Известные имена

Аккузинов Ә. Қ.

Аккузинов Ә. Қ.Аккузинов Әсет Қайролдаұлы – қазақстандық әскери қайраткер, ғалым, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің полковнигі, тарих ғылымдарының докторы, саяси ғылымдар кандидаты.

1976 жылы 22 шілдеде Шығыс Қазақстан облысы, Самар ауданы, Самар ауылында дүниеге келген.

1998 жылы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери академиясында (бұдан әрі – ҚР ҚК ӘА) «жоғары әскери-арнайы білімі бар тәрбиеші-офицер» мамандығы бойынша толық оқу курсын аяқтап, «педагогика, тәрбиелік жұмыстың әдістемесі» біліктілігі және «лейтенант» әскери атағын алған.

ҚР ҚК Әскери академиясын аяқтағаннан кейін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде, Қазақстан Республикасы Республикалық ұланында (бұдан әрі – ҚР РҰ), сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінде әскери қызмет өткерді.

Академиялық және ғылыми дәрежелері:

– 2012 жылы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Ұлттық қорғаныс университетін тәмамдады – 6M100300 «Әскери және әкімшілік басқару» мамандығы бойынша «Әскери іс және қауіпсіздік» магистрі академиялық дәрежесі берілді.

– 2019 жылы Ресей Федерациясы Қарулы Күштері Бас штабының Әскери академиясының күндізгі адъюнктурасын тәмамдап, 20.01.02 «Стратегия. Мемлекет қауіпсіздігінің әскери аспектілері (әскери саясаттану)» мамандығы бойынша «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері үшін офицер кадрларды даярлау саласындағы саясаты және оны мемлекеттік әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету мүддесінде жетілдірудің негізгі бағыттары» тақырыбында диссертация қорғады. «Саяси ғылымдар кандидаты» ғылыми дәрежесі берілді.

– 2025 жылы Ресей Федерациясы Қарулы Күштері Бас штабының Әскери академиясы жанындағы соғыс тарихы және әскери өнер кафедрасының күндізгі докторантурасын тәмамдап, 5.6.2 «Жалпы тарих» мамандығы бойынша «Қазақстанның Ұлы Отан соғысындағы (1941–1945 жж.) КСРО Жеңісіне қосқан үлесі: тәжірибе мен сабақтар» тақырыбында диссертация қорғады. «Тарих ғылымдарының докторы» ғылыми дәрежесі берілді.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Қорғаныс ұлттық университетінің «Қарулы Күштердің Бас штабы академиясы» факультетінің жедел өнер және әскери тарих кафедрасының аға оқытушысы, әскери атағы – полковник.

А. К. Аккузиновтың шығармалары
Произведения Аккузинова А. К.
Кітаптар - Книги

Аккузинов, А. К. Плечом к плечу : вклад Казахстана в достижение победы СССР в Великой Отечественной войне (1941-1945 гг.): опыт и уроки / А. К. Аккузинов. - М. : Восточный экспресс : ИП Орлова Полина Георгиевна, 2025. - 432 с

Интернет ресурстар
Интернет-ресурсы

Аккузинов А.К. Политика Республики Казахстан в области подготовки офицерских кадров Вооружённых Сил и основные направления её совершенствования в интересах обеспечения военной безопасности государства // Вестник Евразийского национального университета им. Л.Н. Гумилёва. - 2022. - № 2 (139). - С. 72-85. - Точка доступа: https://www.journalgmu.ru/index.php/journalgmu/article/view/139 (дата обращения: 28.04.2026).