Сорокин Николай Иванович - подполковник, ауған армиясының жаяу әскер полкі командирінің әскери кеңесшісі.
1947 ж. 3 қаңтарда РСФСР, Горьков облысы, Первомайск ауданы, Пески селосында дүниеге келген. 1962 ж. Семипалатинскқаласына көшіп келеді.
1966 ж. 1 қыркүйекте КСРО Қарулы Күштері қатарына шақырылады.
1970 ж. В.И. Ленин атындағы Ташкент жоғары жалпы әскерлік командалық училищесін бітіреді. Москва қаласында М.В. Фрунзе атындағы Әскери Академияда оқуын жалғастырады.
1986 ж. сәуір айында Ауғанстанға әскери борышын өтеуге жіберіледі.
1986 ж. 29 мамырда жауынгерлік тапсырманы орындау барысында қаза тапты. 1986 ж. 6 шілдеде Қарағанды қаласында жерленді.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен Қызыл Жұлдыз және Қызыл Ту ордендерімен марапатталды (қаза тапқаннан кейін).
Әдебиеттер:
Азалы кітап : ауған жеріндегі әскери қимылдар барысында қаза тапқан шығысқазақстандық жауынгерлер (1979-1989 жж.) = Книга памяти : воины - восточнокахстанцы, погибшие во время боевых действий в Афганистане (1979-1989 гг.) / "Ауғанстандағы соғыс ардагерлерінің Өскемен ұйымы" қоғамдық бірлестігі ; "Ауған соғысы және Семей қаласындағы жергілікті соғыстардың соғыс ардагерлері мен соғыс мүгедектері" қоғамдық бірлестігі ; А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы ; Абай атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы. - Өскемен : [б. и.], 2014. – Б. 172-173.