Звание
"Герой Советского Союза"
Герой Советского Союза - высшая степень отличия СССР. Звание, которого удостаивали за личные или коллективные заслуги перед Советским государством и обществом, связанные с совершением геройского подвига или выдающихся заслуг во время боевых действий, а также, в виде исключения, и в мирное время.
Звание впервые установлено Постановлением ЦИК СССР от 16 апреля 1934 года, дополнительный знак отличия для Героя Советского Союза - медаль "Золотая Звезда" - учреждена Указом Президиума Верховного Совета СССР
от 1 августа 1939 года.
Шелехов Николай Степанович (1920-1945) – Кеңес Одағының Батыры.
66 гвардиялық атқыштар полкінің (1-Белорус майданы 3- екпінді Армия, 23-гвардиялық атқыштар дивизиясы) рота командирі, гвардия лейтенанты.
1920 жылы 6 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы Уварово селосында туған. 6- кластан соң, тракторшылар курсын бітіріп, МТС- та жұмыс істеген. 1939 жылы әскери борышын өтеуге Қызыл армия қатарына аттанған. 1941 жылдың шілдесінен майданда. Оның жауынгерлік жолы Мәскеден Берлинге дейін жетті. Бес рет жараланса да жаумен шайқасын тоқтатпады. 1944 жылы кіші лейтенант курсын бітірді.
66 – гвардиялық атқыштар полкінің рота командирі (23- гвардиялық атқыштар дивизиясы, 3-екпінді армия 1-Белорус майданы) 1-2-дәрежелі Отан соғысы, Қызыл ту, Қызыл Жұлдыз ордендерімен бірнеше медальдармен марапатталған. Гвардия лейтенанты Шелехов Берлин үшін болған шайқаста ерекше көзге түскен.
1945 жылы 16 сәуірде гвардия лейтенанты Шелихов басшылық еткен атқыштар ротасы Одер өзенінен өтуге ұмтылды. Өзеннің батыс жағалауындағы жау траншеяларын басып алып, бір аптаден соң Берлинге кірді. Көше шайқасы басталды. Таңертең немістер артиллерия атысын қарқынды бастап, шабуылға көшті. Бұл күні немістер үзіліссіз шабулын тоқтатпады. Шелиховтың атқыштар ротасы бірнеше шабуылға тойтарыс берді. Жаудың жаңа шабуылын екі танк бастады. Оның бірін Шелихов жағып жіберді. Ал екінші танктің оғы зеңбірекке дәл тиді. Жараланғанына қарамастан командир ротаны кезекті шабуылға көтерді. 1945 жылы 23 сәуірде Берлиннің сол жақ шетіндегі ұрыста рота жаудың жаяу әскер мен танктен тұратын 15 шабуылына тойтарыс берген. Қолға түсірген олжа пушкамен Шелихов жаудың танкісін жағып жіберді. Рота межені жауға бермей тапсырманы орындады. Бірақ командир қаза тапты.
Марапат қағазында : "Батыл, жігерлі Қызыл Армия офицері өз өмірін фашист басқыншыларын талқандауға арнады. Оның жауынгерлік жолы өшпес даңққа бөленген»- деп жазылыпты.
Берлин-Бланкенбург, Берлин Бернау жол айрығында мәрмәр ескерткіш тұр. Онда «Гвардия аға лейтенанты, Кеңес Одағының Батыры Шелихов Николай Степанович қаза тапқан. 22 сәуір 1945 жыл. 1920 жылы туған»- деп жазылған.
Николай Шелиховке Кеңес Одағының Батыры атағы 1945 жылы 31 мамырда қаза тапқан соң берілген. Берлин қаласында жерленген. Батырдың туған ауылында ескерткіш орнатылған. Есімі әскери бөлімшенің тізіміне мәңгілікке жазылған.
Н. С. Шелехов туралы әдебиеттер
Литература о Шелихове Н. С.
Шығыс Қазақстан облысы.Энциклопедия/ Бас ред. Б.Ө. Жақып. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2014.-Б.808.
Кеңес Одағының батырлары - шығысқазақстандықтар = Герои Советского Союза - восточноказахстанцы [Мәтін] : Мағлұматнама. - Өскемен : ШҚМУ, 2005. - 132 б.
Отан батырларын мадақтайды. [Мәтін] : Шығысқазақстандықтар - Кеңес Одағының Батырлары : фотоальбом / Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи ландшафтық мұражай- қорығы. - Өскемен : Медиа-Альянс, 2010. – Б.279.
Интернет ресурстар
Интернет-ресурсы
Биографии Героев и писателей СССР