Звание
"Герой Советского Союза"
Герой Советского Союза - высшая степень отличия СССР. Звание, которого удостаивали за личные или коллективные заслуги перед Советским государством и обществом, связанные с совершением геройского подвига или выдающихся заслуг во время боевых действий, а также, в виде исключения, и в мирное время.
Звание впервые установлено Постановлением ЦИК СССР от 16 апреля 1934 года, дополнительный знак отличия для Героя Советского Союза - медаль "Золотая Звезда" - учреждена Указом Президиума Верховного Совета СССР
от 1 августа 1939 года.
Кокорин Фёдор Савинович (1918-1997)- Кеңес Одағының Батыры
4-ші гвардиялық атқыштар полкінің рота командирі (6-гвардиялық атқыштар дивизиясы, 60-армия, Орталық майдан), гвардия лейтенанты.
Федор Кокорин 1918 жылы 20 желтоқсанда Пермь облысы Куединск ауданы Большая Уса селосында шаруа отбасында туған. Бастауыш мектепті бітірісімен тракторшы болып еңбек жолын бастаған. Қызыл Армия қатарына 1939 жылы шақырылды.
1942 жылдың сәуір айынан майдан шебінде. 1943 жылы кіші лейтенант курсын бітіріп, 6-шы гвардиялық атқыштар дивизиясында соғысқан.
Орталық майданның Чернигов-Припять шабуыл операциясы кезінде көзге түскен. (26 тамыз – 30 қыркүйек 1943 жыл). Шабуыл барысында рота командирі қолға түскен құралдарды пайдалана отырып Десна және Днепр –өзендерінен өтуді қамтамасыз етті. 1943 жылы 29 сентябрьде ротасымен Припять өзенінен өтіп, 30 сентябрьде жау бекінген Оташев селосын (Киев облысы Чернобыл ауданы) тартып алды. Бірнеше шабуылға тойтарыс бере отырып, полк көмекке келгенше деревняны ұстап тұрған.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығы бойынша 1943 жылы 16 қазанда Десна, Днепр, Припять өзендерінен өту кезінде көрсеткен ерлігі үшін Федор Савинович Кокоринге Кеңес Одағының Батыры атағы беріліп, Ленин ордені мен «Алтын жұлдыз» медалі 2 дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз ордендерімен тапсырылды.
Соғыс аяқталған соң Ф.С. Кокорин Совет Армиясы қатарында қызметте қалды. 1946 жылы офицерлер курсын бітірді.
1953 жылдан аға лейтенант Ф.С. Кокорин – запаста. Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында тұрды. Облыстық ДОСААФ комитетінде аға инструктор болып істеді. Федор Кокорин 1997 жылы қайтыс болды. Өскемен қаласының бір көшесіне Ф.С. Кокорин есімі берілген. Пермь қаласындағы Офицерлер үйінің қабырғасында сол өлкеден шыққан батырлардың аты-жөні қашалып жазылған, олардың ішінде Кокориннің аты бар.
Қалалық атқару комитетінің 1980 жылғы 6 мамырдағы шешімі негізінде Ф.С. Кокоринге «Өскемен қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.
Әдебиеттер:
Интернет-ресурстар: