Звание
"Герой Советского Союза"
Герой Советского Союза - высшая степень отличия СССР. Звание, которого удостаивали за личные или коллективные заслуги перед Советским государством и обществом, связанные с совершением геройского подвига или выдающихся заслуг во время боевых действий, а также, в виде исключения, и в мирное время.
Звание впервые установлено Постановлением ЦИК СССР от 16 апреля 1934 года, дополнительный знак отличия для Героя Советского Союза - медаль "Золотая Звезда" - учреждена Указом Президиума Верховного Совета СССР
от 1 августа 1939 года.
Шулятиков Василий Александрович (1917-2009) – Кеңес Одағының Батыры.
Василий Александрович Шулятиков 1917 жылы 9 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы Большенарым ауылында шаруа отбасында туған. Семей педагогикалық училищесін бітірген. Семей облысында мектеп директоры қызметін атқарған.
1939 жылдан әскер қатарына шақырылып, 1939-40 жылдары совет –фин соғысына қатысқан.Ұлы Отан соғысына 1941 жылдың маусым айынан қатысқан. 863- жеке байланыс ротасының взвод командирі (Воронеж майданы, 38- армия, 163-атқыштар дивизиясы)
163-Ромна атқыштар дивизиясының жеке байланыс батальоны құрамында Прибалтика, Солтүстік –Батыс, Дала, Воронеж, 1-2-Украина майдандарына соғысқан.
1943 жылы қазан айында аға лейтенант Шулятиков өз взводымен Киев қаласының солтүстік және оңтүстігінен тұсынан Днепр өзенінен (Жуковка, Вышгород селоларының аумағы) екі мәрте өтіп, оң және сол жағалау аралығына кабельді желі тартқан. Ұрыс кезінде үзіліп қалған желіні жау оғының астында жүріп қалпына келтіріп, шабуылға қатысқан.
1943 жылы 29 қазанда Кеңес Одағының Батыры атағын алған. Соғыстан кейін армия қатарында қызметін жалғастырған. 1950 жылы Әскери байланыс академисын бітіріп, оқытушылық қызметін атқарған. 1972 – жылдан полковник Шулятиков – запаста. С.М. Буденный атындағы Әскери байланыс академиясының ғылыми қызметкері болып істеген. Әскери ғылымдар кандидаты (1955).
Ленин, 1-2- дәрежелі Отан соғысы, 2 мәрте Қызыл Жұлдыз, «Құрмет белгісі» ордендерімен, медальдармен марапатталған. КСРО –ның Құрметті байланысшысы. Ленинград қаласында тұрған. 2009 жылы 15 ақпанда қайтыс болып, Санкт-Петербургтің Волков зиратына жерленген.
Әдебиеттер:
Интернет-ресурстар: