Известные имена

Звание
"Герой Советского Союза"

zvezda

Герой Советского Союза - высшая степень отличия СССР. Звание, которого удостаивали за личные или коллективные заслуги перед Советским государством и обществом, связанные с совершением геройского подвига или выдающихся заслуг во время боевых действий, а также, в виде исключения, и в мирное время.

Звание впервые установлено Постановлением ЦИК СССР от 16 апреля 1934 года, дополнительный знак отличия для Героя Советского Союза - медаль "Золотая Звезда" - учреждена Указом Президиума Верховного Совета СССР
от 1 августа 1939 года.

Колчин А.А.

Колчин Александр Александрович

Александр Александрович Колчин (1922-1973) – Кеңес Одағының Батыры
79-шы бөлек байланыс полкінің телеграф-кабельдік ротасының желілік жетекшісі (47-армия, Воронеж майданы), кіші сержант.
1922 жылы Ленинград облысы, Новая Ладога қаласыда дүниеге келген. 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, гвардия сержанты, байланысшы.
1937 жылы Колчиннің отбасы Шығыс Қазақстан облысындағы Лениногорск қаласына қоныс аударған. Кен-металлургия техникумында оқып жүргенде 1941 жылы қыркүйекте Кеңес әскері қатарына шақырылды.
1943 жылы шілдеден майданда байланыс әскерлерінің қата рында ұрыстарға қатысты. Ол 47-армия командованиесінің Днепр өзенінен өтуде бөлімшелер арасындағы телефон байланысын қамтамасыз етті.
1943 жылдың 19 қазанында жаудың бораған артиллерия мен миномет оғынан кабель линиясы үзілді. Жау оғының астында суға сүңгіп жүріп, кабельдің үзілген жеріп тауып жалғады. Байланыс қалпына келді. 20 қазанда жаудың 130 ұшағы Кеңес әскері командованиесінің бақылау пункті тұрған 175,9 биіктігіне тұтқиылдан шабуыл жасады. Бірнеше байланысшы қаза тауып, үзілген байланысты Колчин тез арада жалғап отырды. Ол өз полкімен Польшаны азат етіп, Берлин қаласына шабуыл жасауға қатысты.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1944 жылғы 10 қаңтардағы Жарлығымен фашистік басқыншыларға қарсы күресте көрсеткен ерлігі, батылдығы және қаһармандығы үшін кіші сержант Александр Александрович Кольчинге Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Ленин ордені және «Алтын Жұлдыз» медалі (№3049). 1
946 жылы аға сержант Кольчин демобилизацияланды. Ленинградта тұрды. Промстройпроекттегі бұрғылау шеберлерінің курстарын бітіріп, аға бұрғылау шебері, аға инженер-геолог, бригада жетекшісі қызметтерін атқарды. Ленин орденімен және медальдармен марапатталған. Батырдың есімі Новоладожская орта мектебіне берілді.
1973 жылы 14 маусымда қайтыс болды. Санкт-Петербургтегі Большеохтинский зиратында жерленген.

А. А. Колчин туралы әдебиеттер

Литература о А. А. Колчине

Герои Советского Союза: историко-статистический очерк / Д. Н. Артамонов [и др.] ; ред. И. Н. Шкадов. - М. : Воениздат, 1984. - с. 703 – Т.1

Герои Советского Союза казахстанцы : Сборник документов и материалов: В 1 т. - Алма-Ата : КазОгиз, 1945. – с. 397-398.

Кеңес Одағының батырлары - шығысқазақстандықтар = Герои Советского Союза - восточноказахстанцы: Мағлұматнама. - Өскемен : ШҚМУ, 2005. – 53.

Отан батырларын мадақтайды.: Шығысқазақстандықтар - Кеңес Одағының Батырлары : фотоальбом / Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи ландшафтық мұражай-қорығы = Родина награждает отважных : Восточноказахстанцы - Герои Советского Союза : фотоальбом / Акимат Восточно-Казахстанской области, Восточно-Казахстанский областной архитектурно-этнографический и природно-ландшафтный музей-заповедник ; сост. Н. В. Крутова. - Өскемен : Медиа-Альянс, 2010. - 290 с. 

Ситникова, Л. Фронтовые дороги/ Ситникова Л. // Лениногорская правда. - 1984. - 20 дек.

Герои страны