Ахметжанов Арғынбек (1936 ж.) - композитор-абайтанушы, журналист.
1936 жылы 5 қаңтарда Абай ауданында дүниеге келген. Әкесі Ақыш–атбегі әрі құстарды да жақсы таныған. Анасы Дәметкен - дәстүрлі қолданбалы өнер шебері болған. Семей педагогикалық училищесін, Семей педагогикалық институтын, Алматы жоғары партия мектебін бітірген. Еңбек жолын Абай ауданының Қасқабұлақ ауылдық мектебінде музыка пәнінің мұғаліміненбастаған. Облыстық газет-журналдардажурналист болып жұмыс істеген.
Ол 18 жасынан бастап Абай шығармаларына музыка жаза бастады. Композитор Абайдың оннан астам шығармаларына музыка жазған. Олардың көбі қазақ өнерінің танымал өкілдері, әншілер Ж. Кәрменов, Р. Мұсабаев, М. Ешекеев, З. Қойшыбаеваның репертуарына енген. Әндер мен романстар белгілі музыкалық мәдениет қайраткерлерінің жоғары бағасына ие болды. Жас ұрпаққа Абай мен Шәкәрім шығармашылығының мәнін жақсы түсінуге көмектесетін бірнеше кітап шығарды. 1999 жылы баспадан «Сазды сапар» атты өмірбаяндық кітабы басылып шығады.
Арғынбек Ахметжановтың үйінде қолдан жасалған және бірегей құрылымдық екі ішекті және үш ішекті домбыралардың тұтас топтамасы сақталуда. Арғынбек Ахметжанов ортағасырлық ғалым әл-Фарабидің музыка теориясы бойынша еңбектеріне сүйене отырып, үш ішекті музыкалық аспап жасап, оған «альфара» атауын берді. Музыкалық аспап жасаумен ол шамамен 15 жыл жұмыс істейді: ұлы ойшыл Әл-Фарабидің еңбектерін зерттеді, арнайы әдебиеттерді оқыды, сызбалар мен ағаш үлгілерін жасады.
Арғынбек Ахметжанов қырық жылдан астам Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, жиырма жылдан астам Қазақстан музыка қайраткерлері одағының мүшесі. Оның есімі Абай энциклопедиясына енген. Ә.Қашаубаев атындағы Семей мемлекеттік филармониясының лектор-музыканты. Қазақстанның көптеген облыстарын аралап, Абай, Шәкәрім, Мұхтар мұрасын кеңінен насихаттаған.
А. Ахметжанов туралы жарияланымдар
Публикации о Ахметжанове А.
Азмухамбетов, Ш. "Я вижу человека двух эпох..." /Ш. Азмухамбетов // Рудный Алтай. - 2008. - 3 июня. - С. 6. ЕСТЬ ПДФ АРМ ЧИТ
Азмухамбетов, Ш. Помашите нам, ангелы белокрылые! [Текст] : [о музыканте А. Ахметжанове, земляке семейчан] / Ш. Азмухамбетов // Рудный Алтай. - 2011. - 16 ноября. - С. 3.
Новый инструмент [Текст] : музыкант из г. Семей А. Ахметжанов изготовил новый струнный инструмент - альфара // Мой город. - 2012. - 5 янв. - С. 4.
Ермухан, Д. Придумал новый инструмент [Текст] : музыкант из г. Семей А. Ахметжанов изготовил новый струнный инструмент - альфара / Д. Ермухан // Рудный Алтай. - 2012. - 26 мая. - С. 6.
Байторина , Н.Мелодии великой степи / Н. Байторина . - Текст : непосредственный // Вести Семей. - 2016. - 15 ноября. - С. 2 : фото.