Оралхан Көшеров (1959-2001) – әнші, композитор
1959 жылы 5 сәуірде Күршім ауданы, Топтерек ауылында дүниеге келген.
Мектеп бітірісімен Семей қаласындағы музыкалық училищеге оқуға түсіп, бірінші курстан кейін тастап кеткен. Ұзақ жылдар Күршім аудандық мәдениет бөлімінде әнші болып қызмет істейді. Халық арасында «Шығыстың Шәмшісі» атанған Оралхан соңғы он жыл бойы шығармашылықпен айналысып ән жазды. 42 жыл ғана ғұмыр кешкен Оралхан Көшеров 50-ден астам әннің авторы.
Ең көп тараған әндері – «Сезімді аяла», «Туған жер», «Ақ тілек», «Әке тілегі», «Көздеріне ғашықпын», «Боздала», «Достарыма», «Ескі әнді шеше, қозғама», «Алғашқы махаббат», «Алтай», «Інілеріме», «Өскеменім», «Мен өзімнен алыс кетіп барамын». Оралхан әндері сыршыл сезімге, туған жерге, ата-анаға деген сүйіспеншілікке, нәзік лирикаға толы.
Оралхан жырларының жақұты таза пәк сезімге арналған «Алғашқы махаббат» әні. Оралхан өмірді, музыканы сүйді, Мұқағали ақын мен композитор Шәмші Қалдаяқовты өзіне ұстаз санаған. Оралхан Көшеров артына халық жүрегінен орын алған мол музыкалық мұра қалдырды. «Өлді деуге бола ма айтыңдаршы, өлмейтұғын артына сөз қалдырған»,- деген Абай сөзі осы Оралханға арналғандай. Терең ойға жетелеп, көрермен жүрегіне жол тапқан Оралхан әндері мәңгілік. 2005 жылы Оралхан Көшеровтың «Есіңе мені алғайсың» атты жыр жинағы жарық көрді. Күршімдік жерлестері халықаралық «Оралхан көктемі» фестивалін өткізуді қолға алды.
О. Көшеровтың шығармалары
Произведения Кошерова О.
Көшеров, Оралхан. Есіңе мені алғайсың [Мәтін] : (әндер жинағы) / О. Көшеров. – Алматы : Үш Қиян, 2005. – 84 б.
О. Көшеровтың өмірі мен шығармашылығы туралы әдебиет
Литература о жизни и творчестве Кошерова О.
Кітаптар - Книги
Туған жер әуендері = Земли родной напевы [Мәтін] : ШҚО композиторларының шығармалар жинағы. 1- ші шығарылымы / ШҚО мәдениет басқармасы ; ШҚ өнер мұражайы ; Қазақстан жазушылар одағы ШҚО бөлімшесі. – Өскемен, 2005. – 200 б.
Мақалалар - Статьи
Әбілхан, Серік. “Достарға” ауыр науқастан кейін туған туынды [Мәтін] : афиши / С. Әбілхан // Дидар. – 2013. – 21 қараша (№139). – Б. 16 : фот.цв.
***
Нигметов, Р. Оралхан ушел, оставив песни : [памяти композитора Оралхана Кошерова] / Нигметов Р. – Текст // Рудный Алтай. - 2002. - 28 фев. - С. 4
Оркушпаева, Насихат. Он жив, пока мы слушаем его песни [Текст] / Н. Оркушпаева // Рудный Алтай. – 2011. – 15 июля (№ 80).