық жырлары мен бірнеше айтыстары енгізілген.] / А. Ғафуров . - Өскемен : [б. и.], 2010. - 200 б. с. - Б. ц. - Текст.

Ғафуров, А. Ержүрек, батыр бабам-Ер Қабанбай : тарихи поэма / А. Ғафуров. - Алматы: Полиграфкомбинат, 2019. - 176 б.

 

 А. Қ. Ғафуровтың мерзімді басылымдардағы мақалалары

 Публикации в периодических изданиях А. К. Гафурова

 

Ғафуров, А. Жаңа мекеме жаңаша жұмыс жасайтын болады [Мәтін] : [Шығыс Қазақстан облыстық халық шығармашылығы үйі] / А. Ғафуров // Мәдениет жаршысы /Шығыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасы=Управление культуры Восточно-Казахстанской области. - Өскемен, 2010. - N 1.- Б.32.

Ғафуров, А. Есіміңіз есте тұрар жаңғырып [Мәтін] : [Ақын Фариза Оңғарсыноваға арналған өлең] / А. Ғафуров // Дидар. - 2014. - 3 ақпан.- б.5.

Ғафуров, А. Ту түсірген Тәуке батыр [Мәтін] / А Ғафуров // Семей таңы. - 2019. - 17 қыркүйек.- Б.4

Ғафуров, А. Туған жердің тау тұлғалы текті ұлы [Мәтін] : Қазақтың бас балуаны, марқұм С. Рамазановтың рухына / А. Ғафуров // Рауан - Заря. - 2021. - 18 маусым.- Б.3.

Ғафуров, А. Хамит ақын халықтың жүрегінде! : ақын Хамит Балшабекұлының туғанына 70 жыл / А. Ғафуров. - Мәтін // Мәдениет жаршысы = Вестник культуры. - 2009. - N 12. - Б. 22-24.

Ғафуров, А.Әбділдәбек Төгісұлы Шаянбайтегі: (Қазақ пен Қытайға даңқы шыққан болыс палуан) / А. Ғафуров // Тұғырлы Тарбағатай. - 2025. - 21 наурыз (№12). - Б. 5

 

А. Қ. Ғафуров туралы мақала

 Статья о А. К. Гафурове

Мырзахметов А. Аслан Ғафуров : сен аянбасаң, ел аянбас... [Мәтін] / А. Мырзахметов // Алдаспан. - 2016. - 19 қаңтар.- Б.16.

Бақдәулетұлы, Д.Ұлтының ұлықты ұлы: сан қырлы өнер иесі Аслан Ғафуровтың азаматтық болмысы және шығармашылық әлемі жайында бірер сөз / Д. Бақдәулетұлы // Тұғырлы Тарбағатай. - 2025. - 17 қаңтар (№3). - Б. 4-5