Звание
"Герой Советского Союза"
Герой Советского Союза - высшая степень отличия СССР. Звание, которого удостаивали за личные или коллективные заслуги перед Советским государством и обществом, связанные с совершением геройского подвига или выдающихся заслуг во время боевых действий, а также, в виде исключения, и в мирное время.
Звание впервые установлено Постановлением ЦИК СССР от 16 апреля 1934 года, дополнительный знак отличия для Героя Советского Союза - медаль "Золотая Звезда" - учреждена Указом Президиума Верховного Совета СССР
от 1 августа 1939 года.
Ысқақов Қапай (1906-1973) - Кеңес Одағының Батыры
Ысқақов Қапай – 861-атқыштар полкының 1- батальонының бөлімше командирі (294-Черкастық , Богдан Хмельницкий орденді атқыштар дивизиясы, 73- атқыштар корпусы,52- армия, 2- Украина майданы), сержант.
1906 жылы 15 шілдеде Георгиевка селосында шаруа отбасында дүниеге келген ( қазір Қалбатау, Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы). Білімі бастауыш. Үй шаруашылығында, совхозда ағаш шебері болып жұмыс істеді.
1940 жылдан Қызыл Армия қатарында. Соғыстың алғашқы күнінен бастап әрекеттегі Армияда. Батыс, Оңтүстік, Сталинград, Воронеж, 2-ші және 1-ші Украина майданында шайқасты. 1941 жылы қорғаныс ұрыстарына, Сталинградты қорғауға, Украинаның Солтүстік жағалауын азат етуге, Корсунь-Шевченко шабуылдарына қатысты.
Уманск-Ботошан шабуылында ерекше көзге түсті (Днепр-Карпат стратегиялық шабуылы. 1944 ж.) 1944 жылы 28 наурызы күні түнде Петрешты (қазір Петрешть Унген ауданы, Молдовия) селосы маңында К.Искаков бөлімі батальонның ашық қанатындағы позицияны қорғады. Жауынгерлер жаудың 5 қарсы шабуылын тойтарды, жаудың басып алуына және батальонды ашық қанаттан қоршауға алуына жол бермеді. Ұрыс барысында Қ.Ысқақов жарақат аласа да, ұрыс даласын тастап кетпеді. Жауынгерлер шамамен 40-тан аса жау солдатын жойды.
1944 жылы 13 қыркүйекте КСРО Жоғарғы Кеңесінің Жарлығымен неміс-фашист басқыншыларымен ұрыста әскери тапсырманы үздік орындап, ерлік пен батырлықтың үлгісін көрсеткені үшін сержант Ысқақов Қапайға Кеңес Одағының Батыры батыры атағы беріліп, Ленин ордені және «Алтын Жұлдыз» медалімен марапатталды. .
Бұдан кейін ол Ясско-Кишинев, Сандомир-Силезия, Төменгі Силезия, Берлин және Прага шабуылдарына қатысқан.
Соғыстан кейін әскерден босатылады. Өзі туған ауылында еңбек етіп, өмір сүрді.
1973 жылы 26 қыркүйекте қайтыс болды. Васильковка селосында жерленген (қазір Капай батыр ауылы, Жарма ауданы Шығыс Қазақстан облысы).
Ленин ордені (13.09.1944),медальдармен, соның ішінде «За отвагу» және «За боевые заслуги» медальдарымен марапатталған.
Қалбатау және Қапай батыр селоларындағы көшелер Батыр есімімен аталады.
Әдебиеттер:
Интернет-ресурстар: