Жарылғасынов Қабыкен (1920-ө.ж.б.) – гвардия ефрейторы, 121 Жеке Гвардиялық Сандомир Сапер батальонының сапері, Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынылған.
1920 жылы Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданында дүниеге келген. 1940 жылы қазанда Семей облысы (қазір Шығыс Қазақстан облысы) Тарбағатай ауданы әскери комитеті Қызыл Армия қатарына шақырды. 1943 жылдың 19 шілдесінен бастап Ұлы Отан соғысына қатысты. Жауынгерлік жолы Брянск майданында басталды. 1943 жылы 31 шілдеде Жарылғасынов Қабыкен Новая жизнь (Ресей, Брянск облысы) ауданы үшін болған шайқаста ерлік көрсеткені үшін «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды. 1943 жылы 19 шілдеде десанттық топ құрамында неміс фашистерін жойып, жауға қарсы шабуылды жалғастырды. 1944 жылы 6 тамызда Жарылғасынов Қабыкен соғыста көрсеткен ерлігі және Сулимов селосын жаудан азат етудегі қайсарлығы үшін «Қызыл жұлдыз» орденімен марапатталды. Ол саперлік рота құрамында соғыса жүріп, 5 фашистің көзін жойып, неміс унтер-офицерін тұтқынға алды. Сондай-ақ, жаралы командирдің көмекшісін ұрыс даласынан алып шықты. 1945 жылы 17 қаңтарда қатты аязға қарамастан көпір құрылысын жалғастырып, басқа жауынгерлерге үлгі көрсетті. 1945 жылы 21 қаңтарда ұрыс кезінде 9 фашистің көзін жойып, жаралы рота командирін ұрыс даласынан алып шықты.
1945 жылы 10 наурызда Польшаны (Пилица ауданы) жаудан азат етуде көрсеткен ерлігі үшін Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынылды.
1945 жылы 10 наурызда № 037/н бұйрықпен «Қызыл жұлдыз» орденімен марапатталды.
Кейінгі тағдыры белгісіз.
Жарылгасинов К. туралы әдебиеттер
Литература о Жарылкасинове К.
Тарбағатай ауданы: 80 жыл. - Өскемен : Рекламный Дайджест, 2008. - Жарылғасымов Қабыкен: Б. 51-52.
Тарихқа толы Тарбағатай V. - Алматы : Мерей, 2020. - Жарылғасынов Қабыкен: Б. 80-88.
Есенгелді би тарихы мен шежіресі. - Алматы : Полиграфкомбинат, 2025. - Жарылғасынов Қабыкен: Б. 93.
***
Сағатқызы З. Өмір жолы осындай [Ұлы Отан соғысының ардагері Қабікен Жарылғасынов туралы ] З. Сағатқызы //Тарбағатай.- 2005. - 9 мамыр (№21). - Б. 2.
Қабидолдин, Қуаныш. Ерліктері ескерусіз қалған батырлар / Қ. Қабидолдин // Егемен Қазақстан. - 2020. - 9 мамыр. - Б. 5.
Қабидолдин, Қуаныш. Ерліктері еленбеген екі батыр : [Кеңес Одағының Батыры атағана ұсынылып, атақты ала алмай қалған ардагерлер Қ. Жарылғасынов пен Қ. Құдагелднов туралы] / Қ Қабидолдин // Дидар. - 2020. - 28 мамыр. - Б. 15.
Тарбағатай ауданы, Ақжар ауылдық округі Ақжар ауылының Б. Майлин көшесінің атауын Қабыкен Жарылғасынов көшесі деп қайта атау туралы // Тарбағатай. – 2022. – 12 ақпан (№7). - Б. 5.
Нұрбекұлы, Заңғар. Жеңіс күнін жақындатқан : [Ұлы Жеңіске 80 жыл] / З. Нұрбекұлы // Тұғырлы Тарбағатай. - 2025. - 11 сәуір (№15). - Б. 6.
Қарамандаев, Қайрат. Қазақтар - соғыс майданында : 1939-1945 жылдар: [Жарылкасынов Қабыкен туралы] / Қ. Қарамандаев // Қазақ тарихы. - 2022. - №5-6. - Б. 2-20.
Нұрбекұлы, Заңғар. Жеңіс күнін жақындатқан : [Ұлы Жеңіске 80 жыл] / З. Нұрбекұлы // Тұғырлы Тарбағатай. - 2025. - 11 сәуір (№15). - Б. 6.
Дюсекенова, М. Он саусағынан өнер тамған майдангер ата : [батыр Қабікен Жарылғасынов туралы] / М. Дюсекенова // Тұғырлы Тарбағатай. - 2025. - 18 сәуір (№16). - Б. 3.
Камет, М. Ұрпақтар сабақтастығы / М. Камет // Тұғырлы Тарбағатай. - 2024. - 31 мамыр (№22). - Б. 1.
Интернет ресурстар
Интернет ресурс
Жарылгасинов Кабыкен: [Электронный ресурс] // Подвиг народа 1941-1945 : сайт: http://podvignaroda.ru/?#id=18554541&tab=navDetailManAward (01.04.2018)