Звание
"Герой Советского Союза"
Герой Советского Союза - высшая степень отличия СССР. Звание, которого удостаивали за личные или коллективные заслуги перед Советским государством и обществом, связанные с совершением геройского подвига или выдающихся заслуг во время боевых действий, а также, в виде исключения, и в мирное время.
Звание впервые установлено Постановлением ЦИК СССР от 16 апреля 1934 года, дополнительный знак отличия для Героя Советского Союза - медаль "Золотая Звезда" - учреждена Указом Президиума Верховного Совета СССР
от 1 августа 1939 года.
Туров Федор Дементьевич (1910-1974) - Кеңес Одағының Батыры.
955-атқыштар полкі барлау взводының барлаушысы (309-атқыштар дивизиясы, 40-армия, Воронеж майданы), қызыләскер.
1910 жылы 2(15) мамырда Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында шаруа отбасында дүниеге келген. Орыс. 1944 жылдан КПСС/ВКП(б) мүшесі. 4 класс бітірген. Өскемен қаласы өрт сөндіру күзетінде ауысым бастығы, «Иртышгэстрой» тресінің өрт қауіпсіздігі жөніндегі нұсқаушысы, старатель жұмыстарын атқарды.
1932-1935 және 1941 ж. Қызыл әскер қатарында болды. 1941 жылдың тамыз айынан бастап Ұлы Отан соғысы майданына қатысты. 1941 жылдың күзінде Тула үшін шайқаста жараланып, госпитальда емделген соң, майданға оралады. Воронеж бағытындағы әскери іс-қимылдарға қатысты. Днепр үшін шайқаста ерекше көзге түсті (Чернигов-Припят операциясы. 1943 ж). Воронеж майданы 40-армия 309-атқыштар дивизиясының 955-атқыштар полкі барлау взводының барлаушысы қызыләскер Туров 1943 жылдың 22 қыркүйегі күні түнде Монастырек (қазіргі Киев облысы Ржищев қала типтес поселке аумағы) хуторы ауданындағы барлаушылар құрамында қарсыластар жаудырған оқ астында Днепрден өтуге қатысты. Ол жау траншеясына бірінші болып кіріп, граната астына алды, шегінген фашистерге қарсы пулеметтен оқ жаудырды. Осы соғыста ол жаудың 27 солдаты мен 1 офицерінің көзін құртты. Басып алынған плацдармда жаудың үш контратакасына қатысады. Бетпе-бет ұрыста Ф.Д.Туров тағы да он жау солдатының көзін жойды. Барлаушылар жаулап алынған позицияны негізгі күш келгенше ұстап тұрды.
1943 жылғы 23 қазанда СССР Жоғарғы Кеңесінің Жарлығымен неміс-фашист басқыншыларымен ұрыста көрсеткен ерлігі мен батырлығы үшін қызыләскер Туров Федор Дементьевичке Кеңес Одағының Батыры атағы беріліп, Ленин ордені және «Алтын жұлдыз» медалімен марапатталды. Федор Туровтың жау тылындағы барлаушылық әрекеті аз емес. Оның әкелген «тілдері» біздің командование үшін көп құнды ақпарат берді. Польша мен Германияны жаудан азат етуге қатысты.
1945 жылы 24 маусымда 2-Украин майданының жинақты полкінің құрамында Қызыл алаңда Жеңіс Парадына қатысты. 1945 жылы желтоқсан айында әскерден оралды. Ол өзі туып-өскен жерде өмір сүрді. Өскемен қаласы қорғасын-мырыш комбинатында электролиз кезекшісі жұмысын атқарды. 1960 жылдан бері – зейнеткер. 1974 жылы 2 ақпанда қайтыс болды.
Ленин, Қызыл Жұлдыз ордендерімен, медальдармен марапатталған.
1986 жылы Өскемен қаласының бір көшесіне Ф.Д.Туров есімі берілді.
Ф. Д. Туровтуралы әдебиеттер
Литература о Турове Ф. Д.
Герои Советского Союза казахстанцы : Сборник документов и материалов: В 1 т. - Алма-Ата :КазОгиз, 1945. – с. 317-318.
Васильев, Д. У бывших фронтовиков: [о Героях Советского Союза П. Миллере, Ф. Турове] / Д. Васильев // Знамя коммунизма. - 1958. - 9 мая. - С. 2.
Герои Советского Союза: историко-статистический очерк / Д. Н. Артамонов [и др.] ; ред. И. Н. Шкадов. - М. : Воениздат, 1984. - с.611 – Т.2
Герои Советского Союза, работавшие на комбинате: [о Герое Советского Союза Ф. Д. Турове] // Металлург. - 1989. - 6 мая.
КеңесОдағыныңбатырлары - шығысқазақстандықтар = Герои Советского Союза - восточноказахстанцы: Мағлұматнама. - Өскемен :ШҚМУ, 2005. –с.113.
Отанбатырларынмадақтайды: Шығысқазақстандықтар - КеңесОдағыныңБатырлары : фотоальбом / ШығысҚазақстаноблысыныңәкімдігі, ШығысҚазақстаноблыстықсәулет-этнографиялықжәнетабиғиландшафтықмұражай-қорығы = Родина награждает отважных : Восточноказахстанцы - Герои Советского Союза : фотоальбом / Акимат Восточно-Казахстанской области, Восточно-Казахстанский областной архитектурно-этнографический и природно-ландшафтный музей-заповедник ; сост. Н. В. Крутова. - Өскемен : Медиа-Альянс, 2010. - 290 с.
Интернет ресурстар
Интернет-ресурсы
Документы о наградах и присвоеном звании Героя Советского Союза