Известные имена

Звание
"Герой Советского Союза"

zvezda

Герой Советского Союза - высшая степень отличия СССР. Звание, которого удостаивали за личные или коллективные заслуги перед Советским государством и обществом, связанные с совершением геройского подвига или выдающихся заслуг во время боевых действий, а также, в виде исключения, и в мирное время.

Звание впервые установлено Постановлением ЦИК СССР от 16 апреля 1934 года, дополнительный знак отличия для Героя Советского Союза - медаль "Золотая Звезда" - учреждена Указом Президиума Верховного Совета СССР
от 1 августа 1939 года.

Корнев И.И.

kornevКорнев Иван Ильич (1900-1945) – Кеңес Одағының батыры

Корнев Иван Ильич 1900 жылы Семей облысы Бесқарағай ауданында туған.Ұлты –орыс, 1928 жылдан КПСС мүшесі. Ауылшаруашылығын коллективтендіруге белсене араласқан. Соғысқа дейін «Прииртышская правда газеті» атындағы колхоздың төрағасы болып қызмет еткен. Қызыл Армия қатарына 1941 жылы шақырылған. «Қызыл Жұлдыз» орденімен, «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен марапатталған.

Корнев қызмет ететін 124-Минск Қызыл Тулы атқыштар дивизиясының батальоны 1945 жылдың 15 қаңтарында Пилькаллен қаласын шабуылмен алмақшы болды. Жауынгерлер таң алдында шабуылды бастайды. Корнев батальонның шабуылшы тізбегінде тұрған. Алғашқылардың бірі болып жау траншеясына ұмтылған И. Корнев қояма-қолтық ұрысқа кірісіп кетеді. Найзаны епті пайдалана отырып, бес фашист солдаты мен бір унтер-офицерді найзамен түйреп өлтіреді. Соғыс қызған кезде рота командирі қаза тапты, бөлімше бас көтере алмады. Осындай шешуші сәтте ротаны басқаруды Корнев өз қолына алды. Төніп тұрған қауіпке қарамастан Корнев ротаны үш қайтара көтеріп, жаудың шабуылын қайтарды. Жауынгерлердің тегеурініне шыдамаған дұшпан әскері шегінуге мәжбүр болды.

Корнев басқарған рота алғашқы болып қалаға кірді де көше ұрысы басталып кетті. Үйлердің біріне орнығып алған жау автоматшылары бөлімшенің алға жылжуына кедергі жасап, бас көтертпеді. Сол кезде Корнев бір топ солдаттармен үйге шабуыл жасап, граната лақтырды. Автоматшылардың үні өшіп, жаяу әскерге жол ашылды. Жараланғанына қарамастан Иван Ильич ұрыс алаңынан кетпей, ротаны басқара берді. Бір өзі осы ұрыста 30 фашистің көзін жойды. Соғыс саябырлаған кезде екінші оқ келіп батыр командирді өлімші етіп жаралады. Отан өз ұлының ерлігін жоғары бағалады. 3-Белорус майданы әскерлерінің қолбасшысы Совет Одағының Маршалы, Әскери Кеңес майданының мүшесі, генерал – лейтенант Макаровтың ұсынысымен КСРО Жоғары Кеңесі Президиумының Жарлығымен 1945 жылдың 15 сәуірінде сержант И.И. Корневке қаза тапқаннан кейін Кеңестер Одағының батыры атағы берілді. Бесқарағайлықтар өздерінің ержүрек жерлестерін ұмытпайды. Владимировка селосындағы орта мектеп И.И. Корневтің атында.

Әдебиеттер:

  • Шығыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2014.-
  • Б.397.
  • Кеңес Одағының батырлары - шығысқазақстандықтар = Герои Советского Союза - восточноказахстанцы [Мәтін] : Мағлұматнама. - Өскемен : ШҚМУ, 2005. - 132 б.
  • Отан батырларын мадақтайды. [Мәтін] : Шығысқазақстандықтар - Кеңес Одағының Батырлары : фотоальбом / Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи ландшафтық мұражай- қорығы. - Өскемен : Медиа-Альянс, 2010. – Б. 137.

Интернет-ресурстар: