Известные имена

Құдагелдинов Қ.

Құдагелдинов Қоңырбай (1909 – ө.ж.б.) – капитан, 301 Сталиндік атқыштар дивизиясы,1050 Сталиндік атқыштар полкі, 8 атқыштар ротасының командирі, Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынылған.

1909 жылы Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданында дүниеге келген.

1942 жылы Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының аудандық әскери комитетінің шақыруымен Қызыл Армия қатарына өтті.

Жауынгерлік жолын 1944 жылы 1-ші Украина майданы құрамасында бастап, 3-ші Белорусь майданында жалғастырды.

1945 жылы 31 қаңтарда № 13/н бұйрығымен Қ. Құдагелдинов ерлігі үшін «Қызыл Ту» орденімен марапатталды.

1945 жылы 2 ақпанда Одер (Германия) өзенін шабуылдау кезінде Қ. Құдагелдинов ротасы жаудың қарсылығына төтеп беріп, өзенді және маңызды тірек пунктін басып алды. Олар жаудың күші, солдат саны мен әскери техникасының басымдығына қарамастан басып алынған жерді сақтап қалды. Осы ұрыста көрсеткен ерлігі үшін Қ. Құдагелдинов 1945 жылы 10 наурызда Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынылып, 1945 жылы 13 сәуірде №: 90/н әскери жарлықпен «Қызыл Ту» орденімен марапатталды.

1945 жылы 18 сәуірде Буков (Германия) елді мекені үшін ұрыста Қ. Құдагелдинов өз ротасымен бірге қарша жауған жау оғының астында фашистер бекінісін басып алды. Ұрыс кезінде жаудың үш пулемет нүктесі мен 80 фашистің көзін құртты. 1945 жылы 16 мамырда №: 127/н бұйрықпен Қ. Құдагелдинов «Александр Невский» орденімен марапатталды.

Кейінгі тағдыры белгісіз.

 

 

Деректер

Источники

 

Кудагельдинов Котурбай [Электронный ресурс] // Подвиг народа : сайт. - Режим доступа: http://podvignaroda.ru/?#id=25699352&tab=navDetailManAward (01.04.2018)