Мадьяров Мухамеди (1906-ө.ж.б.) – гвардия лейтенанты, Қызылжұлдызды Ленин орденді 15-гвардиялық атқыштар және Суворов ордені дивизиясының 47-гвардиялық атқыштар полкының командирі, Ұлы Отан соғысына қатысқан, Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынылған.
1906 жылы Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы Көкпекті ауылында дүниеге келген.
1942 жылы Семей облысы (қазір Шығыс Қазақстан облысы) Көкпекті аудандық әскери комитетінің шақыруымен Қызыл Армия қатарына өтті.
1-ші Украина майданы 5-ші гвардиялық Армия 15-ші гвардиялық атқыштар дивизиясының 47-гвардиялық атқыштар полкында гвардия лейтенанты әскери қызметін атқарды.
Хжанув селосы маңында жау позициясын бұзуға бағытталған ұрыс кезінде Мадьяров взводы шабуылдаушы взвод болды. Жаяу әскердің алдына түскен Мадьяров жау ДЗОТЫна жақын келіп, жолын жапты. Осы ұрыста олар 3 жау ДЗОТЫ мен гарнизонды жойды.
Біздің пехота қорғаныстың алғы шебін басып алған кезде, Мадьяров жаудың ішкі қорғаныс аумағына қарай жылжыды. Взвод жау күшінің басымдығына қарамай шайқасты жалғастырды. Мадьяров взводы жайғасқан окоптарды басып алып, жаудың 25 солдаты мен офицерін, 3 пулеметті жойды.
1945 жылы 23-24 қаңтар күндері Мадьяров взводы Одер өзеніне шабуылға шығып, өзеннің батыс жағалауындағы Хальбендорф селосы үшін ұрыс жүргізді. Кескілескен ұрыстан кейін елді мекен немістерден азат етілді.
Мадьяров взводы 1945 жылы 23-24 қаңтардағы шайқаста жаудың 75 солдаты мен офицерін жойып, 8 пулеметінің үнін өшірді, 12 фашисті тұтқынға алды.
Жаумен шайқаста көрсеткен ерлігі және взводқа батыл жетекшілік жасап, неміс әскерінің қатарын сиретуге қосқан үлесі үшін «Кеңес Одағының Батыры» атағына ұсынуға лайықты.
47 гвардиялық атқыштар полкының командирі, гвардия полковнигі И.Микулин (25.01.1945 жылғы марапат қағазынан).
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1945 жылғы 16 ақпан № 012/н Жарлығымен Ленин орденді 15-ші гвардиялық Харьков атқыштар жәнеСуворов орденді атқыштар дивизиясы 47 гвардиялық атқыштар полкының взвод командирі, гвардия лейтенанты Мадьяров Мухамеди Қызыл Ту орденімен марапатталды.
1945 жылы 16 сәуірде Браундсдорф селосы маңындағы ұрыста Мадьяров взводымен бірге ерекше ерлік үлгісін көрсетті. Олар жау траншеяларын басып алып, осы ұрыста немістің 30 солдаты мен офицерін жойды. Осы шайқаста Мадьяров қатты жараланады.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1945 жыл 24 мамыр № 023/н Жарлығымен Ленин орденді 15-ші гвардиялық Харьков атқыштар жәнеСуворов орденді атқыштар дивизиясы 47 гвардиялық атқыштар полкының взвод командирі, гвардия лейтенанты Мадьяров Мухамеди ІІ-дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталды.
Қайтыс болған жылы мен күні белгісіз.
Деректер
Источники
Мадьяров Мухамеди [Электронный ресурс] // Подвиг народа : сайт. – Режим доступа : http://podvignaroda.ru/?#id=40766725&tab=navDetailManAward (03.04.2018)