Звание
"Герой Советского Союза"
Герой Советского Союза - высшая степень отличия СССР. Звание, которого удостаивали за личные или коллективные заслуги перед Советским государством и обществом, связанные с совершением геройского подвига или выдающихся заслуг во время боевых действий, а также, в виде исключения, и в мирное время.
Звание впервые установлено Постановлением ЦИК СССР от 16 апреля 1934 года, дополнительный знак отличия для Героя Советского Союза - медаль "Золотая Звезда" - учреждена Указом Президиума Верховного Совета СССР
от 1 августа 1939 года.
Тоқтаров Төлеген (1920-1942) - Кеңес Одағының Батыры.
3-Калинин майданының екпінді армиясы, генерал-майор Панфилов атындағы Ленин орденді 8-гвардиялық Қызыл Тулы атқыштар дивизиясының 23-гвардиялық атқыштар полкының автоматшысы, гвардияның қатардағы жауынгері.
1920 жылы 19 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Қарақұдық селосында шаруа отбасында дүниеге келген. 4 сынып бітірген. Лениногор полиметалл комбинатының Лениногор қорғасын зауытында рафинировщик болып жұмыс істеген.
1941 жылдан Қызыл Армия қатарында әскери міндетін өтеген. 1941 жылдың желтоқсанынан жаумен ұрысқа кірді.
1942 жылы Демян шабуылында ерекше көзге түсті. 23-гвардиялық атқыштар полкының автоматшысы (8-гвардиялық атқыштар дивизиясы, 3-екпінді армия, Калинин майданы) гвардия қызыл әскері Төлеген Тоқтаров Новгород облысының Нагаткино селосын азат етуде 1942 жылы 5 ақпанда алдыңғы қатарда селоға кіріп, автоматтан оқ жаудырып, жеті фашистің көзін құртты және екеуін тұтқынға алды.
Қазақ халқының ержүрек ұлы 1942 жылы 10 ақпанда ерлікпен қаза тапты. Бұл күні гвардия қызыл әскері Т.Тоқтаровтың окопына гитлершілердің тұтас взводы шабуылға шықты. Ержүрек жауынгер қоршаған жауға оқ жаудырды, совет жауынгерінің қырғын атысына шыдамаған бірнеше рет шегініп, қайта шабуылдады. Ұрыс кезінде гвардия қызыл әскері Төлеген Тоқтаров қатты жараланды, бірақ жаумен айқасын тоқтатпады. Патрон бітті. Әлі құрыған гвардияшыға қарай фашист офицері қарсы келді. Тоқтаров төзіммен орнынан тұрып жауға қарсы беттеді. Соңғы күшін жиып автоматтың дүмімен фашисті ұрып жықты. Бірақ оған басқа фашистің тағы бір оғы тиді...
Батыл гвардияшыл Новгород облысы Старорусс ауданының Бракловицы деревнясында жерленген.
1943 жылы 30 қаңтарда КСРО Жоғарғы Кеңесінің Жарлығымен неміс-фашист басқыншыларымен ұрыста әскери тапсырманы үздік орындап, ерлік пен батырлықтың үлгісін көрсеткен гвардия қызыл әскері Төлеген Тоқтаровқа Кеңес Одағының Батыры атағы беріліп, Ленин орденімен марапатталды.
Таврия ауданы Герасимовка селосына Батырдың мүсін-ескерткіші, Лениногорск қаласына – ескерткіш орнатылды. Қазақстанның Шығыс Қазақстан облысындағы Өскемен, Зайсан қалалары мен Новгород облысындағы Старая Русса қаласының көшелері Батыр есімімен аталады.
1947 жылы Қазақстанның даңқты ұлының құрметіне композитор А.Жұбанов композитор Л. Хамидимен бірге «Төлеген Тоқтаров» операсын жазды (М.О.Әуезов либреттосы).
Т. Тоқтаров туралы әдебиеттер
Литература о Т. Тохтарове
Шығыс Қазақстан облысы.Энциклопедия/ Бас ред. Б.Ө. Жақып. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2014.-Б.744.
Отан батырларын мадақтайды. [Мәтін] : Шығысқазақстандықтар - Кеңес Одағының Батырлары : фотоальбом / Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи ландшафтық мұражай-қорығы. - Өскемен : Медиа-Альянс, 2010. – Б.253.
Кеңес Одағының батырлары - шығысқазақстандықтар = Герои Советского Союза - восточноказахстанцы [Мәтін] : Мағлұматнама. - Өскемен : ШҚМУ, 2005. - 132 б.
Интернет ресурстар
Интернет-ресурсы