Звание
"Герой Советского Союза"
Герой Советского Союза - высшая степень отличия СССР. Звание, которого удостаивали за личные или коллективные заслуги перед Советским государством и обществом, связанные с совершением геройского подвига или выдающихся заслуг во время боевых действий, а также, в виде исключения, и в мирное время.
Звание впервые установлено Постановлением ЦИК СССР от 16 апреля 1934 года, дополнительный знак отличия для Героя Советского Союза - медаль "Золотая Звезда" - учреждена Указом Президиума Верховного Совета СССР
от 1 августа 1939 года.
Харин Михаил Терентьевич (1923 - 1991) - Кеңес Одағының Батыры.
176-гвардиялық Измайловский атқыштар полкінің барлаушысы (59-гвардиялық атқыштар дивизиясы, 46-армия, 2-Украина майданы), Қызыл Армия гвардиясы.
Михаил Терентьевич Харин 1923 жылы 18 қыркүйекте Снегирево селосында (қазіргі Алтай ауданы Шығыс Қазақстан облысы) дүниеге келген. Білімі жеті жылдық. Колхозда жұмыс істеген.
1942 жылы Қызыл Армия қатарына шақырылған. 1944 жылы Харин Михаил Терентьевич 59-шы атқыштар дивизиясының 176 гвардиялық атқыштар полкінің взвод барлаушысы қызметін атқарған. Жауынгерлік жолы Доннан Дунайға дейін жеткен.
1944 жылы 4 желтоқсанда Дунайдан өту кезінде ерекше көзге түсті. Хариннің басшылығындағы барлаушылар тобы алғашқылардың бірі болып өзеннен өтті. Будапешт қаласында жасалған шабуылға қатысты. Барлаушы неміс әскерлеріне қарсы шығып, алты пулеметшіні, миномет батареясын, көптеген гитлершілердің көзін жойды, бөлімге талай «тіл» жеткізді. Михаил Харин жеке өзі 14 фашисті өлтіріп, сегізін тұтқынға алды. Плацдарм был захвачен почти без потерь. Удерживая его, гвардейцы отбили четыре яростные контратаки. Оставшись один, Харин еще больше часа вел неравный бой до подхода подкрепления, уничтожив еще 11 гитлеровцев. Плацдармды кеңес әскерлері шығынсыз алды. Негізгі күш келгенше оны ұстап тұру қиынға соқты. Гвардияшылар жаудың төрт шабуылына төтеп берді. Жалғаз қалған М. Харин тағы бір жарым сағат қарсыласып, 11 гитлершілдің көзін жойды.
Соңынан өзінің полкінің құрамында Будапешті азат ету операциясына қатысты. ( Венгрияны азат ету. Будапешт операциясы.1944 ж). Басқа барлаушылармен бірге Будапешт қаласының ортасында неміс генералы отырған автомашинаны тура атып, генералды тұтқынға алып, әскери бөлімге жеткізді.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1945 жылғы 24 наурыздағы Жарлығымен әскери тапсырманы үздік орындап, ерлік пен батылдықты көрсеткені үшін Харин Михаил Терентьевичке Кеңес Одағының Батыры атағы беріліп, Ленин ордені мен «Алтын Жұлдыз» медалі тапсырылды (N4762).
Соғыстан кейін армия қатарында қызмет етті. 1950 жылы кіші лейтенант курсын, 1954 жылы –команда құрамын жетілдіру курсын, 1961 жылы М. В. Фрунзе атындағы әскери академияны бітірді. 1969 жылдан бастап Харин Михаил құрметті демалыста болды.
Молдавия ССР-і, Тираспол қаласында тұрды (қазір Молдавия Республикасының Приднестровский астанасы). «Триаспольтранс» бірлестігінде жұмыс істеді. 1991 жылы 15 желтоқсанда қайтыс болды. Тирасполь қаласындағы «Дальнее» зиратына жерленген. Одесса облысы Измаила қаласының және Молдавия Республикасының Тирасполь ауданының Копанка селосының Құрметті Азаматы.
М. Т. Харин туралы әдебиеттер
Литература о Харине М. Т.
Кеңес Одағының батырлары - шығысқазақстандықтар = Герои Советского Союза - восточноказахстанцы: Мағлұматнама. - Өскемен: ШҚМУ, 2005. – с.4.
Отан батырларын мадақтайды. [Мәтін] : Шығысқазақстандықтар - Кеңес Одағының Батырлары : фотоальбом / Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи ландшафтық мұражай- қорығы. - Өскемен : Медиа-Альянс, 2010. – Б. 267.
Интернет-ресурстар
Интернет-ресурсы