Известные имена

Көкжал Барақ батыр

7Көкжал Барақ батыр (1702-1772)  – қазақ батыры

Барақ Шүркеұлы, Көкжал Барақ (1702-1772) - жоңғар - қалмақ шапқыншылығына қарсы күресте қол бастаған батырлардың бірі. Орта жүздің Найман руының Ергенекті - Көкжарлы аталығынан шыққан. Қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданында дүниеге келген. «Көкжал Барақ» деген атпен Үш жүзге мәшһүр болған тарихи тұлға.

Ата-анасынан ерте қалған Барақ, нағашыларының қолында тәрбиеленіп, жылқы баққан. Барақ 16 жасында қалмақтың белгілі батырларын жекпе-жекте жеңіп, елінің батасын алған.

Тарих беттеріне үңілсек, Көкжал Барақ батыр туралы аңыз-шежірелер көп. Көкжал Барақ батыр көз ілеспес жылдамдығымен кез келгеннің мысын басатын қайсарлығы үшін Абылай ханның мақтан тұтар батырларының бірі.

Көкжал Барақ батыр қазақ жерін жоңғар басқыншыларынан азат етуші Абылай ханның ақ туы астында болып, жанын шүберекке түйген шайқастарда сан рет қаһармандық ерлік жасағаны үшін Көкжал атанған. Ел аузының айтуынша, Іле бойындағы бір соғыста Көкжал батыр Абылайдың дұшпаны Болдыбекпен жекпе-жекке шығып, оны атынан ұрып түсіріп, Абылайдың алдына әкеліп тізерлетіпті. Сонда Абылай сүйініп: «Көкжалым-ай!» деп Барақты арқасынан қағыпты, және сол аңыздарға жүгенсек, Көкжал Барақ батырдың көкжелкесінен құйымшағына дейін өскен, ұзындығы екі елі көк қыл жалы болыпты.. Ашуланғанда сол арқасындағы жалы күдірейіп кететін Барақ батырдың есімі қазаққа ғана емес қалмақ пен қытайға да аңыз болып тарапты-мыс.

XVІІІ ғасырда Қазақ елін қанымен, жанымен қорғаған Қанжығалы Бөгенбай, Қаракерей Қабанбай, Қарасай, Шақшақ Жәнібек батырлармен тізе қосып айдаһардай Қытай мен қаһарлы жоңғар-қалмақ басқыншыларына қарсы ерлік көрсеткен. Қабанбай қолының бір қанатын - көкжарлы сарыжомарт руынан құрылған сарбаздарды бастап шығыстағы Ертістің оң жағалауынан Алтай тауларына қарай кететін кең алқапты тазартуға қатысқан. Боранбай, Кешу, Ботағара, Шынқожа тағы басқа батырлармен бірге Аягөз жазығы, Алакөл жағалауы, Шыңғыстау, Тарбағатай баурайында жоңғарларға қарсы ұрыстарда ерлігімен көзге түскен. Барақ батыр әйгілі Аңырқай, Бұланты, Шыңғыстау, Шаған, Шорға шайқастарын басынан кешірген.

Көптеген тарихшылардың пікірлерінше, бүгінгі Күршім ауданының аймағы ұзақ уақыттар бойы Жоңғар тайпаларының ықпалында болған. Бұны Тарбағатай, Шоян, Долан Хора сияқты өзге де бірқатар рулар растап отыр. Ал Барақ батыр өзінің сарбаздарымен бұл жерді азат еткен. Бұл жорық кезінде Барақ батыр сарбаздарын  Ертіс өзені көлегейлеп, қолбасшы оларға өзеннен өтуді бұйырған. Ол уақытта бұл өте мықты күтпеген шешім болған және ол қалыптасқан жағдайды күрт оң бағытқа өзгертуге айтарлықтай ықпал еткен. Содан бері Барақтың жауынгерлері жүзіп өткен аймақ Барақ-өткел аталып кеткен. Оған риза болған Абылай хан сыйлық ретінде батырға Күршім өзенінің оң жақ беткейіндегі жерді сыйға тартқан. Бүгінде Көкжал Барақ қоныстанған аймақ Теректібұлақ ауылы деп аталады, ал оның тұрғындары осы Көкжал Барақ батырдың тікелей ұрпақтары болып табылады.

Көкжал Барақ батыр 70 жасқа қараған шағында Қазақстанның оңтүстік өңірінде шайқас кезінде қаза болған.

Көкжал Барақ  туралы әдебиеттер

 Кітаптар-книги

Қазақстан ұлттық энциклопедиясы, 1 том.

Қайсенов З.Ә. Найман шежіресі [Мәтін]. 2-ші кітап, 2001. - 272 б.

Алтайдың інжу-маржаны [Мәтін] : [Күршім ауданының 80 жылдығына арналған.]. - Өскемен: Рекламный Дайджест, 2008. - 356 б. с.

Қайырбеков, Ә. Ардакүрең [Мәтін] : эссе, әдеби сын -зерттеу, сыр-сұхбат, ой-толғам / Ә. Қайырбекова. - Алматы: Дәуір, 2008. - 480 б.

Қалиғожин, С. Барақ ауылы [Электрондық ресурс] : [Күршім ауданы Теректібұлақ ауылының тарихынан.] / С. Қалиғожин. - Өскемен: Шығыс-Полиграф, 2013. - 135 б. с.

Қалиғожин, С. Күнгейлі Күршімім, көшбасшы Ұланым [Электрондық ресурс] : [Күршім , Ұлан аудандарының 80 жылдық мерейтойларына арналған жыр-дастандар.] / С. Қалиғожин. - Алматы: Арда, 2008. - 145 б. с.

Игібаев С. К. Көкжарлы Көкжал Барақ батыр, оның ұрпақтары және руластары [Мәтін ] : монография / С. К. Игібаев. - Өскемен: Арго ШҚПК, 2019. - 280 б. (Введено оглавление)

Қазақ батырлары [Мәтін] : танымдық жинақ. - Алматы: Айғаным, 2016. - 148 б. (Введено оглавление)

Айтқожин Қ. Б. 80 күндік Шорға шайқасы. Қазақ батырлары [Мәтін] / Қ. Б. Айтқожин. - Өскемен: ШҚПҚ АРГО, 2021. - 204 б. (Введено оглавление)

Алтыбаев, Қалибек. Бабадан қалған байтағым [Мәтін] Кн. 1. - Өскемен: Шығыс Ақпарат, 2021. - 456 б.

Қайырбаев, Т. М. Көкжарлы Көкжал Барақ / Т. М. Қайырбаев. - Алматы : ОНОН, 2022. - 348 б. - (Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл).

 

Мақалалар-Статьи

 

Көшекбаев, Н. Үш Барақ [Текст] : [ХVІІІ ғ. орта жүзді басқарған Барақ сұлтан, ХVІІІ- ғ-дың 60-80 жылдарында жоңғарларға қарсы күресте ерекше батырлығымен көзге түскен кіші жүздік батыр Барақ және наймандық Көкжал Барақ туралы деректеер] / Көшекбаев Н. // Жұлдыз . - 1985. - № 1. - С. 202-205 б.

Алтынбаев, Қ. Қазақтың Көкжал Барағы [Мәтін] / Қ. Алтынбаев // Дидар. - 1991. - 30 қараша.- Б.3.

Зұлхаров, Ғ. Бізге қай Барақ жақын [Мәтін] : [Тарихи тұлғалар Көкжарлы Барақ пен Барақ Солтабайұлы жайында] / Зұлхаров Ғ. // Дидар. - 1998. - 24 шілде.- Б.

Қалиғожин, С. Көкжарлы Көкжал Барақ [Мәтін] / Қалиғожин С. // Дидар. - 2000. - 13маусым

Әміре, Қ. Болғаны елге қорған алашқа анық [Мәтін] : [Көкжал Барақ батырдың туғанына - 300 жыл толуына орай Күршім ауданының Теректібұлақ ауылында өткен мерейтойдан] / Әміре Қ. // Дидар. - 2002. - 12 қазан.- Б.5

Әміреұлы, Х. Көкжал Барақ [Мәтін] / Әміреұлы Х., Қалибекұлы Ғ. // Егемен Қазақстан. - 2002. - 25 қыркүйек.- Б.16

Найман - Бостан батыр [Мәтін] // Ертіс өңірі. - 2006. - 23 наурыз.- Б.31

Ысқақ, Қ. Көкжал Барақ - тарихи тұлға болса да тасада қалып келеді [Мәтін] / Қ. Ысқақ // Рауан. - 2009. - 8 тамыз.- Б.3-4.

Игібаев, С. Көкжал Барақ батыр [Мәтін] / С. Игібаев // Рауан. - 2010. - 17 шілде.- Б.4.; 24 шілде.- Б.4.

Ануарбеков, Е. Көкжал Барақ батыр / Е. Ануарбеков. - Текст // Өскемен. - 2011.- 24 ақпан. - Б. 22. .

Әміренов, Х. Абылайхан құрметтеген [Мәтін] : Көкжал Барақ қандай бағаға болса да лайық / Х. Әміренов // Егемен Қазақстан. - 2013. - 29 наурыз.- Б.8.

Қалиғожин, С. Көкжарлы Барақ батырға Күршімде ескерткіш орнатылады [Мәтін] / С. Қалиғожин // Дидар. - 2015. - 15 сәуір.- Б.5.

Қалиғожин, С. Көкжарлы Көкжал бараққа ескерткіш орнатылды [Мәтін] / С. Қалиғожин // Рауан. - 2015. - 23 қыркүйек.- Б.3.

Кенжеханұлы, М. Қаратай батырға ескерткіш, Қалихан Ысқақовқа кеуде мүсін қойылды [Мәтін] / М. Кенжеханұлы // Дидар. - 2015. - 29 қыркүйек.- Б.1,3.

Әскетаев, Н. Көкжал Барақ келешекке көз тастайды / Н. Әскетаев - Текст // Егемен Қазақстан . - 2016.- 2 маусым (№ 104). - 8 .

***

Кокжал Барак [Текст] : [В Курчумском районе прошли торжества, посвященные 300-летию со дня рождения батыра] // Рудный Алтай. - 2002. - 15 окт. - С. 2

Турлыбаев, Елтай. Возвращение на отчизну [Текст] : отрывок из повести "Кокжал Барак" / Е. Турлыбаев // Мәдениет жаршысы / Шығыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасы=Управление культуры Восточно-Казахстанской области. - Өскемен, 2010. - N 3. - С. 40-44.

Жантыкеев Р. Батыры умирают в седле [Текст] : [о жизни и деятельности батыра Кокжал барака и установлении памятника ему на восточном склоне горы Карауыл Тобе] / Р. Жантыкеев // Рудный Алтай. - 2016. - 14 июля. - С. 3

Жантыкеев, Рысбек. Здесь каждый камень говорит [Текст] : Страницы истории Курчумского района наполнены событиями и именами известных личностей. В почетной галерее героев есть легендарный батыр Кокжарлы Кокжал Барак, снискавший славу в национально-освободительной войне с джунгарскими захватчиками / Р. Жантыкеев // Рудный Алтай. - 2021. - 21 января.- С.13.

Естаева, Гульжан. История, ставшая легендой [Текст] : [историк из Курчумского района Танаш Каирбаев издал книгу о жизни и боевом пути Кокжал Барака] / Г. Естаева // Рудный Алтай. - 2022. - 28 апреля.- С.20.