Известные имена

Звание
"Герой Советского Союза"

zvezda

Герой Советского Союза - высшая степень отличия СССР. Звание, которого удостаивали за личные или коллективные заслуги перед Советским государством и обществом, связанные с совершением геройского подвига или выдающихся заслуг во время боевых действий, а также, в виде исключения, и в мирное время.

Звание впервые установлено Постановлением ЦИК СССР от 16 апреля 1934 года, дополнительный знак отличия для Героя Советского Союза - медаль "Золотая Звезда" - учреждена Указом Президиума Верховного Совета СССР
от 1 августа 1939 года.

Яроцкий И. М.

Яроцкий Иван МихайловичЯроцкий Иван Михайлович (1916 – 1980) – Кеңес Одағының Батыры.

1916 жылы 18 маусымда Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданы Подгорное селосында туған .Білімі- жетікластық. Он бес жасынан колхозда жұмыс істеген, тракторшылыар курсын бітірген. 1936 жылы ауыл шаруашылық механизаторлар мектебін бітіріп, «Қызыл партизан»  МТС-да тракторшылар бригадасының бригадирі болған.

1937 жылы Қызыл Армия қатарына шақырылған. 1938 жылы полк мектебінің курсанты болып жүрген кезінде Хасан көліндегі әскери әрекеттерге қатысқан. 1939 жылы бірінші ҚызылТулы Қиыр шығыс армиясының кіші лейтенанттар курсын бітірген. 1940 жылы кіші лейтенант Яроцкий Тынық мұхит флоты 13- жаяуәскер бригадасының  рота командирі болып келді. 1942 жылдан партия мүшесі. 1945 жылғы жапон соғысына қатысқан.

1945 жылы 13 тамызда аға лейтенант Яроцкийдің басшылығындағы  автоматшылар ротасы мен аға лейтенант Леоновтың   140-барлау отряды, жапон тылындағы  Сейсин ( Чхончжин, Солтүстік Корея) портына түсірілді. Моряктар бірден өзендегі теміржол, тас жол көпірлерін  басып алып, Сейсиндегі барлық қатынас жолдарын үзіп тастады. Десантшылар төрт тәулік бойы жау тылында шайқасты. Ұрыс кезінде Яроцкий үш рет жараланса да қатардан шықпай, негізгі күш келгенше десантшылар әрекетіне басшылық жасады.

1945 жылы 14 қыркүйекте КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының  Жарлығымен жапон милитаристеріне қарсы күрестке көрсеткен ерлігімен батылдығы үшін аға лейтенант Яроцкий Иван Михайловичке Кеңес Одағының Батыры атағы беріліп, Ленин ордені мен «Алтын Жұлдыз» » (№ 7155) медалі тапсырылды.

Соғыстан  кейін Қарулы Күштер қатарынада қызметін жалғастырды. 1956 жылы таратылып кеткенше Ленинград облысы Выборг қаласындағы теңіз жаяу әскерлер әскери училищесінде аға оқытушы болып істеді. 1971 жылдан подполковник И. Яроцкий –запаста. Ленинград қалалық кеңесі  Пушкин қаласында тұрған. Оқу шеберханаларында жұмыс істеген. 1980 жылы 25 шілдеде қайтыс болған. Пушкин қаласындағы Казанский зиратына жерленген.

И. М. Яроцкий туралы әдебиеттер

Литература о И. М. Яроцком

Шығыс Қазақстан облысы.Энциклопедия/ Бас ред. Б.Ө. Жақып. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2014.-Б.840.

Кеңес Одағының батырлары - шығысқазақстандықтар = Герои Советского Союза - восточноказахстанцы [Мәтін] : Мағлұматнама. - Өскемен : ШҚМУ, 2005. - 132 б.

Отан батырларын мадақтайды. [Мәтін] : Шығысқазақстандықтар - Кеңес Одағының Батырлары : фотоальбом / Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи ландшафтық мұражай- қорығы. - Өскемен : Медиа-Альянс, 2010. – Б.285.

Интернет-ресурстар

Интернет-ресурсы

Ветеран ВКО 

Биографии Героев и писателей СССР 

Герои страны 

Электронный мемориал