Рыспаев Бадылбек Зарықбайұлы - қатардағы жауынгер, пулеметші.
1962 ж. 13 қарашада Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Вознесеновка (қазіргі Бірлік) селосында дүниеге келген. Мектепті бітіріп, Күршім ауданындағы КОКП XXII съезі атындағы ұжымшарда еңбек етеді.
1981 ж. 5 сәуірде Күршім аудандық әскери комиссариатынан КСРО Қарулы Күштері қатарына шақырылады.
1982 ж. 18 қаңтарда Ауғанстанға әскери борышын өтеуге жіберіледі.
1982 ж. 28 мамырда жауынгерлік тапсырманы орындау барысында қаза тапты. 1982 ж. 8 маусымда Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы, Дарственное (қазіргі Барақ батыр) ауылында жерленді.
1982 ж. 22 қыркүйектегі КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен Қызыл Жұлдыз орденімен мараптталды (қаза тапқаннан кейін).
Әдебиеттер:
Азалы кітап : ауған жеріндегі әскери қимылдар барысында қаза тапқан шығысқазақстандық жауынгерлер (1979-1989 жж.) = Книга памяти : воины - восточнокахстанцы, погибшие во время боевых действий в Афганистане (1979-1989 гг.) / "Ауғанстандағы соғыс ардагерлерінің Өскемен ұйымы" қоғамдық бірлестігі ; "Ауған соғысы және Семей қаласындағы жергілікті соғыстардың соғыс ардагерлері мен соғыс мүгедектері" қоғамдық бірлестігі ; А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы ; Абай атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы. - Өскемен : [б. и.], 2014. - Б. 164-165.