Ақтамберді Сарыұлы (1675-1768) - қолбасы, жырау, қоғам қайраткері.
ОңтүстікҚазақстанның Қаратау тау бөктерінде дүниеге келген. Ақтамберді Сарыұлы өлеңдеріненоның Жағалбай (Кіші жүз) руынан шыққандығын аңғаруға болады.
Ол 10-12 жасынан бастап өзінің ақындық қабілетімен көзге түскен.. Өлеңдерінде қазақтың тұрмысын, отбасы мен Отанын жырлайды.
Жырау 17 жастан бастап қалмақтармен, Орта Азия билеушілерімен шайқастарға, сондай-ақ тарихта «Ақтабан шұбырынды» деген атпен енген көптеген оқиғаларға қатысқан. Ол жоңғар шапқыншыларына қарсы ұлт-азаттық күресті ұйымдастырушылардың бірі болды. 1738-1752 жылдары жоңғарлармен болған барлық шайқастарға қатысқан. Ақтамберді батыр 70 жыл бойы туған жерін жаудан қорғады, атақты шешен, беделді би, белгілі ақын-ертегіші болған.
Ақтамберді өз ғұмырнамасын толғауларына көркемдік қуаты зор, келісті нақыштармен түсірген. Шығармалары зиялы зергердің қолтаңбасын танытады. Әлі де қолға түспеген толғаулары ел аузында сақталуы ықтимал. Қазіргі қолда бары 300 жолдан аспайды. Азғантай қазынасының өзі афоризмдерге толы. «Күмбір-күмбір кісінетіп», «Уа, қарт Бөгембай», «Менімен ханым ойнаспа», «Жауға шаптым ту байлап», «Заманым менің тар болды» және тағы басқа өлең-толғаулары батылдыққа, ізгілікке, патриоттық күй-сезімдерге толы. Ақтамбердінің «Балаларыма өсиет» деп аталатын толғауы соңғы туындыларының бірі болса керек. Жырау балаларын тірліктегі бірлікке, талап мұратқа, татулыққа үндейді. Жас ұрпақтың бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаруы елді мақсатына жеткізерін ескертеді. Халықты алауыз мінездерден сақтандырады.
Шығармашылығында әсіресе, жылқының көшпенділердің өміріндегі орны мен рөлі туралы ойлар жеке орын алады. Атты ер «қанаты» дей отырып, оны батырдың серігі ретінде бейнелейді.
Ақтамбердінің толғаулары мен жырлары С. Мұқановтың «Қазақтың 18-19 ғасырдағы әдебиетінің тарихынан очерктер» (1942), «Ертедегі әдебиет нұсқалары» (1967), «Алдаспан» (1971), «15-18 ғасырдағы қазақ поэзиясы» (1982), «Бес ғасыр жырлайды» (1985) жинақтарына енгізілген.
Жырау 1768 ж. Семей облысының (қазіргі Шығыс Қазақстан) Абай ауданы Жүрекжота мекенінде дүниеден өткен.
А. Сарыұлы туралы әдебиеттер
Литература о Сарыулы А.
Поэзия жырау [Текст] : Стихи каз. поэтов 15-18 вв.: пер. с каз. ; ред. Л. Степанова - Алма-Ата : Жалын, 1987 . - 87 с.
Льется песня под домбру [Текст] : фольклор и литературные памятники Казахстана / - Москва : Художественная литература, 2009 . - 710
Интернет ресурстар
Интернет-ресурсы
Актамберды – жырау [Электронный ресурс] : [биография] : сайт. – Режим доступа :https://megaobuchalka.ru/11/54536.html (08.04.2020)
Актамберды-жырау [Электронный ресурс] : [биография] : сайт. – Режим доступа https://adebiportal.kz/ru/authors/view/356 (08.04.2020)
Актамберды-жырау [Электронный ресурс] : [биография] : сайт. – Режим доступа https://www.elim.kz/article/273/ (08.04.2020)