Звание
"Герой Советского Союза"
Герой Советского Союза - высшая степень отличия СССР. Звание, которого удостаивали за личные или коллективные заслуги перед Советским государством и обществом, связанные с совершением геройского подвига или выдающихся заслуг во время боевых действий, а также, в виде исключения, и в мирное время.
Звание впервые установлено Постановлением ЦИК СССР от 16 апреля 1934 года, дополнительный знак отличия для Героя Советского Союза - медаль "Золотая Звезда" - учреждена Указом Президиума Верховного Совета СССР
от 1 августа 1939 года.
Копылов Иван Павлович (1920-1982)- Кеңес Одағының Батыры
666-шы артиллериялық полк дивизиясының командирі (222-ші Смоленск Қызыл Ту дивизиясы, 33-ші армия, 1-ші Беларусь майданы), майор.
1920 жылы 1 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы, Зыряновск ауданы (қазіргі Алтай), Соловьево ауылында туған.
1939 жылы Ташкент қаласындағы (Өзбекстан) экономика техникумын бітіргеннен кейін Мәскеу қаласындағы артиллерия училищесіне оқуға түсті. 1941 жылы шілде айынан майданда 222-Смоленск атқыштар дивизиясы 787-атқыштар полкінің жауынгерлік сапында ұрыстарға қатысты.
1945 жылы 2 ақпанда Копылов өз батареясымен Фогельчанг деревнясы маңында Одер (Одра) өзенінен алғашқылардың бірі болып, өзеннен өтіп жатқан атқыштар полкіне көмектесті. Ұрыстың бірінші күнінде бұл дивизион жаудың 4 станокты пулеметін, 2 транспортерін жойып, миномет батареясының үнін өшірді. Одер өзенінің батыс жағалауындағы плацдармды жою мақсатымен, жау ұрысқа темір жол арқылы жаяу әскер полкін, одан кейін Гиммлер полкін алып келді. Кескілескен ұрыс 3 күнге созылды. Плацдармды қорғаушылар зор шығынға ұшырады. Копылов плацдармдағы жалпы басшылықты қолға алды. Пулемет пен автоматтан атылған оқ немістердің жаяу әскерін танкілерінен бөліп тастады. Жау техникасын танк жойғыштар мен артиллеристер жойды.
1945 жылы 16 сәуірде плацдармнан Берлинге шабуыл жасалды. Копылов соғысты Эльба өзеніндегі Дессау қаласы маңында аяқтады. Жауынгерлік тапсырманы үлгілі орындағаны және Одер өзенінен өтер кездегі ерлігі мен тапқырлығы үшін Копыловқа КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (31.5.1945). Сондай-ақ ол Александр Невский, екі 2-дәрежелі Отан соғысы, «Қызыл Жұлдыз» ордендерімен және медальдармен марапатталды.
Соғыстан кейін Копылов Кеңес әскері қатарында қызмет етіп, 1952 жылы ол әскери-артиллерия академиясын бітірді. 1973 жылы полковник Копылов запасқа шығып, Одесса қаласында тұрды.
1982 жылы 6 қазанда қайтыс болды.
И. П. Копылов туралы әдебиет
Литература о И. П. Копылове
Шығыс Қазақстан облысы.Энциклопедия/ Бас ред. Б.Ө. Жақып. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2014.-Б. 397.
Кеңес Одағының батырлары - шығысқазақстандықтар = Герои Советского Союза - восточноказахстанцы [Мәтін] : Мағлұматнама. - Өскемен : ШҚМУ, 2005. –Б.132.
Отан батырларын мадақтайды. [Мәтін] : Шығысқазақстандықтар - Кеңес Одағының Батырлары : фотоальбом / Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи ландшафтық мұражай- қорығы. - Өскемен : Медиа-Альянс, 2010. – Б.290.
***
Герои Советского Союза казахстанцы : Сборник документов и материалов: В 1 т. - Алма-Ата : КазОгиз, 1945. – с. 401-402.
Герои Советского Союза: историко-статистический очерк / Д. Н. Артамонов [и др.] ; ред. И. Н. Шкадов. - М. : Воениздат, 1984. - с. 723 – Т.1
Есть в памяти мгновения войны = Отты жылдар есімізде / сост. Л. В. Аксенова. - Усть-Каменогорск : Медиа-Альянс, 2010. - 65 с. : фот.
Интернет ресурстар
Интернет-ресурсы
Офицеры-герои Советского Союза выпускники Подольских военных училищ