Звание
"Герой Советского Союза"
Герой Советского Союза - высшая степень отличия СССР. Звание, которого удостаивали за личные или коллективные заслуги перед Советским государством и обществом, связанные с совершением геройского подвига или выдающихся заслуг во время боевых действий, а также, в виде исключения, и в мирное время.
Звание впервые установлено Постановлением ЦИК СССР от 16 апреля 1934 года, дополнительный знак отличия для Героя Советского Союза - медаль "Золотая Звезда" - учреждена Указом Президиума Верховного Совета СССР
от 1 августа 1939 года.
Елеусов Жәнібек Ақатұлы (1925-1996) – Кеңес Одағының Батыры.
Елеусов Жәнібек Ақатұлы - орталық майдан 13-ші армиясының 6-шы гвардиялық атқыштар дивизиясының 25-ші гвардиялық атқыштар полкінің пулеметшісі, гвардия қызыл әскері.
1925 жылы Таулы Алтай автономиялық облысы Тұрата селосында шаруа отбасында туған. Ұлты – қазақ. Жеті кластық білімді Тұрата мектебінен – қазақша, қалған кластарды басқа мектептен орыс тілінде оқыған.
1942 жылы орта мектепті бітірісімен өз еркімен майданға сұранған. Алтай өлкесінің Усть-Кан аудандық әскери комиссариаты 1943 жылы сұранысын қанағаттандырып, ақпан айында соғысқа атанады. Алты айлық снайперлер курсын бітірген соң, 1943 жылдың шілде айында Воронеж майданына пулеметшілер бөлімшесінің командирі болып келеді. Сумск облысын, Шостки қаласын азат етуге қатысып, Десна, Днепр өзендерінен өту, Днепрдің оң жағалауындағы бекіністі (Киевтің солтүстігі) кеңейтуге қатысты. Пулеметпен жау шабуылын бірнеше мәрте қайтара отырып, бөлімшелердің өзеннен кедергісіз өтуін қамтамасыз еткен.
1943 ж. 29 қыркүйекте Киев облысы Чернобыль ауданы Плютовище селосы тұсында Припять өзенінен өту кезінде оң жағалауға жеткен гвардия қызыл әскері Ж. А. Елеуісов жаудың оқ жаудырып жатқан нүктелеріне қарсы оқ бората отырып, батальонның өзеннен аман өтуін қамтамасыз етті.
1943 ж. 16 қазанда КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығы бойынша Киевтен солға қарай Днепр өзенінен өту кезінде, өзеннің сол жақ плацдармын нық ұстап тұрып, көрсеткен ерлігі үшін гвардия қызыл әскері Елеуісов Жәнібек Ақатұлына Кеңес Одағының Батыры атағы беріліп, Ленин және «Алтын Жұлдыз» (№ 3606) медалі қоса тапсырылды. Малин, Житомир, Новгород-Волынский, Ровно қалаларын азат етуге қатысты. 1944 жылы Дубно қаласының түбінде ауыр жараланып, алты қабырға мен бір өкпесінен айрылды. Емделіп шыққан соң 1944 жылдың күзінде Казань қаласындағы орналасқан Житомир жаяу әскерлер командирін даярлайтын әскери училищесіне оқуға жіберілді. Оны бітірген соң Черновцы қаласында әскери училищеге ұрыс тәсілін үйретуден сабақ берді.
1946 жылдан кіші лейтенант Ж. А. Елеуісов – запаста. Алтай өлкесі Быстроисток ауданы Верх-Ануй селосында жеті жылдық мектеп директоры, 1948 жылы Тұрата селолық Кеңесінің төрағасы, Алтай өлкелік Кеңесінің депутаты болды. 1951 жылдан Уть-Кан ауданы Қырлық селосындағы жеті жылдық мектеп директоры болды.
1954 жылы Шығыс Қазақстанға қоныс аударған. 1962 жылдан Гурьев (қазіргі Атырау) қаласында тұрды. 1962-64 жылдары Гурьев қаласындағы Ы. Алтынсарин атындағы мектепте алғашқы әскери дайындықтан сабақ берді. 1964 жылдан Гурьев облыстық ДООСАФ бөлімшесінің атқыштар спорт мектебінің бастығы болды. Төрт жыл қатарынан Гурьев қалалық Кеңесінің депутаты болып сайланды. 1972 жылы қызмет бабымен Жамбыл (қазіргі Тараз) қаласына ауысып, ДОСААФ облыстық комитеті спорт-атқыштар клубының бастығы болып істеді. 1991 жылы құрметті демалысқа шықты.
1996 жылы 21 сәуірде Тараз қаласында қайтыс болды. Ленин (16.10.1943), 1-дәрежелі Отан соғысы (11.03.1985) ордендерімен, медалдармен марапатталған
Тараз қаласында батыр тұрған Сабыр Рахимов көшесі, 1 үйде мемориалды тақта, Тұрата селосында батырдың бюсті қойылған. Украинаның астанасы Киев қаласындағы Ұлы Жеңіске орнатылған обелискте Елеусовтың есімі алтын әріптермен жазылған.
Ж. А. Елеусов туралы әдебиет
Литература о Ж. А. Елеусове
Кеңес Одағының батырлары - шығысқазақстандықтар = Герои Советского Союза - восточноказахстанцы: Мағлұматнама. - Өскемен : ШҚМУ, 2005. – с.33.
Отан батырларын мадақтайды.: Шығысқазақстандықтар - Кеңес Одағының Батырлары : фотоальбом / Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи ландшафтық мұражай-қорығы = Родина награждает отважных : Восточноказахстанцы - Герои Советского Союза : фотоальбом / Акимат Восточно-Казахстанской области, Восточно-Казахстанский областной архитектурно-этнографический и природно-ландшафтный музей-заповедник ; сост. Н. В. Крутова. - Өскемен : Медиа-Альянс, 2010. - 290 с. –
***
Герои Советского Союза казахстанцы : Сборник документов и материалов: В 1 т. - Алма-Ата : КазОгиз, 1945.- с. 213-214.
Герои Советского Союза: историко-статистический очерк / Д. Н. Артамонов [и др.] ; ред. И. Н. Шкадов. - М. : Воениздат, 1984. - с. 389 – Т.1
Мақалалар - Статьи
Жарылғапов, Ж.Алтайдың ақиығы [Мәтін] / Жарылғапов Ж. // Ақиқат. - 2005. - №5. - Б. 16.
Интернет-ресурстар
Интернет ресурсы