Известные имена

Рахимбаев М. С.

Рахимбаев Маулет Сабырбекұлы – композитор, Қазақстанның мәдениет қайраткері, Қазақстан композиторлар одағының мүшесі.Рахимбаев Маулет Сабырбекұлы (1948 ж.) – композитор, Қазақстанның мәдениет қайраткері, Қазақстан композиторлар одағының мүшесі.

1948 жылы 7 наурызда Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласында дүниеге келген. 1969 жылы М.Төлебаев атындағы Музыкалық училищенің музыка теориясы бөлімін бітірді. 1975 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын «Композиция» класы бойынша бітірген. Қазіргі күні Семей қаласындағы №1 Балалар музыкалық мектебінің директоры. Семей қаласы концерттік-гастрольдік дирекция кеңесінің төрағасы.

Альт музыка аспабына арналған «Сонаталар» мен «Күйлер», виолончельге арналған С. Сейфуллин шығармалары бойынша «Тар жол, тайғақ кешу», «Монолог» және «Азап вагоны» поэмасы (1977) авторы, симфониялық поэма (1973), сюиталар (1974), «Мереке» увертюрасын (1981), «Қаракөз» спектакліне музыка (1981), «Крылья крепнут в полете» телефильміне музыка (1979) жазды.

«Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі» (2001), «За отличные успехи в среднем специальном образовании СССР» құрмет белгісі, ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың алғыс хаты (2001), Семей қаласы әкімінің алғыс хаттарымен (1999, 2001) марапатталған. Республика деңгейінде өткен «Абай әлемі» (2007), «Астана-Бәйтерек» ұлттық конкурстарының (2007) лауреаты. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мемлекеттік гранты (2007, 2008) және «ҚР Мәдениет қайраткері» (2011) атағының иегері.

 

 

 

 

Деректер

Источники

 

 

Шығыс жұлдыздары [Мәтін] : энциклопедиялық анықтамалық. Т. 1. - Астана : Фолиант, 2011. – Рахымбаев М. : б. 261-262.

Рахимбаев Маульт Сабырбекович [Электронный ресурс] // Образовалка : сайт. – Режим доступа : http://obrazovalka.ru/muzyka/question-198106.html (18.03.2018)

Рахимбаев Маульт Сабырбекович [Электронный ресурс] // Лучшие люди Казахстана : сайт. – Режим доступа : http://www.llk.kz/content/41694/41893?letter=%CA&page= (18.03.2018)