Известные имена

Есімдер

Как правильно класть плитку. Как класть плитку на стену быстро. Класть плитку своими руками. Как выбрать ламинат для квартиры. Какой лучше выбрать ламинат сегодня. Какого цвета выбрать ламинат. Как правильно клеить обои. Как клеить обои на потолок вертикально. Как правильно клеить углы обоями. Интересные самоделки своими руками. Качественные самоделки своими руками фото. Самоделки для дома своими руками. Как сделать потолок в доме. Чем лучше утеплить потолок дома на сегодняшний день. Утепление потолка дома своими руками. Бизнес идеи с минимальными вложениями. Успешные идеи малого бизнеса с нуля. Прибыльные бизнес идеи. Как сделать мебель своими руками. Сделать деревянная мебель своими руками. Сделать мебель своими руками видео. Опалубка для фундамента. Как сделать опалубку для фундамента быстро. Опалубка для фундамента купить.

Звание
"Герой Советского Союза"

zvezda

Герой Советского Союза - высшая степень отличия СССР. Звание, которого удостаивали за личные или коллективные заслуги перед Советским государством и обществом, связанные с совершением геройского подвига или выдающихся заслуг во время боевых действий, а также, в виде исключения, и в мирное время.

Звание впервые установлено Постановлением ЦИК СССР от 16 апреля 1934 года, дополнительный знак отличия для Героя Советского Союза - медаль "Золотая Звезда" - учреждена Указом Президиума Верховного Совета СССР
от 1 августа 1939 года.

Крахмаль А.С.

KrahmalAlSemКрахмаль Алексей Семенович, (1911-1987)- Кеңес Одағының Батыры  

Кеңес Одағының Батыры Крахмаль Алексей Семенович 1911 жылы 24 наурызда Шығыс Қазақстан облысы, Марқакөл ауданы, Алексеевка ауылында шаруа отбасында дүниеге келген. Толық емес орта мектепті, несие инспекторының курсын бітірді. Соғысқа дейін Мемлекеттік банктің ұжымшар инспекторы қызметін атқарды.

1941  жылы әскерге шақырылды.  1943  жылы Ростовтағы артиллерия училищесін бітірді. 1944 жылы 24-26 маусымда 713-ші моторлы артиллерия полкінің командирі (29- атқыштар корпусы, 48-ші армия, 1-ші Белорус майданы) лейтенант Алексей Крахмаль батареясымен Колос, Скачки, Колотовка және Поболово елді мекендерін жаудан азат етуге қатысты.

1944 жылы 28 тамызда А.С. Крахмальға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Ұрысқа тұңғыш рет 1941 жылы «Огурец» биіктігін алу үшін кірді. Мұндай төбешіктер өте көп, алайда әр сүйем жер үшін шайқасқан кезде осындай төбешіктер мықты «жаңғаққа» айналып отырды. Танктің сүйемелдеуіндегі жау әскері «Огурец» төбешігіне шабуыл бастады. Зеңбірек қаруының командирі аға сержант Крахмаль оқ атуға бұйрық күтіп тұрды. Танктер үш жүз метр жақын келген кезде бұйрық беріліп, сарядтар  нысанаға дәл тиді. Бірінен соң бірі, жаудың бес танкісі отқа оранып, қалғаны кері шегінді.  Немістер артиллериядан оқ жаудырып, авиацияны көмекке шақырды. Төпелеген оқтан төбешікті қорғаушылар көп зардап шекті. Алекей Крахмальдің  зеңбірекшілер тобы қатардан шықты. Жау ес жидырмай қайта шабуылға шықты. Алексей өзіне оқ тиіп, зеңбіректің табанына құлағанша  жалғыз соғысты.

Госпитальдан шыққан соң аға сержант Крахмаль артиллерия училищесін бітірді. Кіші лейтенант дәрежесімен Уман полкінің өзі жүретін 713 артиллериясының «СУ-176» өздігінен жүретін артиллериялық қондырғы  батарея командирі болып оралды. Бұл кезде Корсунь-Шевченко шайқасы жүріп жатқан еді. Жаяу әскермен қатарласа отырып, батарея Колосы, Скачки, Колотовка, Поболово елді мекендерін жаудан азат етті.жауды тықсыра отырып, батарея Поболово селосының маңындағы өткелді тартып алып, плацдармды басып алды. Кіші лейтенант Крахмаль осы шайқаста өзінің өзі жүретін қаруымен 8 пушка, он пулемет нүктесін, 60-қа жуық солдат пен офицердің көзін жойды. Бір күні самоходкалар мина қойылған далаға тап болды. Крахмаль люкті ашып, жерге секіріп түсіп, маңайын барлай бастады. Бораған оқтың бірі кеудесіне тиіп, ауыр жараланды.  Бірақ ержүрек жауынгер тез арада оңалып бөліміне қосылды. Осы жолы Батырдың Жұлдызы кеудесінде жарқырап келді. Біздің әскерлер жауды өкшелете қуып, батысқа тереңдеп кірді. Шығыс Пруссия жерінде үлкен қарсылыққа тап болды. Кескілескен шайқаста жау снаряды «самоходкаға» тиді. Экипаж түгел қаза тапты. Жаралы әрі контузияға ұшыраған батарея командирі лаулап жатқан машинадан сыртқа шыққаны сол еді, үлкен жылдамдықпен келе жатқан танк қағып құлатты. Алексей Крахмаль госпитальда ес жиды, қолы, кеуде сүйегі сынған. Дәрігерлердің көмегі, өзінің  темірдей қажырлылығының арқасында бірнеше айдан соң Алексей қайтадан өз полкіне қосылды. Өзінің әскери жорығын А. Крахмаль батыс Германияда аяқтады. Соғыстан кейін Алексей Семенович Крахмаль Мәскеу қаласында тұрып, техникалық ақпарат орталық бюросының кино түсіру тобының директоры қызметін атқарды. Ленин 23.08.44), І(06.04.85, II-ші 28.02.44) дәрежелі Отан соғысы орденімен, медальдармен марапатталған.

1987 жылы 12 қаңтарда қайтыс болып, Мәскеудің Кунцево зиратында (участок 9-2) жерленген.

Әдебиеттер:

  • Шығыс Қазақстан облысы.Энциклопедия/ Бас ред. Б.Ө. Жақып. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2014.-Б.409-410.
  • Кеңес Одағының батырлары - шығысқазақстандықтар = Герои Советского Союза - восточноказахстанцы [Мәтін] : Мағлұматнама. - Өскемен : ШҚМУ, 2005. - 132 б.
  • Отан батырларын мадақтайды. [Мәтін] : Шығысқазақстандықтар - Кеңес Одағының Батырлары : фотоальбом / Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи ландшафтық мұражай- қорығы. - Өскемен : Медиа-Альянс, 2010. – Б.147.
  • Отан үшін от кешкен хас батырлар [Мәтін] : [даңқты  батыр, жерлестеріміз жайлы естеліктер] / А. Мұхаметжанов  // Рауан. - 2010. - 1 мамыр.- Б.2.

Интернет ресурстар: