Известные имена

Несмиянов А. А.

Несмиянов Александр Александрович (1912-ө.ж.б.) - майор, 126 ақыштар дивизиясы 690 атқыштар полкының батальон командирі, үш мәрте Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынылған.

1912 жылы Алтай өлкесі Чарыш ауданы Малая-Сосновка селосында дүниеге келген. 1934 жылы Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы Зырян аудандық әскери комитеті әскер қатарына шақырған.

1942 жылы майданға аттанды.

«Сталинградты қорғағаны үшін» медалімен марапатталды.

1943 жылы 3 қарашада Қырым үшін болған соғыста майор Несмиянов өз батальонын шабуылға бастап, Түрік бекінісін басып алды. Батальон ұрыс кезінде жаудың 2 зеңбірегін, 82-миллиметрлік минометі және 150 солдаты мен офицерін жойды. Бекініске бірінші болып кірген майор Несмиянов 13 немістің көзін жойды. 1943 жылы 7 қарашада Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынылды.

1944 жылы 8 сәуірде Армянск ауданында Несмиянов батальоны жау бекінісін айналып өтіп тылдан соққы берді, сонымен, көрші батальонның бекіністі бұзып өтуіне жағдай жасады. Майор Несмиянов саптан шыққан рота командирлерін ауыстырып, 14,9, биіктігіне шабуыл кезінде ауыр жараланды. Бірақ майдан даласын тастап кетпей, 12 жау танкісіне қарсы күресті. Несмиянов батальоны 3 танкті жойып, Армянскіні жаудан азат етті.

1944 жылы 20 сәуірде Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынылды.

1944 жылы 9 қазанда Несмиянов Юра өзені жағасында жауынгерлерді шабуылға бастап, жау әскерін тас-талқан етті. Батальон Шығыс Пруссия шекарасын кесіп өтіп, Шамай Кемен станциясын басып алып, ұрыс кезінде екі эшалон, 300 ден аса автокөлікті қолға түсірді. Несмиянов жеке өзі 32 тұтқын мен 7 автомашинаны қолға түсірді. 1944 жылы 11 қазанда Несмиянов батальоны Огельн ауданында жаудың 28 отты нүктесін жойды.

1944 жылы 4 қазанда Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды. Кутузов ордені (1943), Қызыл ту ордені (1944), Александр Невский орденінің иегері.

Туған жылы мен күні белгісіз.

 

 

 

Деректер

Источники

 

Несмиянов Александр Александрович [Электронный ресурс] // Подвиг народа 1941-1945 : сайт. - Режим доступа: http://podvignaroda.ru/?#id=20905565&tab=navDetailManAward (03.04.2018)